№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

3. Жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, 

көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу

13. Монополияға қарсы органның жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін 

қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы шешімімен: 

1) тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін нарық 

субъектілері; 

2) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға бекітуге құжаттарды ұсыну мерзімі;

3) уақытша мемлекеттік баға реттеу қолданысының мерзімі белгіленеді. 


9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

26

(Соңы. Басы 25-бетте)

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 

2016 жылғы 23 мамыр                        №249                        Астана қаласы 



«Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мем-

лекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану 

қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 

наурыздағы №227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Бұйырамын:

1. «Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім 

негізінде  тыйым  салынған  мүлікті  өткізу  немесе  пайдалану  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Қаржы  министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы  №227  бұйрығына  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 

тіркеу  тізілімінде  № 10813 болып  тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда  «Əділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде 

жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті 

мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы осы бұйрыққа 

қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) 

заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында 

жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3)  бес  жұмыс  күні  ішінде  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау 

банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» 

шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына жіберуді;

4)  осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  интернет-ресурсында  орналастыруды 

қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Əділет министрі 

___________Б. Имашев

2 маусым 2016 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

___________ Қ. Бишімбаев

25 мамыр 2016 жыл

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №249 бұйрығына қосымша



Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілді

Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы 

шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

1. Осы Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы 

шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы (бұдан əрі – Қағида) «Атқарушылық 

iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сəуірдегі 

Заңының 75-бабына сəйкес əзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ағымдағы баға – сату барысында қалыптасатын мүліктің бағасы;

2) алғашқы баға – тəуелсіз бағалаушының есебі негізінде комиссия белгілейтін баға;

3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң 

ұсыныстарын жария түрде мəлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;

4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау жəне өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз 

ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

5)  аукцион  нөмірі – қатысушыға  электрондық  цифрлық  қолтаңбасы  болған  кезде  аукционға  қатысу  үшін 

берілетін нөмір;

6) əлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген, жетім б алаларға жəне 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, мектепке дейінгі жəне орта білім беру, уақытша болу 

ұйымдары, медициналық-əлеуметтік мекемелер (ұйымдар);

7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;

8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;

9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған жəне аукцион қорытындылары туралы электрондық 

хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;

10) жергілікті атқарушы органдар - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың, ауданның 

(облыстық маңызы бар қаланың) əкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды 

жəне өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

11) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде, бірақ 30000 

еселенген  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінен  аспайтын  жеке  немесе  мемлекеттік  емес  заңды  тұлға  енгізетін 

ақшалай сома;

12)  комиссия – «Жекелеген  негіздер  бойынша   мемлекет  меншiгiне  айналдырылған  (түскен)  мүлiктi  есепке 

алудың, сақтаудың, бағалаудың жəне одан əрi пайдаланудың кейбiр мəселелерi» туралы Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне 

айналдырылған  (айналдырылуы  тиіс)  мүлiктi  есепке  алудың,  сақтаудың,  бағалаудың  жəне  одан  əрi  пайдалану 

ережесіне сəйкес құрылған комиссия;

13) комиссиялық тапсырма – мүлік жəне тиісті бюджетке аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік 

сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің 

орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;

14) сауда-саттыққа қатысушы – аукционға қатысу үшiн осы Қағидада белгiленген тəртiппен тiркелген жеке не-

месе мемлекеттік емес заңды тұлға; 

15) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кəсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

16)  Мемлекеттік  мүлікті  есепке  алу  саласындағы  бірыңғай  оператор – «Мемлекеттік  мүлікті  есепке  алу 

саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі 

№ 802 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;

17) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы 

заңнамасына сəйкес электрондық сандық қолтаңбалармен расталған тапсырысшылар мен жеткізушілер арасындағы 

мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 

18) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік;

19) сату бағасы – мүлікті өткізудің түпкілікті бағасы;

20) сатушы – уəкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;

21) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

22) сауда-саттық – аукцион нысанында мүлікті сату тəсілі; 

23) сауда-саттықтың бағаны көтеру əдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын 

сауда-саттық əдiсi;

24) сауда-саттықтың бағаны төмендету əдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн 

сауда-саттық əдiсi;

25) сауда ұйымдары – мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде жəне сыйақы үшін бір немесе 

бірнеше мəміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған 

тəртіппен тартылатын мүлікті дайындауды жəне сатуды жүзеге асыратын жеке кəсіпкер немесе мемлекеттік емес 

заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;

26)  тиісті  саланың  уəкілетті  органы – «Мемлекеттік  мүлік  туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан 

Республикасының Заңы 1-тармағының 13) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) 

басшылықты жүзеге асыратын жəне республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының 

Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган  немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;

27)  тізілімнің  веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы  бойынша  Интернет  желісінде  орналастырылған, 

Мүлікті есепке алу жəне сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-

ресурс (бұдан əрі – тізілім);

28) уəкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру 

комитеті жəне оның аумақтық бөлімшелері;

29) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тəртіппен тартылатын, сауда-

саттыққа мүлікті дайындауды жəне жəне сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға; 

30) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген жəне электрондық цифрлық қолтаңба 

арқылы куəландырылған құжат;

31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан əрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған 

жəне электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық 

цифрлық нышандар терімі.

3. Мүлікті одан əрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Жекелеген негіздер бойынша мем-

лекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың жəне одан əрi пайдаланудың 

кейбiр мəселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген 

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, 

бағалау жəне одан əрi пайдалану ережесiнде айқындалған тəртіппен жүргізіледі. 

Уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікке бағалау жүргізеді.

Уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап бес 

жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Мүлікті одан əрі пайдалану 

4. Мүлікті одан əрі пайдалану туралы шешімді комиссия қабылдайды.

Жойылуға жататын мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік 

заңды тұлғаларға, оның ішінде əлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мы-

надай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2)  жекелеген  файлдармен  енгізілетін  мүліктің  əрбір  түрі  бойынша  суреттердің,  ал  жылжымайтын  мүлік  пен 

көлік  құралы  үшін  əртүрлі  жағынан  түсірілген  кемінде  бес  суреттің  электрондық  көшірмелерін  тізілімге  енгізуді 

қамтамасыз етеді. 

5. Мүлікті беру жəне оны мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімінде бекіту экономикалық орындылығы жағдайында 

жүзеге асырылады.

Мүлікті мемлекеттік  заңды тұлғаларға бекіту кезінде экономикалық орындылығының жəне оны нысаналы пай-

далану мүмкіндігінің негізгі өлшемдері:

1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  мүліктің  тиесілігінің  белгіленген  нормативтері  мен 

лимиттері  (автокөлік  құралдары  мен  жылжымайтын  мүлік  үшін)  шегінде  мемлекеттік  органдардағы  берілетін 

мүлікке қажеттілікті айқындау;

2) мүліктің нысаналы пайдаланылуы жəне мемлекеттік заңды тұлғаларда өндірістік қажеттіліктің болуы;

3) қабылданатын мүлікті ұстау жəне пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады. 

6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру жəне оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, 

сондай-ақ тиісті саланың уəкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы 

тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уəкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) 

қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін 

көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан 

əрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

Тиісті  саланың  уəкілетті  органының  (жергілікті  атқарушы  органның)  қорытындысында  осы  Қағиданың 

5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері жəне мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, 

сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.

7. Мүлікті беру жəне оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тəртіппен жүзеге асы-

рылады: 


1) уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні 

ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ 

мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялай-

ды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн ішінде жарияланады;

2) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің 

веб-порталында өтінішті тіркейді;

3) Өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні жəне аяқталу уақыты басталғаннан кейін 

автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;

4)  өтініштерді  жəне  оған  қоса  берілетін  құжаттарды  осы  Қағиданың 5-тармағында  белгіленген  өлшемдерге 

сəйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды; 

5) комиссияның өтініштерді қарау нəтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді 

қарау нəтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады жəне комиссия мүшелері дауыс беру рəсімінен кейін оған 

қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс бер у мүмкіндігі болмаған жағдайда комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті 

белгіні қояды;

6) өтініштерді қарау нəтижелері туралы комиссия шешімі əрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді 

ашу күнінде қабылданады жəне өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына 

автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің 

веб-порталында жарияланады.

Мүлікті  алуға  ниет  білдірген  мемлекеттік  заңды  тұлғалардан  бірнеше  өтінім  болған  жағдайда  бірінші  өтініш 

берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.

Егер өтінішті бірінші болып берген мемлекеттік заңды тұлға қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін қалған 

мүлік артық болып қалса, онда мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті орган оларды келесі өтініш берушілерге ұсынады.

7) қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне өтініштерді қарау нəтижелері турады хаттамаға қол 

қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.

Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда уəкілетті орган немесе жергілікті 

атқарушы орган мүлікті береді жəне келесі өтініш иелерінің теңгеріміне бекітеді, ал ондайлар болмаған жағдайда 

мүлікті сауда-саттыққа шығарады;

8) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уəкілетті орган не-

месе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы 

мəліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік заңды тұлғалар өтініштерді бермеген жағдайда не болмаса мүлікті мемлекеттік меншікке берудің 

экономикалық орынсыздығы жағдайында мүлік сауда-саттыққа қойылады.



3-тарау. Мүлікті мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссия) негiзiнде сауда ұйымдары 

арқылы жəне сауда-саттықта өткізу 

9. Мүлікті сату мынадай тəртіппен жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде сауда ұйымдары арқылы:

жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

бұрын пайдалануда болған өнеркəсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлар-

дан басқа) өткізіледі;

2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату «Жауапкершілігі 

шектеулі жəне қосымша серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында жəне 

Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде 

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, 

қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың 

алдында артықшылық құқықты пайдаланады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан 

бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.

10. Сауда ұйымымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссияны) жасау үшін оны анықтауды сатушы 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бойынша мүлікті сатуды оны белгісіз тұлғалар тобының 

сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мүлікті ашық сатуға қою арқылы сауда ұйымы жүзеге асырады. 

12.  Мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шартқа  (комиссия)  сəйкес  сауда  ұйымы  арқылы  мүлікті  сату  үшін  беру 

комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі жəне мүлікті сату үшін алынған құннан он бес пайыз мөлшеріндегі 

комиссиялық  тапсырманы  орындауды  ақшалай  қамтамасыз  етуді  растайтын  құжат  (төлем  тапсырмасы  немесе 

банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.

Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі 

қоса беріледі.

13. Комиссиялық тапсырмада көрсетілген мүлікті өткізуден алынған қаражатты комиссиялық тапсырманы алған 

күннен бастап үш ай ішінде сауда ұйымы тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс.

Ақшаны аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссия) көрсетіледі. 

14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті 

бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

Қалған мүлікті сатуды сауда ұйымы үш ай ішінде жүзеге асырады, ол аяқталғаннан кейін оны нақты сатқанына 

қарамастан сауда ұйымы тиісті бюджетке соманы аударады.

Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

Сауда  ұйымының  бастамасы  бойынша  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  (комиссия)  бұзылған  жағдайда 

комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.

15.  Сатушы  мен  сауда  ұйымы  арасында  осы  Қағидаға 2-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  комиссиялық 

тапсырмалар шеңберінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес реттеледі.

16. Мүлікті сауда-саттықта сату үшін:

1) мүлік бойынша  материалдарды жинау жүргiзiледi;

2) бағалаушы ұсынған мүліктің құны н бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы, бастапқы жəне ең төменгі 

бағалары айқындалады;

3) сауда-саттық əдiстерi айқындалады;

4) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;

5) сауда-саттықты өткiзу туралы хабарлама жарияланады;

6) кепiлдiк жарналар қабылданады;

ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

52.  Аукционды  ұтқан  тұлға  сауда-саттық  нəтижелерi  туралы  хаттамаға  немесе  сатып  алу-сату  шартына 

қол  қоймаған  кезде  «Мемлекеттік  мүлік  туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасының  Заңы 

101-бабының 6-тармағына  сəйкес  өзі  енгізген  кепілдік  жарнасын  жоғалтады  жəне  сатушыға  кепілдік  жарнамен 

жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді. 

53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл 

орайда сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тəртiппен жүргiзедi:

1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол 

қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық  төлем есебiне 

есептеледi;

2) қалған сома тараптардың уағдаласуы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 

күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей енгiзiледі.

54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты 

бiр жақты тəртiппен бұзады.

55. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып 

алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-

беру актісі бойынша жүргізіледі.

Қабылдап  алу-беру  актісі  мемлекеттік  жəне  орыс  тілдерінде  екі  данада  (еркін  нысанда)  жасалады,  қол 

қойылғаннан кейін сатушы екі жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді, оның біреуі сатушыда сақталады, ал екіншісі 

сатып алушыға беріледі. 

56. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды сатушы брокерлік ком-

панияны тарта отырып жүзеге асырады.

57.  Мемлекет  меншігіне  айналдырылған  акцияларды  сату  кезінде  сатып  алушы – акционерлік  қоғам,  егер 

соңғысы сатып алушының акцияларына Қазақстан Республикасының Заңнамасына сəйкес иелік етсе, акционерлік 

қоғам акцияларының жиырма бес пайызынан астамын сатып ала алмайды.

58.  Бағалы  қағаздарды  сатуға  құқылы  брокерлік  компанияны  айқындауды  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес сатушы жүзеге асырады.

 59. Мемлекет  меншігіне  айналдырылған  бағалы  қағаздарды  сату  кезінде  қор  биржасында  оларды  сатуға 

байланысты сатушы мен брокерлік компания арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.

60. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды  сату тиісті қор биржасының биржалық сауда-

саттық қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.

61. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысулар сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен 

бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.

62. Бағалы қағаздар үшін төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр 

жақты тəртiппен бұзуға жəне сатып алушыдан нақты жұмсалған шығындарды өтеу туралы талап етуге жол беріледі.

63. Бағалы қағаздарды беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төленгеннен 

кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

64. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне 

сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.

65. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркəсiптiк жəне өзге де жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не 

мəнi жағынан ұқсас басқа да мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара жəне түсті металдардың сынықтары ретiнде 

бағаланады жəне сатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет