(Ж).2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Робот адамның барлық іс-әрекетін орындай ала ма? Қандай қызмет, әрекетін орындай алмайды? Мысал келтір.
Дескриптор:
Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алатынын анықтайды.
Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алмайтынын анықтайды.
Мысал келтіреді.
ҚБ: Мұғалім жұптық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»