№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


-тарау. Мүлікті сатудан алынған қаражат



Pdf көрінісі
бет56/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

4-тарау. Мүлікті сатудан алынған қаражат 

66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 

қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасын уəкілетті орган немесе жергілікті атқар ушы органдар тиісті бюджетке 

жібереді жəне қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінен алынған олар туралы мəліметтерді сатушы сатып 

алу-сату шарты бойынша сату бағасын төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.

67. Мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындау жəн е өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

68. Бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындауға 

жəне өткізуге жұмсайтын шығыстарына қосылады. 

 

5-тарау. Ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлікті пайдалану жəне жою

69. Пайдалануға жарамды, ең төменгі баға бо йынша сатылмаған мүлік əлеуметтік қызметтердің субъектілеріне 

өтеусіз қайта ұсынылады.

Əлеуметтік  қызметтердің  субъектілеріне  мүлікті  беру  осы  Қағиданың 7-тармағында  белгіленген  тəртіппен 

жүзеге асырылады.

6-тарау. Мүлікті жою тəртібі 

70. Ең төменгі бағамен сатылмаған жəне əлеуметтік қызмет субъектілері талап етпеген мүлік уəкілетті органның 

немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.

71.  Нормативт iк  құжаттардағы  сапасы  мен  қауiпсiздiгiне  қойылатын  талаптарға  сəйкес  келмейтін  азық-

түлiк  шикiзаты,  тамақ  өнiмдерi,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарына  жəне  санитариялық-

эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға жəне гигиеналық нормативтерге сəйкес келмейтiн, шығарған елі 

белгісіз  алкоголь  өнімдері,  акциздiк  таңбаларсыз  өткі зілетін  темекi  бұйымдары  жəне  шығарылған  елi  белгісіз 

құрамында темекi бар басқа да бұйымдар комиссия шешімінің негізінде жойылады.

72. Республикалық меншікке айналдырылған мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уəкілетті орган 

жүргізеді.

Коммуналдық меншікке айналдырылған мүлікті ж ою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы 

орган жүргізеді.

Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызмет берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу 

туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.



Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы 

шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасына 1-қосымша

Нысан

Мүлікті сату бойынша ______________ ________________________ қатысуға



(аукцион əдісі көрсетіледі)

ӨТІНІМ

1. Мүлік тің (тердің) сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап жəне Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық 

іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу не-

месе пайдалану қағидасымен танысып, _______________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________ 

(жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан əрі - Т.А.Ə.) немесе заңды тұлғаның атауы 

жəне заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде əрекет ететін өкілінің Т.А.Ə.)

___________ 20 ___ жылғы «___» _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ 

болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.

2.  Мен  (біз)  аукционға  қатысу  үшін ____________________________________________ мемлекеттік  мүлікті 

есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ___________________

___________________ көрсетіледі (______________________________) теңге _____ 



(цифрмен)                                        (сомасы таратып жазылады)                 (саны)

кепілдік жар насын енгіздім (к). 

Кепілдік жарнасы енгізілген сатылатын мүлік туралы мəлімет:

р/б



Мүліктің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сома-

сы, теңге

1

2



Жиыны

Енгізілген кепілдік жарналары туралы мəлімет:



р/б



Кепілдік жарнасының тағайындау және 

аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасы 

енгізілген мүліктің атауы

Төлем 

құжатының 



Төлем 

құжатының 

күні

Кепілдік жарнасының 

сомасы, теңге

1

2



Жиыны

3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сəйкес емес екенім(із) анықталған жағдайда мен (біз) аукционға 

қатысу құқығынан айырылатынымен, мен (біз) қол қойған аукцион нəтижелері туралы хаттама жəне сатып алу-сату 

шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(з).

4.  Егер  мен  (біз)  аукцион  жеңімпаз(дар)ы  деп  танылған  жағдайда  өзімізге  сауда-саттық  нəтижелері  туралы 

хаттамаға өткізілген күні қол қоюды жəне ол өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына 

қол қоюды міндетім(ізг)е аламын(з).

5. Мынадай:

1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нəтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;

3)  сатып  алу-сату  шарты  бойынша  мен  (біз)  міндеттемелерді  орындамаған  жəне  тиісінше  орындамаған 

жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарнасының сомасы қайтарылмайтынымен жəне сатушыда қалатынымен 

келісемін (з).

6.  Осы  өтінім  сауда-саттық  нəтижелері  туралы  хаттамамен  бірге  сатып  алу-сату  шарты  жасалғанға  дейін 

қолданылатын шарттың күшіне ие.

7. Өзім(із) туралы мынадай:

Заңды тұлғалар үшін:

Атауы _________________________________________________________________________________________

БСН ___________________________________________________________________________________________

Басшының Т.А.Ə. _______________________________________________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________________________________________

Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

ЖСК ___________________________________________________________________________________________

Банктік сəйкестендіру коды (бұдан əрі – БСК) _______________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________________________________________

Бенефициар коды (бұдан əрі – Кбе) _________________________________________________________________

Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ____________________________________________________

Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

1) ___________________________________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________________________________

Жеке тұлға үшін:

Т.А.Ə. _________________________________________________________________________________________

ЖСН __________________________________________________________________________________________

Паспорт деректері ______________________________________________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________________________________________

Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

Жеке сəйкестендіру коды (бұдан əрі – ЖСК) ________________________________________________________

БСК ___________________________________________________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________________________________________

Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ____________________________________________________

Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

1) ___________________________________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________________________________

(қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ə. немесе заңды тұлғаның атауы жəне заңды тұлғаның басшысының немесе заңды 

тұлғаның сенімхат негізінде əрекет ететін өкілінің Т.А.Ə.) 

20 __ жылғы «___» ____________ 

Мөр орны


Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы «___» ____________ сағат «___» минутта қабылдады.

Қатысушының аукцион нөмірі ______________



Мүлікті тəркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы 

шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасына 2-қосымша

Нысан

№ ___ комиссиялық тапсырма

201___ жылғы «___» __________ 

______________________________________________________________ негізінде əрекет (құжаттың атауы)

ететін _________________________________________________ (бұдан əрі – Тапсырыс беруші) 

(Тапсырыс берушінің атауы)

атынан ______________________________________________________________________________ бір тараптан 

(лауазымы, Т.А.Ə.) 

жəне ____________________________________________________________________________ негізінде əрекет 

(құжаттың атауы)

ететін ____________________________________________________________________ (бұдан əрі – Өнім беруші) 

(Өнім берушінің атауы)

атынан ________________________________________________________________________ екінші тараптан

 (лауазымы, Т.А.Ə.)

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 201___ жылғы «___» ____________ №____ шартқа 

(бұдан  əрі – Шарт)  сəйкес  Тапсырыс  беруші  Шарт  бойынша  қызметтер  көрсету  шеңберінде  Өнім  берушіге 

______________________________ сатуды тапсырады. (мүліктің атауы)

«Мүліктің өлшемдері (түрлері, саны, сəйкестендіру нөмірлері (бар болса), бірлігінің құны жəне т.с.с.)»: _______

________________________________________________________________________________________________.

Мүліктің жалпы құны:_____________(____________________________) теңге.

Өнім беруші:

3 (үш) жұмыс күні ішінде _________(______________________________) теңге сомасында осы тапсырманы 

орындаудың ақшалай қамтамасыз етілуін төлеуге немесе банк кепілдігін ұсынуға;

Мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдауға;

Шартта жəне осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген қызметтерді қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан 

кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетуге кірісуге;

Қабылдаған мүлікті өткізу жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға;

Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Тапсырыс берушімен бірлесіп, өткізілген 

мүлікті салыстырып тексеру жүргізуге жəне салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған 

жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілген мүліктің құнын аударуға;

Өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне толықтыруға қол қойғаннан кейін 3 (үш) ай 

өткен соң қалған мүлікті нақты өткізілуіне қарамастан, оның құнын аударуға;

Берілген мүлікті қарап тексеру үшін Тапсырыс берушіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

Өткізілген мүліктің құнын мынадай деректемелер бойынша аударуға:

______________________________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________________________; 

Жұмыс нəтижелері бойынша Тапсырыс берушіге есеп (3 данада) беруге міндеттенеді.

Тапсырыс беруші:

Мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша беруге;

Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Өнім берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті 

салыстырып тексеру жүргізуге жəне салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған жағдайда, 

қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

Қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілмеген мүліктің құнын 50 % (елу 

пайызға) төмендетуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу Шартқа сəйкес жүргізіледі.

Тапсырыс беруші:

__________________________________

__________________________________

__________________________________

Өнім беруші:

__________________________________

__________________________________

__________________________________

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылғы 27 маусымда Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13837 болып енгізілді. 

7) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;

8) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз жұмысының регламентiн дербес əзiрлейдi;

2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды қарайды жəне тиісті шешім 

қабылдайды;

3) əрбір мүлік бойынша сауда-саттық шарты, нысаны мен əдістері туралы шешім қабылдайды;

4) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мем-

лекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды;

5) бағалаушы ұсынған мүлік құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы бағасын белгілеу туралы 

шешім қабылдайды;

6) мүлікті сауда-саттыққа одан əрі қою орындылығы туралы шешім қабылдайды;

7) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі мен биржалық сауда-

саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды.

18. Сатушының функциялары:

 1) тəуелсіз бағалаушыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына 

сəйкес мүліктің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

2) мүлікті сауда-саттыққа дайындауды жүзеге асыру;

3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;

4) сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету;

5) мүліктің алғашқы, бастапқы жəне ең төменгі бағаларын, кепілдік жарна сомасын айқындау;

6)  Қазақстан  Республикасының  немесе  шет  мемлекеттердің  аумағында  жұмыс  істейтін  қор  биржаларында 

(бұдан əрі – қор биржалары) мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды қамтамасыз ету; 

7) сауда-саттық əдісін анықтау, оның ішінде қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы 

қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша биржалық сауда-саттықты жүргізу;

8) комиссия шешімінің негізінде биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың 

шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;

9) мүлікті сауда-сатты қтан алу туралы шешім қабылдау;

10) сауда-саттықты ұйымдастыру жəне жүргізу барысына бақылауды жүзеге асыру;

11) аукцион жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу;

12) сатып алушылармен, ұйымдастырушылармен, сауда ұйымдарымен есептесуді жүзеге асыру;

13) сауда ұйымдары үшін талаптарды белгілеу;

14) мүлікті сату үшін қ ажетті басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.

19. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама  ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын 

қазақ жəне орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.

Сауда-саттық өткізу т уралы хабарлама мынадай мəліметтерді:

1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн жəне уақытын;

2) сауда-саттықтың əдiсiн; 

3) мүлік туралы мəлiметтерді (оның саны мен негізгі сипаттамалары);

4)  шектеулер  мен  ауыртпалықтардың  (сот  орындаушылары  жəне  басқалар  салған  мүлікке  тыйым  салулар ) 

жоқ екендігі туралы мəліметтерді;

5) бастапқы, ал бағаны төмендету əдiсiн қолдана отырып аукцион өткiзiлген кезде аукционға қойылатын мүліктің 

ең төменгі бағасын;

6) кепiлдiк жарнаның сомасын аудару үшін кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен банктiк деректемелердi; 

7) өтiнiмдердi қабылдау мерзімін;

8) сауда-саттықты өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау 

шарттары туралы тəртіпті;

9) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;

10) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.

20. Қор  биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мы-

надай мəліметтерді:

1) бирж алық сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;

2) биржалық сауда-саттықтың өткізілетін ор нын;

3) бағалы қағаздар эмитентінің атауын;

4)  эмитент туралы мəліметтерді;

5) сатылатын бағалы қағаздардың санын;

6) биржалық сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен о рналасқан жерiн;

7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтиды.

21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2)  жекелеген  файлдармен  енгізілетін  мүліктің  əрбір  түрі  бойынша  суре ттердің,  ал  жылжымайтын  мүлік  пен 

көлік  құралы  үшін  əртүрлі  жағынан  түсірілген  кемінде  бес  суреттің  электрондық  көшірмелерін  тізілімге  енгізуді 

қамтамасыз етеді.

22. Бірыңғай оператор осы Қағиданың 19 жəне 21-тармақтар ында көрсетілген мəліметтер мен құжаттардың де-

ректер қорына сатушы енгізген сəттен бастап бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына хабарламаны қатесіз 

жəне осы Қағидада бел гіленген талаптарға сəйкес жариялауды қамтамасыз етеді.

Бір ыңғай  оператор  тізілімнің  веб-порталын  пайдаланушыларға,  оның  ішінде  облыс  орталықтарында  жəне 

республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.

23. Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізі лімнің веб-порталы арқылы сатып алуға ниет бiлдiрушiлердің 

мүлікті көруге, сондай-ақ мүлік туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу ін қамтамасыз етеді.

24.  Сауда-саттықтан  объектіні  алып  тастау  туралы  хабарлама  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  тізілімнің  веб-

порталында оны өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қор биржаларындағы сауда-саттықтан алып тастау ту-

ралы хабарлама оны өткізуге дейін кемінд е үш жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында жəне тізілімнің 

веб-порталында қазақ жəне орыс тілдер інде жарияланады.

25.  Сауда-саттыққа  қатысуға  өтінім  (бұдан  əрі – өтінім)  беру  үшін  қаты сушылар  кепiлдiк  жарнаны  бірыңғай 

оператордың деректемелеріне хабарламада  белгіленген нысанда жəне тəртіппен жəне Қазақстан Республи касының 

заңнамасына сəйкес енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не оның ат ынан кез келген жеке немесе заңды тұлға 

енгізеді.

26. Сауда-саттықта жеңген жəне сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы са тып алу-

сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

27. Сатушы мынадай жағдайларда:

1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нəтижелерi туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда;

2)  сатып  алушыға – ол  сатып  алу-сату  шарты  бойынша  мiндеттемелерiн  орындамаған  немесе  тиiсiнше 

орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар қ атысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш 

жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.

Кепілдік  жарналар  сауда-саттыққа  қатысушы,  жеке  немесе  мемлекеттік  емес  заңды  тұлға  кепілдік  жарнаны 

қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.

28.  Сауда-саттыққа  қатысушыларды  тіркеу  хабарлама  жарияланған  күннен  бастап  жүргізіледі  жəне  сауда-

саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берген өтінімдер кері 

қайтарылмайды.

29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған 

жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, 

атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында 

алдын ала тіркелу қажет. 

Жоғарыда  көрсетілген  деректер  өзгерген  кезде  қатысушы  бір  жұмыс  күні  ішінде  тізілімнің  веб-порталына 

енгізілген деректерді өзгертеді.

30. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға 1-қосымшаға 

сəйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

31. Сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу-сату шарты на қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін 

мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілінің жеке басын 

куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта 

куəландырылған көшірмелерін ұсынады.

 32. Сатушыға  жəне  бірыңғай  операторға  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде  көзделген 

жағдайларды  қоспағанда,  сауда-саттықты  дайындау  жəне  оны  өткізудің  бүкіл  кезеңінің  ішінде  сауда-саттыққа 

қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

33. Қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша 

кепілдік жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тек-

серу жүргізеді. 

Қатысушының осы Қағиданың 29 жəне 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай 

оператордың арнайы транзиттік шотына хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға 

дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы 

мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды жəне қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді 

жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені 

туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің  веб-порталы  автоматты  тексеру  нəтижелері  бойынша  тізілімнің  веб-порталында  көрсетілген 

қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы 

электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға  жіберілген  қатысушыға  тізілімнің  веб-порталы  беретін  аукцион  нөмірі  бойынша  аукцион  залына 

кіруге рұқсат беріледі.

34. Тізілімнің веб-порталы сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын аукционға қатысу 

үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қ атысушының аукциондық нөмірін жояды.

35. Аукцион екі əдіспен өткізіледі: бағаны көтеру жəне бағаны төмендету арқылы.

Аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға мүліктің алға шқы бағасына тең болады.

Мүліктің алғашқы бағасы нарықтық құнның негізінде айқындалады жəне оны комиссия белгілейді.

Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру əдісі қолданыла отырып шығарылады. 

Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету əдiсi қолданыла оты рып, алғашқы бағаның елу пайызы 

мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

Егер  мүлік  екінші  сауда-саттықта  өткізілмеген  болса,  сауда  ұйымдарының  қызметтерін  жеткізушілер  болған 

жағдайда сауда ұйымына сатуға беріледі.

36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету əдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың 

ең төменгі бағасының елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

Төртінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету əдiсi қолданыла отырып, бір теңге ең төмен баға 

белгіленіп шығарылады. 

Кейінгі əрбір сауда-саттық күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

37. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана 

отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион мүліктің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру 

жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке жəне демалыс күндерін 

қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-д ен ба-

стап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-

ден кешіктірілмей басталады.

38.  Егер  бағаны  көтеру  əдісін  қолдана  отырып  өткізілген  аукцион  аяқталатын  с əтте  сағат 17:00-де  аукцион 

жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады 

жəне осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер бағаны төмендету тəсілін қолдана отырып жүргізілген аукцион аяқталатын сəтте сағат 17 :00-де аукцион 

жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

39. Егер аукцион басталған сəтте мүлік бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе жəне бо лса, 

онда жалғыз қатысушыға мүлікті сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші жəне келесі сауда-саттықтарды 

қоспағанда, осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

1) сату объектiсiнiң ба стапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне 

дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 пайыз мөлшерінде жəне бағаны 

төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен 

бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 пайыз 

мөлшерінде жəне бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде;

3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен 

бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен 

бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі м өлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 пайыз 

мөлшерінде жəне бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде  белгіленеді;

5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен 

бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағ аны көтеру аукционында 1 пайыз 

мөлшерінде жəне бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген 

мөлшерінде жəне одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 пайыз мөлшерінде 

жəне бағаны төмендету аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Аукцион төменде сипатталған екі əдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

41. Бағаны көтеру əдісін қолдана отырып аукцион:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі 

осы Қағиданың 40-тармағына сəйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу 

ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы 

Қағиданың 40-тармағына сəйкес белгіленген қадамға бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін 

растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арт-

тыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы 

жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Бағаны көтеру əдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға  дейін жүргізіледі.

Мүліктің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана бағаны көтеру əдісін 

қолдана отырып аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі 

қатысушы жүзеге асырады.

42. Бағаны төмендету əдісін қолдана отырып аукцион:

1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті са-

тып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сəйкес белгіленген 

қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып ал у ниетін растамай-

тын болса, мүліктің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету əдісін 

қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып 

алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

Осы  Қағиданың 38-тармағының  екінші  бөлігінде, 39-тармағында, 41-тармағының 1) тармақшасында  жəне 

42-тармағының 3) тармақшасында  көрсетілген  жағдайларда  сатушы  тізілімнің  веб-порталы  қалыптастыратын 

аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

43.  Əрбір  сатылған  мүлік  бойынша  аукцион  нəтижелері  сауда-саттық  нəтижелері  туралы  электрондық   хат-

тамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион өткiзiлген күнi тізілімнің 

веб-порталында қол қояды.

44. Сауда-саттық нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының мүлікті сату 

бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

45.  Сатып  алу-сату  шартына  сауда-саттық  нəтижелері  туралы  хаттамаға  қол  қойылған  күннен  бастап  бес 

жұмыс күнінен аспайтын мерзімд е тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол 

қояды. Шартта сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі. 

46. Егер жеңімпаз сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 43 жəне 

45-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталы қалыптастыратын 

сауда-саттық нəтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды жəне осы мүлік сауда-саттыққа тағы да шығарылады.

47. Бірыңғай оператор:

1) тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік 

жарналарын қабылдайды;

2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде 

сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады;

3) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім 

негізінде сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарын қайтарады.

48.  Сауда-саттық  барысында  сауда-саттыққа  қатысуға  кедергі  болатын  техникалық  ақаулықтар  туындаған 

кезде қатысушы:

1)  тізілім  веб-порталымен  орнықты  байланыс  жоғалған  кезден  бастап 30 секунд  ішінде  сауда-саттыққа 

қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару 

жолымен хабардар етеді;

2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама 

арқылы дереу хабардар етеді.

49.  Бірыңғай  оператор  техникалық  ақаулықтардың  болу  фактісін  тіркейді  жəне  олар  тізілім  веб-порталы 

жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен сауда-саттыққа қатысушылардың 

барлығын хабардар етеді.

50. Қатысушының компьютерлік жəне/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда 

аукцион жалғаса береді.

51.  Сауда-саттықты  жүргізуге  немесе  сауда-саттық  жүргізу  рəсіміне  кедергі  болатын  осы  Қағиданың 

49-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтары фактісі болған жағдайда, бірыңғай 

оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды жəне сатушы осы сауда-саттықтың жалғастырылатын 

күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жəне тізілімнің веб-порталында көрсетілген 

қатысушының  электрондық  мекенжайына  электрондық  хабарлама  жіберу  арқылы  сауда-саттыққа  қатысқан 

қатысушыларды  алдын  ала  міндетті  түрде  хабардар  ете  отырып,  аукционды  бірыңғай  оператор  техникалық 

14. Монополияға қарсы органның жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін 

қызметтеріне уақытша мемлекеттік 

баға реттеуді енгізу туралы шешімі бір күндік мерзімде тиісті нарық субъектілеріне жіберіледі. 

15.  Жекелеген  нарық  субъектілерінің  тауарларына  (жұмыстарына,  көрсетілетін  қызметтеріне)  шекті  бағаны 

бекітуге  құжаттарды  ұсыну  мерзімі  монополияға  қарсы  органның  шешімі  қолданысқа  енгізілген  күнінен  бастап 

күнтізбелік он күннен аспауы тиіс. 

16. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу үшін нарық субъектісі белгіленген 

мерзімде еркін нысандағы өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады: 

1)  осы  Қағидалардың 16-тармағына  сәйкес  тауардың,  жұмыстың,  көрсетілетін  қызметтің  өзіндік  құнында 

ескерілетін шығыстарды негіздейтін құжаттар; 

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген нысан бой-

ынша бухгалтерлік теңгерім (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген); 

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген нысан 

бойынша пайда және залал туралы есеп (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 

болып тіркелген); 

4)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика  комитеті  төрағасының 2014 жылғы 8 

желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 болып тіркелген); 

5)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика  комитеті  төрағасының 2015 жылғы 7 

қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп (Нормативтік 

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген нысан 

бойынша ақша қаражатының және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есеп (Нормативтік құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген); 

7)  тұтастай  кәсіпорын  бойынша және  әрбір  түр  бойынша  жеке  шығындар  баптарын  таратып жазып, босату 

бағаларын есептеу үшін қабылданған кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер; 

8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары туралы мәліметтер; 

9) инвестициялық бағдарламалар (болған жағдайда);

10) ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу –қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын 

шығындардың жылдық сметасы; 

11) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есебі;

12) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің нақты және жоспарланған көлемін растай-

тын құжаттар;

13) бекітілген штат кестесі. 

Бұл ретте негіздеуші материалдар ретінде құжаттарды беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік 

жыл ішіндегі нақты деректер ұсынылады. 

17.  Нарық  субъектісінің  тауарларына,  жұмыстарына,  көрсетілетін  қызметтеріне  шекті  бағаны  қалыптастыру 

кезінде өзіндік құнда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге тікелей жататын негіздеуші ма-

териалдармен расталған шығыстар: 

1) растаушы құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) көзделген бағаларға және материалдық ресурстардың 

нақты көлеміне сүйене отырып, өнімнің, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірлігін шығаруға 

шикізат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығыстарының қолданылатын нормаларына және 

(немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып айқындалған материалдық шығыстар; 

2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар 

және үстемеақылар төлемдерін қоса алғанда, персоналдың еңбегіне ақы төлеу ескеріледі. Бұл ретте еңбекақы 

төлеу шығыстарын айқындау кезінде персоналдың нақты саны және орташа айлық жалақы есепке алынады. 

Нарық субъектілерінің әкімшілік персоналына еңбекақы төлеу шығыстары он еседен аспайтын нарық субъектісі 

жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларының ең жоғары және ең төменгі деңгейінің арасындағы арақатынасқа 

сүйене отырып шектеледі. 

3) тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің 

амортизациялық аударымдары;

4) осындай жұмыстың қажеттілігі туралы растаушы құжаттардың (осындай жұмыстың қажеттілігін құжаттамалық 

техникалық  растау,  жиынтық  сметалық  есептер,  объектілік,  жергілікті  және  ресурстық  сметалар  (әрбір  объект 

бойынша  жеке)  және  т.б.)  негізінде  бағаның  шығын  бөлігіне  енгізілетін  негізгі  құралдар  құнының  өсуіне  алып 

келмейтін  ағымдағы  және  күрделі  жөндеулерге  және  басқа  да  жөндеу-қалпына  келтіру  жұмыстарына  нарық 

субъектісі жұмсайтын қаражат; 

5) өндірілетін (өткізілетін) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей қатысы бар растаушы құжаттардың 

негізінде шекті бағаның шығын бөлігіне енгізілетін өзге өндірістік (өткізілетін) шығыстар; 

6) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін қызметтерді 

көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, 

негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерді құруға және сатып 

алуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны (ол болған кезде) іске асыруға қаржы қаражаты үшін сыйақылар 

төлеуге арналған шығыстар; 

7) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеуге; 

8)  кезең  шығыстарында  ескерілетін  міндетті  сақтандыру  түрлеріне,  салықтарға,  алымдарға  және  бюджетке 

басқа да міндетті төлемдерге шығыстар ескеріледі. 

18.  Шекті  бағаны  қалыптастыру  кезінде  өзіндік  құнда  тауарларды,  жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді 

тікелей өндіруге (өткізуге) жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен расталмаған шығыстар ескерілмейді. 

19. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны қалыптастыру тауарлардың, жұмыстардың, 

көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындардың бөлек есебін жүргізу негізінде жүзеге асырылады. 

20. Нарық субъектісінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындардың 

бөлек  есебі  болмаған  жағдайда,  нарық  субъектісінің  шығындары  нарық  субъектісінің  жалпы  шығындарындағы 

кірістердің  үлес  салмағы  (көлемі,  өндірістік  персоналға  еңбекақы  төлеу  шығындары)  бойынша  тауарларды, 

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізетін нарық субъектісі қызметінің белгілі бір түріне жататын шығындарды 

айқындауды көздейтін жанама әдістердің негізінде өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің 

түрлері бойынша бөлінеді. 

21. Шекті бағаға енгізілетін пайда деңгейін монополияға қарсы органның ведомствосы тауарларға, жұмыстарға, 

көрсетілетін қызметтерге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін қызметтерді көрсетуге тікелей қолданысқа 

енгізілген  қолдағы  бар  активтерді  кеңейтуге,  қалпына  келтіруге,  жаңартуға,  қолдауға,  негізгі  құралдарды 

реконструкциялауға,  техникалық  қайта  жарақтандыруға,  жаңа  активтерді  құруға  және  сатып  алуға  тартылған 

ағымдағы қарыз (болған жағдайда) кәсіпорынның міндеттемелерін ескере отырып айқындайды. 

22. Монополияға қарсы органның ведомствосы құжаттарды қарау кезінде нарық субъектілерінен қажет болған 

жағдайда қосымша ақпаратты сұратады. Мұндай жағдайда құжаттарды қарау мерзімі қосымша ақпарат алынғанға 

дейін тоқтатыла тұрады. 

23.  Нарық  субъектісінің  тауарларға,  жұмыстарға,  көрсетілетін  қызметтерге  шекті  бағаны  бекітуге  арналған 

нарық  субъектісінің  құжаттарын  монополияға  қарсы  орган  ведомствосының  қарау  мерзімі  күнтізбелік  жиырма 

күннен аспауы тиіс. 

24. Нарық субъектісі белгіленген мерзімде шекті бағаны бекітуге өтінімді ұсынбаған жағдайда, монополияға 

қарсы  органның  ведомствосы  мемлекеттік  статистика  саласындағы  уәкілетті  органның,  салалық  мемлекеттік 

және  жергілікті  атқарушы  органдардың  тиісті  немесе  ұқсас  тауар  нарығында  ұқсас  тауарларды,  жұмыстарды, 

көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бағалары туралы ресми статистикалық 

ақпараты негізінде бағаны бекітеді. 

25. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайда, нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, 

көрсетілетін қызметтеріне шекті бағасы соңғы үш жыл ішінде тиісті тауар нарығындағы тауарларға, жұмыстарға, 

көрсетілетін қызметтерге бағалардың орташа арифметикалық мәнінен, сондай-ақ өңірдің, елдің және (немесе) 

тиісті тауар нарығының әлеуметтік-экономикалық даму факторларынан алынады. 

26.  Монополияға  қарсы  органның  ведомствосы  құжаттарды  қараудың  Қағидаларда  белгіленген  мерзімінде 

нарық  субъектілерінің  тауарларына,  жұмыстарына,  көрсетілетін  қызметтеріне  шекті  бағаны  белгілеу  туралы 

шешім қабылдайды. 

27. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу туралы шешім мүдделі нарық 

субъектілеріне  бір  күндік  мерзімде  жіберіледі,  сондай-ақ  монополияға  қарсы  орган  ведомствосының  интернет-

ресурсында жарияланады. 



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 маусымда Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13792 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2016 жылғы 20 маусым                        №272                        Астана қаласы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет