5. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тəртібі
24. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында
көрсетіледі. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нəтижесінде сатып алған мүлік;
3) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында тыйым
салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
25. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады жəне жедел басқа ру құқығында
оған тиесілі.
26. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітіліп берілген мүлікті жəне өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен
сатып алынған мүлікті иеліктен шығармайды немесе оған өзгеше ə діспен билік ете алмайды.
27. Тұрғын үй инспекциясының қызметі республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар
қала əкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады (шығы стар сметасы).
28. Тұрғын үй инспекциясы бухгалтерлік есеп жүргізеді жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік жəне
бюджеттік есеп, қаржы жəне бюджеттік есеп беру саласындағы заңнамаға сəйкес есеп береді.
29. Тұрғын үй инспекциясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жəне ревизия жүргізуді құрылтайшы
жүзеге асырады.
6. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі
30. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі дүйсенбі-жұмада сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат
13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс: сенбі, жексенбі, мереке күндері.
7. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тəртібі
31. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі
бойынша жүргізіледі.
32. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес тіркеледі.
8. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру жəне тарату
33. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнам
асына сəйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге қосымша
нысан
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бұзу жөніндегі нұсқама
_____________қаласы №______ 20__жылғы «___» _____________
Тұрғын үй қорын басқару саласындағы заңнаманы сақтау бойынша инспекциялық тексеруді жү зеге асыру
процесінде ________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
(объектінің атауы, орналасқан жері, кондоминиумды басқару органы турал ы мəлімет)
Мен __________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
(нұсқаманы жасаған тұрғын үй инспекциясы органы маманның лауазымы, аты-жөні)
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеру барысында____________________ _______________
_________________________________________________________________________бұзушылықтарды анықтадым.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 41-2-бабының негізінде
мынадай іс-шараларды орындауға ТАПСЫРМА БЕРЕМІН:
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
(Заңның 41-2-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына сəйкес)
Осы нұсқаманы орындау туралы ақпаратты 20__жылғы «__» ______дейін _______________________________
_____________________________________________________________________________________ ұсыну қажет.
(мекенжайы жəне кабинеттің нөм ірі)
Заңның 41-1 жəне 41-2-баптарына сəйкес осы нұсқаманың міндетті күші бар.
Нұсқаманы __________________________________________________ жасады.
(тұрғын үй инспекциясы органы қы зметкерінің аты-жөні, қолы)
Нұсқаманы ____________________________________________________ алды.
(тұрғын үй инспекциясы органы қызметкерінің аты-жө ні, қолы)
Нұсқама қазақ жəне орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 30 наурызда Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10571 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 20 наурыз №242 Астана қаласы
Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысанын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының
10-6) тармақшасына сəйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысаны қосымшаға сəйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері жəне жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында
жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-
рылуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іст ері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 338
бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7260 болып тіркелген, 2011 жыл ғы
16 қарашадағы №365 (26756) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі №
338 жəне «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесін
бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикас ы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 193/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9637 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 253(28476) «Егемен
Қазақстан» газетінде жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-
министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы №243 бұйрығымен бекітілген
нысаны
Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысаны
_________ қаласы №________ 20___жылғы «__» ________
_______________________________________________________________________________________________
мекенжайдағы кондоминиум объектісінде орналасқан үй-жайдың (пəтердің) _______________________________
_______________________________________________________________________________________________
(пəтердің нөмірі, тұрғын емес үй-жайдың орналасуы,
_______________________________________________________________________________________________
меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері)
меншік иесі_____________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ə., жеке басын куəландыратын құжаттың нөмірі)
_______________________________________________________________________________________________
(кім, қашан берген; заңды тұлғаның атауы,
_______________________________________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куəлігінің деректемелері)
_______________________________________________________________________________________________
бұдан əрi «Меншік иесі» деп аталатын атынан, ________________________ негiзiнде əрекет ететiн ____________
__________________________________________________________________________________________________
(сенімхат, меншік иелерінің жалпы жиналысы шешімінің хаттамасы)
жəне _____________________________________________________________________________________ _____,
(кондоминиум объектісін басқару органының атауы)
бұдан əрі «Кондоминиум объектісін басқару органы» деп аталатын,_____________________________________
Жарғының негiзiнде əрекет ететiн__________________________________________________________________
(Т.А.Ə)
бұдан əрi «Тараптар» деп аталатындар төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мəні жəне мақсаты
1. Осы Шарт «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі Заңын
іске асыру мақсатында, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруды ұйымдастыру жəне жоспарлау мақсатында
əзірленді.Осы шартқа сəйкес көрсетілетін кондоминиум объектілерін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі шарттың
ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген.
2. Кондоминиум объектісін басқаруға беру Меншік иесі Кондоминиумды басқару органына мынадай ақпарат
ұсынған кезде жүргізіледі:
1) əрбір объектідегі инженерлік жабдықтардың тізбесін жəне кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың
алаңдары туралы деректерді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің жалпы сипаттамасы, басқаруға
берілетін құрамы (мекенжайын көрсете отырып, əрбір объекті бойынша жеке-жеке);
2) объектінің техникалық жай-күйін бағалау актісінде көрсетілетін, басқаруға берілетін əрбір объектінің жəне
кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақтың, инженерлік жабдықтың жəне пайдалану жауапкершілігі
шекарасындағы желілердің техникалық жай-күйі;
3) объектінің əрқайсысынан тұтынылған коммуналдық қызметтердің басқаруға беру сəтінде тіркелген сандық
сипаттамасы.
3. Кондоминиум объектісін басқару органы инженерлік желілер мен жабдықтарды, ортақ пайдаланылатын
жерлер мен кондоминиум объектісіне іргелес жатқан аумақты тиісті күтіп-ұстауды жəне жөндеуді, Меншік иесіне
коммуналдық қызметтерді беруді ұйымдастырады.
Кондоминиум объектісін басқару органы осы мақсаттар үшін əрбір кондоминиум объектісі бойынша екінші
деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады, оған үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жəне ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.
Кондоминиум объектісін басқару органы ортақ мүлікті күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін əрбір кондоминиум
объектісі бойынша соманы жинақтау үшін екінші деңгейдегі банктерде жинақтау шотын ашады.
Кондоминиум объектісін күрделі жөндеу үшін жинақталған соманы жинақ шотынан алуды үй-жайлар (пəтерлер)
меншік иелерінің жиналысы үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелері жалпы санының кемінде үштен екісінің
шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару органының басшысы жүзеге асырады.
4. Шарттың қолданылу мерзімі ____жыл.
2. Кондоминиум объектісін басқару шартын жасау негіздемесі
5. Үй-жай (пəтер) меншік иелерінің 20__ жылғы «__» ___________ № _____ шешімі осы Шартты жасауға
негіздеме болып табылады.
3. Тараптардың міндеттері
6. Меншік иесінің міндеттері:
1) меншігіндегі үй-жайды мақсаты бойынша ғана пайдалану;
2) Кондоминиум объектісін басқару органына осы шарттың 3-тармағында белгіленген қызметтерге есепті
кезеңнен кейінгі айдың ___ күніне дейінгі мерзімде ұсынылған шотқа сəйкес меншік иелерінің жалпы жиналысы
бекіткен мөлшерде ақы төлеу;
3) электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау, су бұру қондырғыларына профилактикалық жəне жөндеу
жұмыстарын жүргізуге құқығы бар ұйымдардың лауазымды тұлғаларын аварияларды жою, инженерлік жабдықтарды,
есепке алу аспаптарын қарау жəне бақылау үшін меншік құқығына тиесілі үй-жайға (пəтерге) кіргізу;
4) электр-тұрмыстық аспаптарды жəне үй ішіндегі желілердің техникалық мүмкіндіктерінен артық қуаты бар
машиналарды, жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттейтін жəне жапқыш арматураларды орнатуға,
қосуға жəне пайдалануға, коммуналдық қызметтерді жеткізуді есепке алудың қолданыстағы схемасын өзгертуге,
жүйелердегі жылу көздерін тікелей мақсаты бойынша пайдаланбауға (жылыту жүйесі мен аспаптарынан суды
ағызуды жүргізу) рұқсат алу;
5) ортақ мүлiктің жəне дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына жəне қауiпсiз пайдаланылуына
көмек көрсету;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысу;
7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Респуб ликасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі Заңында жəне тұрғын
үй қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді орындау.
7. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстардың тізбесі осы шартың қосымшасында көр сетілген.
Кондоминиум объектісін басқару органын басқару жөніндегі міндеттер мыналарды қамтиды:
1) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарын, жазбаша сауалнама жүргізуді ұйымдастыру;
2) сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасу жəне олардың орындалуын бақылау;
3) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелері жиналыстарының хаттамаларын жəне жазбаша сауалнама
жүргізген кезде дауыс беру парақтарын ресімдеу;
4) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерiнің жалпы жиналысында бұрын қабылданған шешімдер туралы
ақпаратты үй-жайлардың (пəтерлердің) жаңа меншік иелер iнің назарына жазбаша түрде жеткізу;
5) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелері жиналыстарының ортақ мүлікті сапалы күтіп-ұстау жəне қауіпсіз
тұруды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мəселелері бойынша үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінің
мүдделерін таныту;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару жөніндегі қызметтерге түбіртек беру арқылы жарналар, сондай-
ақ оны күтіп-ұстауға жəне күрделі жөндеуге жарналар жина уды жүзеге асыру, оның-өлшерін меншік иелерінің,
жалдаушылардың атынан үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінің жиналысы бекітеді;
8) барлық меншік иелері үшін барлығы көретін жерге үй-жайларға, сондай-ақ ортақ мүлікке қызме т көрсететін
жəне жөндейтін ұйымдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің өнім беруші ұйымдары туралы ақпаратты (атауы,
байланыс телефоны, авариялық қызметтің телефоны) стендтерде орналастыру;
9) Меншік иесіне тоқсан сайын жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі
айдың оныншы күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоми-
ниум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар қамтылған
есепті ұсыну;
10) осы Шарттың талаптарын орындау үшін жасалған шарттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
11) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде əрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте
ағымдағы шот ашу, оған үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін
күтіп-ұстауға жəне ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады;
12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау жəне оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
шаралар қабылдау;
13) құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге
жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін əрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашу;
14) кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум
объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындау;
15) кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуі бойынша банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын
үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;
16) Меншік иесіне екі ай бұрын алдағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне, кондоминиум объектісіндегі ортақ
пайдаланылатын жерлерді күрделі жөндеу туралы, авариялық жағдайлардың пайда болуын қоспағанда, екі тəулік
бұрын инженерлік желілерді ажырату, сынау немесе олардың жұмыс режимінің басқа да өзгеруі туралы хабарлау;
17) кондоминиум объектісін басқару шарты тоқтатылған жағдайда иелігіндегі болған техникалық (жобалау-
сметалық құжаттаманы, учаске жоспар ын, паспорттарды, қабылдау актілері мен басқа),атқарушылық құжаттамаларды
(сервистік қызмет субъектілерімен жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыс жəне қызмет актілерін, сервистік
қызмет субъектілерімен жасалған шарттардың көшірмелерін),сондай-ақ қаржылық құжаттамаларды(екінші деңгейдегі
банктермен ағымдағы жəне жинақ шоттарының шарттары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау
шығыстарының бекітілген сметасы, жалпы жиналыста қабылданған шешімдердің хаттамалары) қабылдау-беру
актіс і бойынша жаңадан сайланған Кондоминиум объектісін басқару органына беру;
18) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі Заңында жəне
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы өзге заңнамаларында көзделген міндеттерді
орындау.
4. Тараптардың құқықтары
8. Меншік иесі:
1) Кондоминиум объектісін басқару органынан осы шарттың ережелерін негізге ала отырып, қызметтерді са-
пасыз көрсетуге немесе уақтылы көрсетпеуге байланысты ұсынылған қызметтер үшін төлемдерді қайта есептеуді
талап етуге;
2) Кондоминиум объект ісін басқару органының кінəсі бойынша келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге;
3) Тоқсан сайын жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы
күніне дейін ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар көрсетілген, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ
мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілген есепті алуға;
4) Кондоминиум объектісін басқару органынан оның құрамынан шығу туралы жалпы жиналыстың хаттамасы
шешімінің негізінде техникалық, атқарушылық жəне қаржылық құжаттамаларды беруді талап етуге ;
5) Кондоминиум объектісін басқару органынан банк шоттары бойынша ақшаның, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)
күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратты талап етуге;
6) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерiнің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойынша басқару нысанын
өзгертуге;
7) үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерiнің көпшілігінің хаттамалық шешімі бойынша əрекет ететін
Кондоминиум объектісін басқару органының құрамынан шығуға құқылы.
9. Кондоминиум объектісін басқару органы:
1) осы шартта көзделген міндеттері орындау мақсатында жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін жеке жəне
заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
2) Меншік иесінің төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзуының нəтижесінде олар келтірген шығындарды жəне
Меншік иесі осы шарттың талаптарын орындамағандықтан келтірілген өзге де шығындарды өтеуді талап етуге;
3) жеке немесе заңды тұлғаның меншігіндегі пəтерде немесе үй-жайда авариялық жағдай туындаған, басқа
Меншік иелерінің мүлкін бұзу қаупі пайда болған (Меншік иелері, олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері
немесе авария кезінде қайда болғандары туралы мəліметтер болмағанда) кезде оны өз күшімен жəне барлық
мүмкін құралдармен жоюға;
4) Меншік иесінен оның кінəсі бойынша зақымданған о ртақ мүлікті жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеуді
талап етуге;
5) үй-жай (пəтер) меншік иесінің жалпы жиналасында айқындалған шарттарда берілген қызметтік үй-жайларды
жəне басқа да мүлікті олардың мақсатына сай пайдалануға;
6) кондоминиум объектісінің ағымдағы жəне (немесе) жинақ шоттарындағы ақша қаражатын олардың нысаналы
мақсатына жəне «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі Заңының
талаптарына сəйкес ресімделген меншік иелері жиналысының шешіміне сай пайдалануға;
7) тапсырыс беруші ретінде сөз сөйлеуге жəне конкурстық негізде көппəтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету жəне
оны пайдалану үшін басқарушы компанияны (мердігерді) таңдауға құқылы.
5. Тараптардың жауапкершілігі
10. Меншік иесінің жауапкершілігі:
1) Меншік и есі осы шарттың 7-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұзған немесе олар басқа үй-жай
(пəтер) меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін жүйелі түрде бұзған кезде Кондоминиум объектісін басқа ру
органы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сəуірдегі Заңында жəне
«Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасыны ң 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген
шараларды қабылдау үшін Меншік иесін ескерткеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен соң жергілікті атқарушы
органдардың жанындағы тұрғын үй инспекциясына өтініш жасауға құқылы;
2) Меншік иесі осы шарттың 7-тармағының 4) тармақшас ында көзделген міндеттемелерді орындамаған кезде ол
үй-жайдағы (пəтердегі) авариялардың жəне (немесе) төтенше жағдайлардың нəтижесінде туындаған барлық салдар
үшін Кондоминиум объектісін басқару органы мен үшінші тұлғалардың алдында жауапты болады.
11. Кондоминиум объектісін басқару органының жауапкершілігі:
осы шарттың 8-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті дəрежеде орындамағаны
үшін Кондоминиум объектісін басқару органы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 16 сəуірдегі Заңында жəне «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
5 шілдедегі Кодексінде белгіленген жауапкершілікте болады.
6. Ерекше шарттар
12. Конд оминиум объектісін басқару органы осы шартқа қол қойылған күнінен бастап оны орындауға кіріседі.
13. Кондоминиум объектісін басқару органының осы шартта айтылмаған жұмыстарды орындауға байланысты,
оның ішінде тарифтердің өзгеруіне, Кон доминиум объектісін басқару органының кінəсінен болмаған авариялық
жəне (немесе) төтенше жағдайларға байланысты объективті себептер бойынша туындаған шығындарды Меншік
иесі қосымша өтейді.
14. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесін Тараптардың келісімі бой-
ынша өзгерту мүмкін жəне осы шартқа қосымша келісім түрінде ресімделуге жатады.
15. Тараптардың арасындағы даулар сот тəртібінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда келіс сөздер арқылы
шешіледі.
16. Осы шарт қазақ жəне орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |