Сабақ №13
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу;
7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;
7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
Сыбайлас және вертикалъ бұрыштар ұғымдарымен танысып, олардың қасиеттерін біліп, оларды қолданып, есептер шығарып үйрену дағдыларын қалыптастырады
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылығы артады
|
Кейбір оқушылар:
Оқытудың және оқудың жаңа тәсілдерін оқушылар пайдалана алады. Есеп шығаруда өз беттерінше жұмыстануға қалыптасады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Дирижер» әдісі
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
Үйге тапсырмасын тексеру: №
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
|
|
суреттері бейнеленген қима қағаздар
|
Негізгі бөлім
10 минут
|
Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, бәріміз дәптерімізге сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды.
Анықтама: Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.
О – бас нүкте, ОВ – ортақ қабырға.
ОА, ОС қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.
Балалар, бәріміз дәптерімізге тағы бір сүйір бұрыш салайық. Осы сүйір бұрыштың екі қабырғасын да созайық. Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы кезде пайда болған қарама- қарсы бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды.
Анықтама: Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындылары болып келетін екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды.
Назар аударыңыз. Екі түзу қиылысқанда, екі жұп вертикаль бұрыш пайда болады.
1 және 3 бұрыштар, 2 және 4 бұрыштар – вертикаль бұрыштар.
|
Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады
.
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны
|
Оқулықпен жұмыс
25 минут
|
Төмендегі тапсырмалар
1: АВС бұрышы 111, 90, 15 градусқа тең деп алып, АВС бұрышына сыбайлас бұрыш табыңдар.
2 Сыбайлас бұрыштардың бірі тік бұрыш, екінші бұрыш қандай болады?
3 Сыбайлас екі бұрыштың биссектрисалары жасайтын бұрышты табыңыздар.
4 Вертикаль бұрыштардың биссектрисалары бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер.
5 Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар. .
|
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау.
|
Үлестірмелі қағаздар
|
|