№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет4/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

Абай БОЛСЫНОВ

Қостанай облысы

Жақында Оңтүстік Қазақстан 

облысы,  Сарыағаш  ауданы, 

Дербісек  ауылындағы  бір  емші 

туралы естіп, барып қайттым. Ал-

ғаш қы  күндері  емші  Нұрдəулет 

Жұма ділдаевқа күмəнмен қарап, 

«Мен сіздің қолыңыздың биотогы 

бар екеніне сенбеймін», деп ашық 

айттым. Емшінің бұл жөнінде ар-

найы дипломы бар екен. Əйтсе де 

менің көзімді жеткізбек болып ол 

үстел үстіндегі градусникті қолына 

алып еді, бес минөттен кейін əлгі 

градусниктің жылуы 39-ға жетті. 

Сосын қолын бауы рым ның тұсына 

қойды. Қолы ти ген жері кəдімгідей 

ысып, қыза жөнелді. Өмір бойы 

партия қы зметінде болып, атеистік 

тəр бие алғандықтан мұндай құбы-

лысқа  еш  сенбейтінмін.  Емші 

Нұрдəулеттің бұл қасиеті күмəнім-

нің бəрін жоқ қылды.

Нұрдəулеттің тағы бір қасиеті 

өте  сабырлы,  асықпайды.  Ол 

бір  рух тың  желеп-жебеп,  тыл-

сым күш ке ие болатынын, еркі-

нен тыс əре кетке бармайтынын, 

бə рін  тек  аян  білдіру  арқылы 

орын дайтынын айтады. Қазір со-

нау Қостанай, Ақмола, Алматы, 

Жам был  облыстарынан  көрші 

Өзбек стан,  Қарақалпақстан  ел-

дері нен  келіп  емделушілер  бар. 

Өзім емделген бір айдың ішінде 

17 кісі нің əр түрлі кеселінен жа-

зылып,  үйлеріне  күліп-ойнап 

қай тып  бара  жатқанын  көріп, 

Нұр дəулет емшіге деген сенімім 

беки  түсті.  Сарыағаш  ауданы, 

Қара бұлақ  ауылының  тұрғыны 

Салавар Əбдіхалыққызының сал 

боп  қалғанына  біраз  жылдың 

жүзі болған екен, 20 күн ем алған 

ол  үйіне  бір  таяққа  сүйеніп,  өз 

аяғымен қайтты. Осы хатты Нұр-

дəулет емшінің шапағатын көр ген 

жан ретінде басқаларға да ши пасы 

тие берсін деген ниетпен жазып 

отырмын. «Ауруды берген Алла 

емін де береді», деген. Лайым осы 

сөз өмірден өз көрінісін тапсын.



Қамбарбек ІҢКƏРБЕКҰЛЫ,

соғыс жəне еңбек ардагері

Жамбыл облысы

...сенім артады

Жол жґнделсе дейміз

1991 жылы Семей полигоны 

жабылған соң, Абыралы ауданы 

қайта  құрылды.  Ал  1992  жылы 

Елба сы бекіткен «Семей ядро лық 

сынақ  полигонындағы  ядролық 

сынақтар  салдарынан  зардап 

шеккен азаматтарды əлеуметтік 

қорғау туралы» заң қабылданды.

Бүгінгі таңда Абыралы жұр-

ты Үкі меттің түрлі бағ дар лама-

лары  на байланысты қабылдаған 

жоба лардың көмегін көріп отыр. 

Десек те қазіргі таңдағы ең бас-

ты  да  өзекті  мəселе  жол  дер 

едік.  Қай нар  –  Семей  тасжолы 

280  ша  қы рымды  құрайды.  Ол 

респуб ликалық  деңгейдегі  ең 

маңызды  күре  жолдардың  бірі. 

Семей – Қайнар тасжолы арқылы 

3 об лыстың – Шығыс Қазақстан, 

Қа ра ғанды, Павлодар халқы қа-

рым-қатынас  жасайды.  Астана 

мен  Семейге  осы  жермен  жүру 

кезінде тиімді болған. Оның бой-

ында  Абай  ауданына  қарасты 

Саржал,  Қызылту  ауылдары, 

бұрынғы  Шұбартау  ауданының 

ауылдары  мен  Абыралы  ауда-

нына  қарасты  алты  ауыл  ор-

наласып,  бір-бірімен  осы  жол 

арқылы қатынас жасайды. Өңірде 

теміржол,  əуе  қатынасы  мен  су 

қатынасы  əуелден  болған  емес. 

Барлық тіршілік, қарым-қа ты   нас 

тікелей осы тасжол ар қы лы жа-

салады.  Бүгінде  Семей-Қай нар 

тасжолы мүлдем жүруге жарам-

сыз, сын көтермейді. Осы атал-

ған  іс-шара  қолға  алынса,  ауыл 

тұрғындары  атынан  алдын-ала 

ри за шылығымызды білдірер едік.

Нұрқасым ƏЖІТАЕВ

Шығыс Қазақстан облысы,

Қайнар ауылы

Қарғалы өзенін Ақтөбе қала-

сы ның  тұрғындары  мақтаныш 

тұта ды.  Қаламен  іргелес  ағып 

жат қ ан өзен маңы жанға жайлы, 

таби ғаты  көркем  ерекше  жер. 

Осы  бір  тұмса  табиғат  аясында 

«Ақбөбек» балалар демалыс лагері 

орналасқан.  Жаздың  басталу-

ын күткен  балалар сонда баруға 

асығады. Олар үшін ең қызықты да 

думанды шақ енді басталғандай. 

Бір-бірімен жақын танысып, дос-

тасып та үлгерген. Лагерь аула-

сы  мұнтаздай  тап-таза,  жасыл 

желек жайқалып тұр. Бұл жерде 

қа ла ның адамды мезі етер у-шуы-

нан алыстап, жұтқан бір жұтым 

ауаның  да  балдай  тəтті  дəмін 

сезінгендей  боласың.  Лагерьдің 

ашылу салтанатына балалардың 

ата-аналары  да  көп  жиналды. 

Жиналғандар  алдында  балалар 

мен  олардың  тəлімгерлері  өз 

өнер лерін көрсетіп, түрлі ойын-

дар өткізді. Əдемі əуен ырға ғын-

да тəлімгерлер де би билеп берді. 

Кішкентай  балуандар  өз  өнер-

лерін көрсетсе,  парктің нұс қау -

шылары шеберлік сыныбын өт-

кізіп көпшілікті тəнті етті. Əн мен 

жырға, биге толы өткен лагерь дің 

алғашқы  маусымының  ашылу 

салтанаты демалуға келген бала-

лар дың есінде ұзақ уақыт бойы 

сақталып қалатындай əсерлі өтті.



Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА

Ақтөбе облысы

Балалар «Аќбґбекте»

ќауышты

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бірақ та 11 жыл бойы жина ған 

білімдерін  сын  сағатта  дəлелдей 

алмай,  опық  жегендері  де  бар-

шылық.  Жаз  сайын  жоғары  оқу 

орындарының алдында үнемі жа-

стар, ығы-жығы халық. Біреулері 

тестің теперішінен өтіп, бола шағына 

бағдар болатын ма мандықты таң-

дауға  келген  жет кіншектер.  Ал 

біразы  қалаған  мамандығына 

құжатын  тапсырып  қойғанымен, 

түсер-түспесін  білмей  дал  болса, 

енді  бірі  əлі  күнге  дейін  қандай 

мамандық таңдарын білмей, яғни 

таңдай  алмай  жүргендер.  Себебі 

бірі ҰБТ-дан жинаған балына қарап 

жалтақтаса, бірі бөлін ген грант са-

нына қарап тосылады. Бірақ ешкім 

де: «Бүгінгі күнде қай мамандыққа 

сұраныс жоғары?», «Қазаққа мына 

заманда қандай маман  дық қажет?» 

деген сұрақтарға бас ауыр тып жат-

пайды.  Ал  ата-ана  болса  «балам, 

əйтеуір  оқып,  қолына  дип ломын 

алса болды, əрі қарай көре жатар-

мыз» деп ойлайтыны рас. 

ЖАСТАР ТАҢДАУДЫ 

ДҰРЫС ЖАСАЙ АЛА МА?

Мамандық таңдау адам тағды-

рында  көп  нəрсені  шешетін-

діктен,  оған  атүсті  қарауға  бол-

майды. Бұл жөнінде студент Асыл 

Оспанғалиева былай дейді:

– Алдымен өз қызығушы лығы-

ңызға назар аударыңыз. Немен ай-

на лысқанды қалар едіңіз? Мек тепте 

қандай  пəндер  ұнады?  Бос  уа қы-

тыңызда немен айналысқан ды жақ-

сы көресіз? Еліме, Отаныма адал 

қызмет етсем, қоғамды өркендетсем 

деген ойлар болуы керек. Көп нəрсе 

адамның  бейімділігіне  байланы-

сты. Біраз уақыттардан кейін бұл 

таңдаған мамандығым тиімді бола 

ма? Жəне көптеген ақпараттарды 

пайдалана отырып, болашақ маман-

дығыңыз  туралы  мəлімет  жи-

нақ тауға  тырысыңыз.  Таңдаған 

маман дығыңыздың иелерін жұмыс 

үстінде  көріп,  мəселен,  зауыт-

тар  мен  түрлі  кəсіпорындардағы 

техникалық  мамандықтар  жайлы 

əуел бастан таныса берген жөн.

Айнұр  Бəкенова,  Бесқарағай 

ауда нынан  келген  жас:  «Мен 

Семей дегі бизнес колледжін бітір-

ген мін.  Мамандығым  бойынша 

жұмыс  таба  алмадым.  Қазір  от-

басылы  болған дықтан,  дүкенде 

сатушы  болып  істеп  жатырмын. 

Əйтеуір балаларымның қарны тоқ, 

осы күніме де разымын».

Нарбек Əпсəметов, Бородулиха 

ауданы ның тұрғыны: «Мен жастай-

ымнан спортқа жақын едім. Бірақ 

ата-анам экономист бол деген соң, 

оларға  қарсы  келмей  осы  маман-

дықты  таңдап  оқып  жатырмын. 

Қателестім бе, жоқ па оны болашақ 

көрсетеді».

НАРЫҚТЫҢ ТАЛАБЫ 

МЕН СҰРАНЫСЫНА

 НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Болашақ  мамандығыңыздың 

еңбек  нарығында  қаншалықты 

бағаланатынын  білу  де  пайдалы. 

Қарапайым  жол:  бос  орындарға 

жарияланған  байқауларда,  ин-

т ер неттің  еңбекке  орналасты-

ру  сайтын да  қандай  мамандарға 

сұ ра ныс  бар  екендігін  қараңыз. 

Ар на йы  агенттіктер  жүргізген 

бол жам дардың  да  маңызы  зор. 

Осы мəліметтерді ескере отырып, 

таңдаған  мамандығыңызға  қай 

жоғары оқу орнында, қалай даяр-

лайтынын  анықтаңыз.  Жүсіпбек 

Аймауытов  былай  деген  екен: 

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ 

мұның  кез  келгеніне  икемділік 

қажет.  Бұл  –  жай  күнелту,  тамақ 

асыраудың  жолы  емес,  үлкен 

өнерді,  зор  шеберлікті  қажет 

ететін нəрсе. Кімде-кім өзіне біткен 

ыңғайына қарай өз жолымен қызмет 

етсе,  өз  басына  да,  əлеуметке  де 

үлкен пайда келтірмек. Өз орнын-

да  іс теген  адамның  жұмысы  да 

өнімді, бе ре келі болмақ, əр өнер, 

əр қызмет мем лекетке, əлеуметке 

қажет». Бір оқу орнын бітіріп алып, 

табақтай  дип ломмен  жұмыссыз 

отыру  күйкі  көрініс.  Ал  бүгінгі 

жастардың дені заңгер, экономист, 

қала берді, кеден ші болуды арман-

дайды.  Құры лыс шы,  сантехник, 

токарь  боламын  деп  ешқайсысы 

ұмтылмайды.  Шынында  да 

заңгерлер, экономис тер басқаларға 

қарағанда  ақшаны  жақ сы  табар, 

бірақ барлығының осы салада жолы 

болып кетуі неғайбыл.



ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ

ИЕЛЕРІ СҰРАНЫСҚА ИЕ?

Бүгінде əркімді толғандыратын 

нəрсе: жастар осы болашақ маман-

дығын дұрыс таңдай біле ме екен? 

Бірақ  жастарымыз  жақсы  маман 

иесі  болсам  деп  ойлай  бермейді. 

Көбінесе  диплом  алып  шықсам 

болды дейді. Бұл ретте мамандыққа 

деген  сүйіспеншілік  пен  ықылас 

айдалада  қалып  тұрғаны  рас. 

Қазақстандықтар үшін ең қажетті 

мамандықтардың қатарында энер-

гетик, құрылысшы, геолог, радио-

техник,  инженер,  мұнай  мен  газ, 

кен  ісі  сынды  мамандықтар  ата-

лып жүр. Маман иелері ғана емес, 

білікті мамандар керек. Олар жас-

тарды  оқытып-жетектеп  əкетуі 

қажет.  Елімізде  Индустриялық-

ин но  вациялық даму бағдарламасы 

қолға алынғалы техника маманда-

рына деген зəрулік байқалады.

–  Қай  кезде  болса  да,  ауыл 

шаруа  шы  лы ғының мамандары аса 

қажет,  –  дейді  семейлік  ғалым-

про фессор,  «Радио экологиялық 

зерт теу лер ғылыми орталығының» 

жетек шісі Серғазы Дүйсембаев. – 

Мал  дəрі герлерін,  агрономдар ды 

көбірек  даярлау  керек.  Мəселен, 

зоо  тех ник,  веттехник,  сауыншы, 

жыл    қы шы – бұлардың барлығы да 

қазақ   қа керек мамандық», – дейді 

ол.


«Əсемпаз  болма  əр  неге, 

Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір 

кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар 

қалан», – деп ұлы Абай айтқандай, 

адамның өмірден өз орнын тауып, 

қоғамға еңбек сіңіруі басты мəселе.

Құрылысшы  Бекет  Мəкетов 

өзіндік  өмір  тəжірибесін  ортаға 

сала келе былай дейді: «Бұл күндері 

елімізде техникалық жəне кəсіптік 

білімі  бар  мамандарға  сұра ныс 

жоғары. Əсіресе, сантехник, элек-

трик, дəнекерлеуші, механик, ағаш 

ұстасы,  слесарь,  токарь  маман-

дары  тапшы.  Мұның  себебі  мек-

теп  бітірген  оқушылар дың  көбі 

кəсіптік  оқу  орындарына  барғы-

лары келмейді, менсініңкіремейді. 

Себебі,  құрылыста  жұмыс  ауыр, 

ақшасы көп емес. Құрылыс сала-

сында жұмыс атқарып жүр геніме 

отыз  жылдан  асты.  Бірге  жұмыс 

істейтіндердің көбі, ең жас дегені 

40-45  жас  шамасында.  Біздің  де 

зейнетке шығатын уақытымыз ке-

лер,  сонда  біз  атқарған  жұмысты 

жалғастыратын  білікті  маман  ке-

рек емес пе?

Ал математика мұғалімі Еркен 

Əбді разақов  былай  дейді:  «Мен 

мектепте оқып жүргенде мұғалімдер 

көбіне  ер  адамдар  еді,  енді  міне, 

ұстаздар қауымы өңкей əйел адам-

дар. Кейде келген жас ұстаздардың 

баламен жұмыс жасауға тəжірибесі 

жетпей  жатады.  Жұмыс  істеуге 

икемдері жоқ, өз мамандықтарын 

толық  игермеген.  Сондықтан  да, 

мұғалім мамандығына ер балалар 

көбірек  тартылса  деген  ойымыз 

бар.  Жəне  жастар  өкінбес  үшін, 

оқушыларға  мамандық  таңдауда 

дұрыс  бағыт-бағдар  беретін  іс-

шаралар жиі өтіп тұрса екен. Мектеп 

қабырғасында болашақ мамандық 

таңдауға қатысты жүргізілетін кəсі-

би бағыт-бағдар беру іс-шара лары 

өткізілгені дұрыс.

Заман талабына сай өмір сүру 

керек, соған сай жаңа мамандықтар 

қажет. Қазір гі уақытта жастардан 

шетел  тілін  білу,  компьютерді 

жоғары деңгейде қолданып, оның 

əртүрлі  бағдарламаларын  игеру 

талап етіліп отыр. Нанотехнология 

дамыса,  оны мен  бірге  химия лық 

биология,  биотехнология  өріс 

алады.  Өйткені,  олар  бір-бірі мен 

тығыз  байланысты.  Əрбір  мем-

лекет тің  келешегі  ең  алдымен 

мек теп  қабырғасында  қаланып, 

шың далатыны  рас.  Сондықтан 

да,  елі міздегі  мектептеріміз  бен 

тех ни ка лық  жəне  кəсіби  білім 

беру  мен  мектепке  дейінгі  білім 

беру  ұйым дарында  білім  беру 

қызметінің  сапасын  арттыру, 

жүйелі проблемаларды айқындау, 

оны  шешудің  тиімді  жолдары 

секілді  мəселелер  əрқашан  да 

өзекті.  Тəуелсіз  Қазақстанның 

отандық білім беру жүйесінің басты 

міндеті – адами капиталды дамыту 

арқылы  Қазақстанның  əлемдегі 

бəсекелестігін арттыру. Сонымен 

қатар,  мамандықтарды  даярлауда 

колледждер, жоғары оқу орын дары 

нарықтың, жұмыс берушінің сұра-

нысына қарап, бірлесе жұмыс істеуі 

қажеттігі  де  соңғы  кездері  қол ға 

алына бастағаны көңіл қуантады.

СЕМЕЙ



 Көкейкесті

Елімізге ќандай мамандар ќажет?



 Талап жəне тəртіп



 Еңбегімен еленген



 Айтайын дегенім...

Прокурорлыќ 

ќадаєалау ќайда?



Өткен  аптадағы  Үкімет  отырысында 

Денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік  даму 

министрі Тамара Дүйсенова республикадағы 

кəсіпорындардың өз жұмысшыларына жалақы 

қарызы  1  миллиард  600  миллион  теңгені 

құрай тынын айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Сондықтан  жоғарыдағы  жаңалық-

қа  экологиямен  айналысатын  əртүрлі 

қоғам дық ұйымдар мен ғылыми мекеме-

лер, өзге де табиғат жанашырлары елең 

еткені күмəнсіз. Алайда, бұл комитеттің 

өзіне  жүктелген  міндеттерді  абырой-

мен  атқарып,  халықтың  үмітін  толық 

ақтай  алатынына  сенім  аз.  Өйткені, 

министрліктегі өзінен қызметі мен лауа-

зымы жоғары басшыларға тəуелді коми-

тет  басшысы  дербес  шешім  қабылдай 

алмайтынына ешкім дауласа алмайды. 

Осы арада Қазақстанның қазіргі таңда 

Еуразиялық  экономикалық  одақтағы  5 

елдің ішінде қоршаған ортаны қорғауға 

арналған министрлігі, не арнайы құрыл-

ған  агенттігі  жоқ  жалғыз  ел  болып 

отырғанын  айта  кеткен  артық  болмас. 

Мəселен,  Ресейде  Табиғат  ресурстары 

жəне экология министрлігі, Беларусьте 

Орман министрлігі, Арменияда Табиғат ты 

қорғау министрлігі, Қырғыз станда Үкімет 

жанындағы  Қоршаған  ортаны  қорғау 

жəне орман шаруашылығы мемлекеттік 

агенттігі бар. Ал Қазақстан да Қоршаған ор-

таны қорғау министр лігіне қатысты қызмет 

түрлері бір емес, бірнеше министрлікке 

бөлініп берілген. Сондықтан қоршаған 

ортаны  қорғау  мəселесінде  олардың 

көзқарасы мен ұстанымы «аққу, шортан, 

шаянның» кейпін еске түсіреді. 

ХХІ ғасырда əлемнің дамыған елдері 

жер  қойнауындағы  минералды  қазба 

бай лыққа емес, ондағы өсімдіктер мен 

жан-жануарлар дүниесінің қорғалуына 

көбі рек көңіл бөліп жатқанын ескерсек, 

қазір гі жағдайымызбен бəсекеге қабілетті 

озық  30  елдің  қатарына  қосылуымыз 

үшін əлі көп жұмыс жасауымыз керек. 

Бұл бағытта түрлі заңнамалар қабылдап, 

халық ара лық  жəне  əлемдік  деңгейге 

көтеріп жат қан елдердің тəжірибесін зер-

теу қажет. Басқасын айтпағанда, дəрілік 

жəне өзге де өнеркəсіптік маңызы жоғары 

өсімдіктер дүниесінің қорғалуы бізде əлі 

көңіл көншітпейді. Нарықта құны валю-

тамен бағаланатын көптеген өсімдіктер 

заңсыз айналымға түсіп, шетелдіктердің 

табыс  көзіне  айналғанын  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  айтудай-ақ  айтып, 

жазудай-ақ жазып келе жатыр. Алайда, 

оған құлақ түріп, жауап берген құзырлы 

орган өкілдерінің үнін естіген ешкім жоқ. 

Кейбір мамандардың айтуынша, Қазақ-

стан қоршаған ортаны қорғау бойын ша 

кейбір  заңнаманы  қабылдау  жағынан 

да көршілес елдерден кейін келе жатыр. 

Мəселен, елімізде əлі күнге дейін «Өсім-

дік жамылғысын сақтау» заңы жоқ. Сон-

дық тан əлемде сирек кездесетін немесе 

елі міз олардың отаны саналатын көптеген 

өсім дік тер шикізат ретінде ғана емес, оны 

өсіріп, көбейтіп, зерттеу үшін аса құнды 

ген дік материал тұрғысынан да жеткілікті 

дең гейде қорғауға алынбаған көрінеді. 

Мысалы, қызғалдақ пен алманың тарихи 

отаны саналатын Қазақстан қызғалдақты 

Ни дер ланд, алманы Польшадан экспорт-

тайды.  Өркениетті  өзге  елдер  əлемде 

теңдесі жоқ осындай бірегей дүниелері 

болса, оны өз мемлекетіне алып барып, 

көбейтіп, өзгелерге сатып табыс тапқан-

дардан белгілі бір мөлшерде алым ала-

ды. Біз неге олардан үлгі алмаймыз? Оны 

жүзеге асыруға кім кедергі болып отыр?



Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

АЛМАТЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Директордың  орынбасары  Павел 

Кавун диірмен тартқышының қабырғасы 

үлкен  диаметрлі  болғандықтан,  ондай 

тапсырыстан «Қазцинкмаш» ЖШС-нің 

бұрын бас тартып келгенін айтады.

– Алайда, кəсіпорын басшысы Алек-

сандр  Анчугин  бізге  нақты  тапсыр-

малар  жүктеді.  Бұл  міндетті  күрделі 

болса  да,  жоғары  деңгейде  орын даға-

нымызға  мақтанамыз.  Аталған  жобаға 

құрастырушылар,  құюшылар,  метал-

лургтер, тері өңдеу мамандарынан құрал-

ған ұжымның барлық мүшесі қатысты, 

–  деді  ол.  Оның  айтуынша,  бірегей 

бөлшектің қабырғасын 4 бөліктен дай-

ындады. Күпшегі бөлек, негізгі – жабық 

бөлігін құйғаннан кейінгі өңдеу, алдын 

ала дəнекерлеу, ыстық қысыммен тек-

серу  əдісімен  түпкілікті  жалғау  жəне 

өңдеу  жұмыстары  бөлек  жасалды. 

Кəсіп орынның бас металлургі Кəмілхан 

Мырзатаев  бұдан  басқа  да  көптеген 

жұмыс  тар атқарылғанын жеткізді. Мəсе-

лен,  алып  бөлшек  кəсіпорынның  қақ-

пасына  сыймағандықтан,  оны  тасы-

малдаудың арнайы жобасы жасалды. Ең 

бастысы, тапсырыс берушіге дер кезінде 

жеткізілген өнімнің жаңа түріне ресейлік 

өнеркəсіпшілер де қызығушылық таны-

тып отыр. 

Сондай-ақ,  тағы  бір  жаңа  дүние  – 

VEREX-2015 сорғышы. Өткен жылдың 

желтоқсан айында алғашқы данасы сы-

нақтан өткен бұл өнім барлық қырынан 

əлемдегі аналогтарынан кем түспейді. 

– Біз импортты алмастыратын жоба-

ларды батыл қолға алудамыз. Өйткені, 

бас  кəсіпорынның  өндірісті  кеңейту, 

табысты  арттыру,  тиімділікті  көтеру 

тұрғысынан жан-жақты қолдауы бар. Осы 

жылы тау-кен металлургиялық өнеркəсібі 

кəсіпорындарында  жоғары  сұра н ысқа 

ие сорғыш құрылғылар паркі нің барлық 

желісін игеруді жоспар лап отырмыз. Айта 

кетерлігі,  біздің  насос  тары мыз  сапасы 

мен бағасы бойынша танымал фирмалар-

мен лайықты бəсе келес бола алады. Тіпті, 

шетелдік өнім дер ге қарағанда əлдеқайда 

сапасы жоғары, құны арзан болып келеді, 

– деді А.Анчугин.

Ағымдағы  жылдың  ақпан  айында 

кəсіпорын басшылығы ERG (Қазхром) 

компаниясымен кеніш электровоздарын 

тасымалдауға  келіссөз  жүргізді.  Оның 

ішінде бес машина биыл наурыз айында 

тапсырыс берушіге жеткізілді. Риддерлік 

машина  жасаушылардың  жоспарында, 

канадалық əріптестермен бірге өзі жүретін 

техника өндірісін жолға қою бар. Таяуда 

Англиядан  келген  танымал  фирманың 

өкілдері  де  ТМД  тұтынушыларына 

арналған сапалы насостарды əзірлеудегі 

серіктестік туралы сөз қозғады. Ал Ресей 

мен Швециядан келген компаниялардың 

өкілдері тау-кен шахталары мен байыту 

құрал-жабдықтарының біріккен өндірісін 

құруға  дайын  екендіктерін  мəлімдеді. 

Қазіргі кезде «Қазцинкмаштың» əлемде 

30-дан астам серіктестері бар. Мəселен, 

кəсіпорын General Electric тасымалдаушы-

сы ретінде аттестатталғанын айта кетсек, 

артық болмас. 

«Қазцинкмаш»  ЖШС  жетекшісі 

Алек сандр Анчугин ағымдағы жыл дың 

өндіріс орны үшін импортты алмас  тыру-

да  бетбұрыс  жылы  болары на  сенім ді. 

Өйткені,  əлемдік  экономи ка ның  тұра-

лау  жағдайында  зауытта  батыл  жо ба-

лардың  қолға  алынуына,  кəсіп орын-

ды  тұрақты  түрде  дамыту  мүм кін  дік -

терінің  қарастырылуына  көңіл  бөлін -

ді.  Сондай-ақ,  жұмысшылардың  пікірі 

де зауыт басшылығына оң екенін айта 

кетелік. Александр Анчугин үлкен іске 

ұжымды  жігерлендіріп  қана  қой май, 

өзіне қосымша жауапкершілік жүк теді. 

Осылайша, еңбек ұжымын жаңа биікті 

бағындыруға  шақырады.  Ол  –  маши-

на  құрылысы  саласындағы  тың  бас-

та малардың  қозғаушысы,  жігерлі  əрі 

көреген жетекшілерінің бірі. Бұл – сал-

мағы ауыр міндеттерді орындауда əр қа-

шан көмектесетін қасиет.



Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы

БЕТБЎРЫС


«Ќазцинкмаш» ЖШС импортты 

алмастыратын ґнім ґндіруде

Экологияны экологтарєа 

ќайтару керек



9 шілде 2016 жыл

5

www.egemen.kz

Елді қорқытып билеме,  оқытып биле. 

Əйтеке би

Бүгінгі ғылыми айналым мен сая сатта 

экстремизмнің себептеріне байланысты екі 

бағыттағы пайым басымдыққа ие. 

Ең  алдымен  бізде  жиі  қолданы латын 

жəне  исламға,  басқа  дін дер ге  көлеңке 

түсіретін «діни экст ремизм» термині тура-

лы. Бүгін əдебиетте «зорлықшыл экстре-

мизм» терминін қолданғанды жөн көреді. 

Ал  «исламдық  экстре мизм»  термині  тек 

ресейлік жəне қазақ стандық авторлардың 

оқу лықтары мен оқу құралдарында сақ та-

лып, бірте-бірте күнделікті қол да ныс аясы-

нан ығыстырылу үстінде. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет