№1(41)/2006 Серия история. Философия. Право


ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕНІҢ  КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ҚАҒИДАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата08.02.2017
өлшемі3,07 Mb.
#3668
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЖҮЙЕНІҢ  КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ҚАҒИДАЛАРЫ 
В  данной  статье  рассматриваются  теоретические  и  практические  вопросы  закрепления  и 
реализация принципов рыночной экономики в Конституции Республики Казахстан. 
In the given article the theoretical and practical issues of the establishment and realization of the lib-
eral market economy principles in the Constitution of the Republic of Kazakhstan are considered and 
discussed. 
 
Конституция  жеке  тұлға  мен  мемлекет  арасындағы  қатынасты  анықтайтын  маңызды  заңгерлік 
тəртіптер  жинағы  ретінде  экономикадағы  қатынастарды  да  реттейді.  Қазіргі  заман  конституцияла-
рында экономикалық қатынастарды реттейтін нормалар көп болғандықтан жəне мемлекеттің эконо-
микалық  жүйе  негізін  қалыптастыратындықтан,  конституциялық  құқық  доктриналарында  жаңа  ба-
ғыттың, яғни конституциялық экономиканың жəне сол бағытта ғылыми теориялардың дамуына себеп 

155 
болып  отыр.  Ішкі  құрылымының  біртұтастығымен  сипатталатын  бұл  нормалар  экономикалық  қыз-
метке, еркін кəсіпкерлікке, еңбек бостандығына байланысты қоғамдық-экономикалық қатынастардың 
негізін  қалыптастыратын  конституциялық  қағида  түріндегі  нормалардан  қалыптасады.  Осы  норма-
лардың пайда болуына қоғамдағы болып жатқан саяси үрдістер себепкер, яғни халықтың негізгі құ-
қытарын бекіту мен жүзеге асыруға байланысты күрестің нəтижесінде мемлекет тарапынан конститу-
циялық нормаларға экономикалық жүйенің негізін қалыптастыратын нормалар да енгізіле бастады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпы мемлекет пен қоғамдағы қатынастар жиын-
тығынан қоғам мен мемлекеттің өмір сүруінде маңызды қызмет атқаратын қатынастарды бөліп, оны 
бөлек мемлекеттіліктің негізін құрайтын конституциялық нормалармен реттеді жəне осы нормаларға 
конституциялық қағидалардың күші берілді. Сонымен қатар Қазақстан Конституциясының  «Жалпы 
ережелер»  бөліміндегі  бекітілген  конституциялық  қағидалар  мемлекет  тарапынан  ерекше  қорғауды 
талап  ететін  қатынастар екені  жəне  олар  ерекше заңдық қорғауда  болатыны  да  бекітілді.  Сонымен, 
Қазақстан  Республикасының  конституциялық  құрылыс  негіздері  мемлекетті,  біріншіден,  конститу-
циялық мемлекет ретінде жарияласа, ал екінші жағынан 
— 
азаматтық қоғам негіздерін бекітеді. Кон-
ституциялық  құрылыс  элементтерін  бекітетін  конституциялық    қағидалар  Қазақстан  Республикасы-
ның  экономикалық  құрылысының  негізін  қалыптастыра  отырып,  əлеуметтік-экономикалық,  құқық-
тық жəне конституциялық құрылыстың іргетасын да қалайды. 
Экономикалық  жүйенің  конституциялық  қағидаларының  маңыздылығын  айқындау  жəне  олар-
дың мемлекеттің құқық қолдану тəжірибесінде алатын орнын ашып көрсету мəселесі кейінгі уақытта-
да өзекті мəселелер қатарына кіріп отыр. Қандайда да құқық жүйесі өзіне сипат беретін қағидаларға 
негізделіп əрекет етеді жəне құқық қағидаларынсыз мемлекетте ешқандай шешім қабылдануы мүмкін 
емес.  Кейінгі  кезде  құқық  оның  ішінде  конституциялық  қағидалардың,  экономикалық  жүйенің  қа-
лыптасуы  мен  дамуына  тигізетін  əсері  экономика  ғылымымен  қатар  конституциялық  құқық  ғылы-
мында  да  көптеген  пікірталастар  тудырып  жүр.  Сондай  көзқарастардың  бірі  Р.З.Лившицтің  тұжы-
рымдамасына  сүйенсек,  ол: «Құқықты  қоғамдық  тəртіп,  қоғамдық  келісімділік  пен  үйлесімділікті 
қамтамасыз  ететін  құрал  ретінде  танысақ,  қағидалар  құқықтың  барлық  материясын  қамтып,  оның 
идеясына,  нормаларына,  қатынастардын  қисының  келтіріп,  тепе-теңдігін  сақтауға  мүмкіндік  беріп 
отырады.  Осы  қасиетіне  байланысты  құқық  қағидалары  құқықтың  қалыптасуындағы  бағыт  беруші 
қызметті  де  атқарады,  яғни  алғашқы  уақытта  идея  қалыптасып,  құқық  қағидасына  айналады  да  құ-
қықтың даму бағыттарын белгілейді»
1
, — деп құқық қағидасының қоғамдағы үрдістердегі алатын ор-
нын анықтаған. 
Құқықтық қағидаларына байланысты айтылып өткен пікірлерден басқа, Г.В.Мальцевтің де көз-
қарасына тоқталып өтуге болады. Оның ойы бойынша, «конституциялық қағидалар адамдармен жа-
салмайды, олар негізінен қоғамдағы объективті əрекет ететін заңдылықтар сияқты, яғни экономика-
лық, табиғи заңдылықтар секілді, танылады. Сонымен қатар экономикалық заңдылықтар сияқты құ-
қық заңдылықтары да қоғамның əлеуметтік дамуының заңдылықтарының қатарына кіреді. Сондық-
танда қоғамның экономикалық дамуының заңдылықтарын анықтау үшін юридикалық императивтерді 
зерттеуді қажет етіп, сол жағдайдағы құқықтық заңдылықты айқындау мен нақтылауды талап етеді»
2

Еркін экономикалық қызмет құқығы, меншік сан алуандығымен жеке меншіктің мемлекеттік меншік-
пен бірге қорғалауы сияқты көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітілетін қағидалардың 
объективті табиғатын байқауға болады. Олардың Конституцияда жоқтығы мемлекетте нарықты эко-
номика жүйесін қалыптастыруға кедергі болар еді. 
XIX ғ.  көптеген  елдердің  конституцияларында  мемлекеттің  экономикалық  салаға  əсер  ететін 
нормалары жоқ болатын. Бірақ жеке меншік пен еркін сауда жасау құқықтарын бекітетін нормалар өз 
көрінісін тауып отырды. Сол себепті ХІХ ғ. өзінде мемлекет экономикалық қатынастарға араспалаға-
ныменен, нарықтық экономиканы қолдап, дамуына кепілдік берген. 
XX ғ. ортасына таман  Конституцияларға Негізгі Заң ретінде мемлекетке қоғамның экономика-
лық өміріне араласу  мүмкіндігін беретін нормалар енгізіле бастады. Меншікке, экономикалық қыз-
мет  бостандығына  нарықтық-экономикалық  жүйе  моделі,  біртұтас  экономикалық  кеңістікке  байла-
нысты үстем нормалар жүйелі түрде өздерінің бір-бірімен байланысы мен бір-бірін толықтыру арқы-
лы конституцияның басқа нормаларының пайда болуына негіз салды. Конституциялық құрылыс негі-
зі бола отырып, басқа конституциялық қағидалармен бірге «экономикалық құрылыстың» ядросы ре-
тінде конституцияның басқа ережелерін анықтап, мемлекеттің, мемлекеттік органдардың экономика-
лық қызметті жүзеге асырудағы құзіретін айқындайды. Ал осы жерде конституциялық құрылыстың 
анықтамасына  тоқталатын  болсақ,  онда  Е.Қ.Көбеевтің  конституциялық  құрылыс  негіздеріне  берген 
анықтамасы  дəлме-дəл  берілген  анықтама  деп  айтуға  негіз  бар,  яғни  «Қазақстан  Республикасының 

156 
конституциялық құрылыс негіздері — Қазақстанды конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын, 
Конституция мен басқа заңдарында бекітілген саяси, əлеуметтік, экономикалық жəне рухани негізде-
рі»
3
. Осы анықтамаға сүйене отырып, конституциялық құрылыс əлеуметтік-құқықтық қатынастар мен 
институттардың біртұтас жүйесін білдіріп, адамгершіліктік идеясы мен конституциялық нұсқамалар-
ға бағынышты болады. Конституциялық құрылыс біртұтас жүйе ретінде адам, азаматтық қоғам жəне 
мемлекет арасындағы пайда болатын қатынастарда негіз қалаушы жəне реттеуші элемент ретінде қо-
ғамдық тəжірибе мен құқықтық санада тұрақты, əділ, ізгілікті жəне құқықтық байланыстардың бекіті-
ліп нығаюына негіз салады. Сонымен, «конституциялық құрылыс деп əлеуметтік қатынастар жиын-
тығын білдіріп, негіздері ретінде оларды реттейтін жəне негізін қалайтын қағидалар жиынтығын» ай-
туға болады. Бірақ экономикалық жүйе негіздері тек конституциялық құрылысты бекітетін конститу-
циялық  қағидаларда  ғана  бекітіліп қоймайды.  Оның  жалғасы адам  жəне  азаматтардың  құқықтарын, 
мемлекеттік органдар жүйесін бекітетін нормаларда беріліп отыр.   Адам жəне азаматтардың үстем-
діктерін (1-б). əлеуметтік мемлекеттілік (1-б), бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму 
(1-б. 2-т),  меншік  сан  алуандығымен  олардың  теңдігін қамтамасыз  ететін нормалар (6-б.) қоғамдық 
келісімділік пен ымыраға келу идеясының конституциялық деңгейде жүзеге асырылуын дəлелдейді.  
Конституциялық  құрылыс  қағидалары  бір-бірімен  жүйелі  байланыссыз  əрекет  ете  алмайды. 
Адам  жəне  азамат  құқықтары  мен  бостандықтарының  үстемдігіне  кепілдік  бере  отырып,  біртұтас 
жүйелі  нормаларды  білдіргендіктен,  экономикалық  қызмет  бостандығын  да  бекітеді,  ал  бұл  қағида 
мемлекеттегі экономикалық жүйенің негіздерін белгілейді жəне Қазақстан Республикасында əлеумет-
тік  мемлекет  ретінде  конституциялық  сипаттама  береді.  Қазақстан  Республикасында  экономикалық 
жүйе негіздерін бекіту тəртібі адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі-
не  негізделе  отырып  бекітілген,  сондықтан  осы  конституциялық  қағидаға  сай  мемлекет  экономика-
ның үстемдігінен бас тартып, адам құқықтары мен бостандықтарын табиғи жеке тұлғаға тəн қасиет 
ретінде таниды, қамтамасыз етеді жəне қорғайды. 
Алдында айтып өткендей, батыс құқықтық доктриналарында соңғы уақытта экономика саласын-
дағы қатынастарды реттейтін конституциялық нормалар жиынтығына «конституциялық экономика» 
ұғымы жиі қолданылып жүр. Қазіргі уақытта, біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстан Республика-
сының Конституциясында бір-бірімен күрделі логикалық-құқықтық байланысы бар конституциялық 
қағидалар, нормалар мен түсініктер молынан кездеседі жəне батыс құқықтық доктриналарға сүйене-
тін болсақ, осы нормаларды «конституциялық экономика» деп атауға болады. Г.А.Гаджиевтің тұжы-
рымдамасымен  келісе  отырып
4
,  əлеуметтік  мемлекеттілікті (1-б.),  меншік  сан  алуандылығын,  олар-
дың теңдігін бекіте отырып, оның қолдануы қоғам игілігіне қызмет ету қажеттілігін (6-б.) бүкіл ха-
лық игілігін көздейтін экономикалық дамумен (1-б.) халықаралық нормалар мен құқықтардың үстем-
дігін (4-б.) мемлекетіміздің конституциялық құрылысын бекітеді жəне де осы нормаларсыз басқа құ-
қық нормалардың либералды түрде дамуы мүмкін емес. Осындай маңызды конституциялық ереженің 
орындалуы үшін мемлекет еркін экономикалық қызметпен айналысатын жағдайларды, яғни біртұтас 
ақша, банк, қаржы жүйелерін қалыптастырып, капиталдар мен бəсекені қорғауды қамтамасыз етуі қа-
жет. Осы бағыттағы қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің негізгі заңы мемлекеттік билік орган-
дардың, оның ішінде заң шығарушы билік органдарын, экономика саласында заң шығару, атқарушы 
органдарды – осы заңдарды орындау арқылы экономиканы реттеу, сот органдарын кəсіпкерлердің құ-
қықтарын қорғау құзіретімен қамтамасыз етеді. Сондықтан экономикалық қызмет негіздерін бекіте-
тін  конституциялық  қағидалар  жүйесінің  өзегін  адам  жəне  азаматтардың  экономикалық  құқықтары 
мен бостандықтары қалыптастырады деуге болады. 
Алдында  айтып  өткендей,  экономикалық  негіздерді  қалаушы  ережелер  конституциялық  құры-
лыс  негіздерін  қалыптастыратын  қағидалардан  тұрады.  Конституциялық  құқық  доктриналарында 
норма-қағидалар болатыны жəне олар басқа нормалармен салыстырғанда үстемдік қасиетке ие, яғни 
басқа құқық салаларының қалыптасуының негізгі ережелерін белгілейтіні айтылады
5
. Сондықтан қа-
зіргі уақытта құқық қолдану тəжірибесінде конституциялық қағидаларға деген көзқарасты өзгерту қа-
жет. Осы бағытта маңызды экономикалық шешім қабылдау барысында мемлекеттік билік органдары-
ның  алдында  конституциялық  қағидаларды  дұрыс  қолдана  білу  міндеті  туындайды,  өйткені  қалып-
тасқан тəжірибе бойынша  конституциялық қағидалар заңшығарушы билік органдарына заңшығарма-
шылық қызметті жүзеге асырғанда тек бағыт беруші элемент ретінде ғана қолданылып отырды. Қа-
зіргі уақытта құқықтық, демократиялық, əлеуметтік мемлекетті қалыптастыру барысында конститу-
циялық қағидаларды мемлекет атынан əрекет ететін субъектілер тиімді қолдана ала білулері қажет. 
Нарықты экономиканың конституциялық қағидалары уақытпен тексерілген, көптеген мемлекеттердің 
саяси-экономикалық қалыптасуының нəтижесінде пайда болған экономикалық қызметті басқару жə-

157 
не реттеу ережелері, сондықтан маңызды экономикалық шешімдерді қабылдағанда жəне экономика-
лық  саясатты  қалыптастырғанда  конституциялық  қағидалармен  санасу  міндетті.  Экономикалық 
жүйенің конституциялық қағидаларының қолдануындағы туындайтын көптеген қиыншылықтар қағи-
далар мен құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтардан туындауы мүмкін. Оның ішінде Қазақ-
стан  Республикасының  Конституциясында  бекітілген  экономикалық  қызметті  реттейтін  қағидалар 
конституциялық құрылысты сипаттайтын тарауда бекітілмеген, жəне қалыптасқан позитивтік құқық-
тық дəстүрге сай конституциялық қағидалар көптеген жағдайда маңызды орынға осы уақытқа дейін 
толық ие болып отырған жоқ. Конституцияның нормалары мен қағидаларының бір-бірімен қайшы ке-
луі объективті түрде экономикалық жəне əлеуметтік заңдылықтардың қарама-қайшылықтардың себе-
бінен болады. Конституциялық құрылыстың ерекшелігі Конституцияның басқа ережелері конститу-
циялық құрылыс негіздерін бекітетін норма-қағидаларға қайшы келмеуі қажет.  
Мемлекеттің  экономикалық  жүйесін  бекітетін  конституциялық  қағидаларына  жасаған  талдауға 
сүйене отырып, келесі тұжырымдама шығаруға болады. Нарықтық-экономикалық жүйенің конститу-
циялық қағидалары мемлекетте экономикалық қатынастардың туындауына негіз болатын құқықтық 
қызметпен қатар саяси қызметті де атқаратын конституциялық құқықтың негізгі институттарының бі-
рі  болып  есептеледі.  Қазіргі  заман  конституциялары  экономикалық  жүйенің  қағидаларын  бекітіп, 
мемлекеттің экономикалық жүйедегі қызметтің нақты əрі дəл анықтап, саяси қызметті конституция-
лық құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асыра отырып, мемлекеттің қоғам алдындағы мін-
деттерін белгілейді. Осы тұжырымдама бойынша экономикалық жүйенің конституциялық қағидала-
ры  мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  дамуының  саясатының  негізін  қалыптастыратын  болған-
дықтан, экономикалық жүйенің конституциялық қағидаларының əрекет етуі мен сақталуы конститу-
цияның міндетінен шығып, əлеуметтік əрекеттердің шекарасын белгілеп, саяси үрдістер субъектілері-
нің құқықтық сипатта əрекет етуінің негізін қалап, саяси əрекеттердің сапалық түрін бекітеді.  
Нарықтық-экономикалық жүйенің конституциялық қағидалар жүйесіне толық зерттеулер жүргіз-
ген ғалымдар жоқтын қасы.  Г.А.Гаджиевтің берген нұсқамасына сай нарықтық-экономикалық жүйе-
нің конституциялық қағидалары келесі түрде топтасады:
4
 
1. Жалпы құқықтың қағидасының көрінісі болып табылатын конституциялық қағидалар: 
− əділдік қағидасы; 
− субъективті құқықтарды шектеуде мөлшерлестік пен тепе-теңдіктің сақталу қағидасы; 
− құқықтық қауіпсіздік қағидасы; 
− субъективті құқықтарды қолдануда адалдық жəне оны қолдануда теріс пайдалануға жол бер-
меу қағидасы. 
2. Нарықты экономиканың жалпы конституциялық қағидалары: 
− құқықтық мемлекеттілік қағидасы; 
− демократизм қағидасы; 
− биліктің бөліну қағидасы; 
− заң мен сот алдындағы теңдік қағидасы; 
− əлеуметтік бағыттағы нарықты экономика қағидасы. 
3. Нарықты экономиканың арнайы конституциялық қағидалары: 
− ерікті экономикалық қызмет қағидасы; 
− экономикалық кеңістіктің біртұтастық қағидасы; 
− тауарлар, қызмет жəне қаржылардың айналымда болу; азаматтық айналым еріктігі; кəсіпкер-
лердің құқықтық қауіпсіздігі қағидалары; 
− меншік сан алуандылығының танылуы мен олардың тең түрде қорғалу қағидасы; 
− жеке меншікке ешкімнің қолсұқпаушылығының қағидасы; 
− шарт бостандығы қағидасы; 
− бəсекені қолдау қағидасы; 
− жеке бас өміріне қолсұқпаушылық қағидасы. 
Аталып өткен конституциялық қағидалар топтамасы жалпылама берілген жəне келешекте жаса-
латын топтамалардың бір түрін ғана білдіреді. Бірақ Г.А.Гаджиевтің берген топтамасының мазмұны 
негізінен Ресей Федерациясының Конституциясына сай жасалынғандықтан, толық Қазақстан Консти-
туциясында бекітілген нормалармен сəйкес келмейді деп айтуға болады. Осы мақсатта  мемлекетіміз-
дің экономикалық жүйесін бекітетін негізгі қағидаларын бөліп, талдау жасау арқылы олардың əрекет 
ету механизмдерін ашып көрсету қажет. Қазақстан Республикасында экономикалық жүйенің негізін 
қалыптастыратын  конституциялық  қағидаларды  құқық  қағидаларына  сүйене  отырып,  келесі  қара-

158 
пайым түрдегі топтарға да бөліп қарастыруға болады, яғни əмбебап, жалпы жəне арнайы қағидалар. 
Осы  топтаманы  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сай  экономикалық 
жүйенің  конституциялық  қағидаларының  мазмұның  ашатын  болсақ,  онда  бірінші  топқа  Қазақстан 
Республикасының Конституциясында көрініс тапқан жалпы құқықтық қағидаларды жатқызуға бола-
ды. Бұл қағидалар құқық жүйесінің гуманизм, əділдік, адамның құқықтарының үстемдігі мен теңдік 
идеясына негізделіп Конституцияда өз көрінісін тапқан. Олар:  
– əділдік қағидасы. Басқа құқықтық қағидалармен салыстырғанда əділдік қағидасы тұрақты түр-
де теорияда да, практикада да талқыланып отырады. Осы қағидаға аса көңіл бөлінуінің себебі 
— 
оның 
барлық құқық саласымен байланыстылығы, сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы 
мен заңдылықтарының нормаларында əділдік қағидасы өз көрінісін тауып отырады. Ал құқықта əділ-
дік қағидасы тек қана құқықтық идеяның қызметін атқарып қоймай, қоғамда əлеуметтік құндылыққа 
да  ие.  Əлеуметтік  мемлекетті  қалыптастыру  барысында  əділдік  қағидасының  əрекет  етуі  маңызды 
рөлге ие болады. Əлеуметтік мемлекетте қоғамдық құндылықтарды адамның сұранысы мен мүддесі-
не  сай  үлестіру  құқық жүйенің əділдік қағидасына  негізделіп қана жүзеге асырылуы  мүмкін.  Əлеу-
меттік əділдік мəселесі адамдардың қатынастарының кең аумағын қамти отырып, қоғамның экономи-
калық, əлеуметтік, саяси, құқықтық жəне рухани өмірінің жағдайын жəне даму беталысын көрсетеді. 
Əділдік қағидасының жүзеге асырылуының өзектілігі қоғамда нарықты экономика жүйесін қалыптас-
тыруда артады. Осы бағытта мемлекет өзінің əрекет ету бағыттарын конституциялық нормалар арқы-
лы бекітіп, оларды ағымдағы заңдар арқылы нақтылайды;  
– гуманизм қағидасы. (humanus латын тілінен аударғанда адамгершілік ұғымын білдіреді). Гума-
низм қағидасы адамның жеке тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке жəне еркін дамып, қабі-
леттілігін көрсету құқығын танитын адам жəне азаматтардың құқықтық жағдайының негізін қалаушы 
қағидалар қатарына кіреді. Гуманизм тұғырнамасын қалаушылар адам игілігін саяси жəне құқықтық 
институттарға баға беретін негізгі көрсеткіш деп есептеген, сондықтан демократиялық мемлекеттер 
осы қағиданы конституция мен адамның құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік актілерде бекіте-
ді. Гуманизм қағидасы – жалпы конституциялық құрылыстың негізгі қағидасы. Оны біз конституция-
лық деңгейде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғарғы құнды-
лығы ретінде бекітетін нормадан байқауымызға болады. Осы идеяның жалғасы ретінде мемлекеттің 
əрекет етуінің түбегейлі принциптері ретінде бекітілген жалпы қоғам мүддесі үшін экономикалық да-
муды айтуға болады.  
Батыстың саяси доктриналарында адам құқықтары мен бостандықтарына көп көніл бөліп, жеке 
меншікті қоғамдағы адамның жағдайын айқындайтын гуманизм қағидасының негізгі көрсеткіші ре-
тінде бөліп көрсетеді. Олардың көзқарасы бойынша, жеке меншік қоғамдағы барлық бостандықтар-
дың негізін қалыптастырып, жеке тұлға мен оның бостандықтарының дамуы мен айқындалуына ық-
пал етеді. Меншік мəселесі Шығыс Еуропа, Азия жəне Қазақстанның мемлекеттік құрылыс тəжірибе-
сінде  өз көрінісін  тауып отыр.  Əр  мемлекет  осы мəселені өзінің  саяси,  экономикалық  құрылыс  пен 
территориялық ерекшеліктеріне байланысты əр түрлі сипатта бекітеді. Бірақ осы нормалардың ортақ 
сипаты болып олардың барлығы жеке меншік пен мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті жеке тұлға 
мен жалпы қоғам мүддесін жəне гумманизм идеясына сүйеніп əрекет етуін қамтамасыз  ету үшін қа-
былданғаның байқауға болады; 
– теңдік қағидасы. «Теңдік» ұғымы адамдардың қоғамда тең жағдайларға ие болуын, бірақ қо-
ғамның тарихи даму кезеңдерінде жəне əр түрлі əлеуметтік-экономикалық, саяси жүйелерде мазмұны 
өзгеріп  отырады.  Т.Джефферсонның  көзқарасы  бойынша,  адамдар  кейбір  қатынастарда  тең  болуы 
мүмкін, ал кейбір қатынастарда тең болмауы да мүмкін, бірақ əділ қоғамда адамдар арасындағы тең-
сіздік  жеке  тұлғаның  азғындауына  (деградация)  немесе  əділсіздіктің  болуына  жол  бермеуі  керек. 
Адамдар табиғи талаптары мен сұраныстарында тең болып, оның сақталуы бойынша да теңдікке ие. 
Өздерінің əрекеттерінде əділ əрекеттер жасауға тең құқықтары бар. Бірақ адамдардың барлығы бір-
дей даналыққа ие бола алмайды, сондықтан осы теңсіздіктің болуы əлеуметтік үйлесімділік пен əділ-
діктің  болуына  себеп  болады.  Теңдік  қағидасы  адам  өмірінің  шаруашылық  немесе  экономикалық, 
мемлекеттік, саяси, мəдени салаларына тарайтын əмбебап құқық қағидасы болып саналады. Осы қа-
ғида мемлекеттің тұрғындарының барлығына бірдей таралуымен ерекшеленеді. Экономикалық жүйе-
нің қызметін қамтамасыз ететін теңдік қағидасы өзінің мазмұнына байланысты жалпы азаматтардың 
теңдік қағидасымен ұштасып жатыр. Сондықтан экономикалық қызметпен айналысқанда азаматтар-
дың теңдік қағидасы келесі бағыттарда өз көрінісін табады: 1) барлық адамдар тең құқықтар мен бос-
тандықтарға ие; 2) тең түрде міндеттерді атқарады; 3) басқалармен салыстырғанда құқықтары шек-
телмейді жəне айрықша құқықтарға ие бола алмайды; 4) барлық адамдар тең құқыққабілеттілікке ие 

159 
бола алады; 5) барлық азаматтар заң мен сот алдында тең. Осыған сəйкес теңдік қағидасы əр адамның 
(сапалық ерекшеліктерінің сақталуын ескере отырып) қоғам игіліктерін қолдануға жəне қоғамның да-
муына мүмкіндігіне сəйкес үлесін қосу мүмкіндігін айтуға болады. Көптеген демократиялық мемле-
кеттерінің конституцияларында жəне Қазақстан Республикасының Конституциясында теңдік қағида-
сы негізгі қағидалар ретінде көрініс тапқан. Осы қағиданың бекітілуі мен қолдануы қазіргі замандағы 
мемлекеттік жəне халықаралық адам құқықтарының тұғырнамасына сай келеді. Азаматтардың теңді-
гінің  экономикалық,  саяси,  əлеуметтік жəне  мəдени  өмірлерінде  толық  жүзеге  асырылуы  тек  күшті 
дамыған экономикалық жүйеге, саяси жүйенің демократиялық негіздеріне жəне азаматтық қоғамның 
дамуының əлеуметтік даму қағидаларына сүйене отырып қана қамтамасыз ету мүмкін.  
Экономикалық  жүйенің  əрекет  етуінде  жалпы  құқықтық  қағидалар  əмбебап  қағидалар  сияқты 
қызмет атқарады. Жалпы құқықтық қағидалар мемлекеттің конституциялық құрылысының   негізін 
қалыптастырып, конституциялық нормалар ретінде бекітіледі. Оларды əмбебап құқықтық қағидалар-
мен салыстырғанда абстрактты түрде ескере отырып негізге алу қажеттілігінде емес, нақты мемлекет-
те қабылданатын заңнамада көрінісін тауып отырады. Жалпы құқықтық қағидалар көп жағдайда мем-
лекеттің конституциялық құрылысы ретінде бекітілгендіктен, өзінің мызғымастығымен жəне тікелей 
əрекет етуімен ерекшеленеді, оларға келесі қағидаларды жатқызуға болады; 
– құқықтық мемлекеттілік қағидасы. Құқықтық мемлекет тек қабылданған заңдардың сақталу-
ын қамтамасыз ететін мемлекет қана емес ол құқықтың үстемдігін танитын жəне жүзеге асырылуын 
қамтамасыз ететін мемлекет болып есептелінеді. Ал құқық үстемдігі, біріншіден, құқықтық құралдар 
арқылы  жеке  тұлға  мен  жалпы  қоғамның  материалдық,  рухани  жəне  басқа  мүдделерін  қамтамасыз 
етуде  маңызы  бар  құқықтық  қатынастарды  реттеуді  білдіреді.  Екіншіден,  мемлекетте  қабылданып 
жатқан  заңдар  мен  нормативтік  актілер  гуманизм,  əділдік,  демократизм  идеясына  негізделіп  қоғам-
ның объективті сұраныстарына сай келуі қажет. Үшіншіден, мемлекет қызметін жүзеге асыру бары-
сында құқыққа негізделіп қана əрекет етуі керек. Қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуында Кон-
ституция немесе құқық белсенді қызмет атқаруы қажет. Құқық институттары мен заңшығармашылық 
қызмет теориялық тұрғыдан тиімділік пен əлеуметтік пайда келтіру бағытында қарастырылып, қоғам-
ның тұтастығын қамтамасыз ететін əлеуметтік бақылауды жүргізеді. Құқықтық реттеу арқылы кон-
ституция  нормалары  мен  басқа  да  құқықтық  актілердегі  мүдделер  қақтығысын  тудыратын  қарама-
қайшылықтарды анықтап оны шешу механизмдерін белгілеу қажет. 
Құқықтық мемлекеттілік қағидасымен қатар демократизм мен биліктің үш тармаққа бөліну қағи-
дасына да тоқталу қажет. Осы үш қағида, алдында айтып өткендей, бір-бірін толықтырып, сапаларын 
жақсартып отыратын конституциялық қағидалар қатарына жатады.   
Демократизм қағидасын қарапайым түрде талқылайтын болсақ, онда көпшілік қағидасы ретінде, 
яғни шешімдер қабылдаудың демократиялық үрдістері ретінде, түсініктеме беруге болады. Филосо-
фиялық сөздікке сүйенсек, демократия деп адам бостандығы мен теңдігін танитын, көпшіліктің ше-
шіміне  бағыныштылық  қағидасын  негізге  алатын  мемлекет  билігінің  бір  нысаның  айтуға  болады. 
Көпшілік  дауыс  арқылы  шешім  қабылдау  демократияның  императивті  қағидалар  қатарына  жатады. 
Демократиялық саяси тəртіптерді «элитарлы демократиялық тəртіп» жəне «əлеуметтік демократияға» 
бөліп  қарастыруға  болады.  Элитарлы  демократиялық  тəртіп  демократиялық  институттар  мен  билік 
жүргізудің тəртібіне негізделеді. Бұл тəртіптің кемшілігі болып жалпы халық билік жүргізуден жəне 
маңызды  саяси  шешімдер  қабылдаудан  шеттеліп,  оның  себебін  халықтың  басқару  əдісі  мен  тəртібі 
ілімін меңгермегенмен байланыстырылады. Осы саяси тəртіптің түбегейлі қағидасы ретінде демокра-
тия халықтың мүддесінен туындайтын жəне құзіретті тұлғалармен (саясаткерлермен) жүргізілетін би-
лікті  айтуға  болады.  Элитарлы  демократиялық  тəртіп  жағдайында  демократиялық  институттар  ха-
лықтық билікті жүзеге асыруын білдіретін нышан түріндегі құндылық болып қалады да, қоғам мүше-
лері билікті тек сайлау арқылы ғана жүзеге асыра алатын болады. Бірақ халық сайлауға қатысқанда 
сайысқа түскен саяси элиталар мен партияларға дауыс береді де нақты өздері маңызды шешім қабыл-
дауға қатыса алмайды.  
Əлеуметтік демократия тəртібінің бағыты əр түрлі топтар мен таптардың мүддесін ескере оты-
рып, халықтың өзі жүргізетін билікте өз көрінісін табады. Демократияның бұл қағидасы саяси күш-
тердің бір-бірімен теңесуі арқылы жəне бірде-бір саяси күштер жалпының мүддесін білдіре алмайтын 
болғандықтан қалыптасады. Əлеуметтік демократия қалыптасқанда мемлекет əр түрлі саяси күштер 
арасында байланысты қамтамасыз ететін агенттің қызметін атқарады. Мемлекет тəуелсіз агент ретін-
де əртүрлі саяси мүдделерді жинақтап, олардың саяси еріктерін жүзеге асырады. Ал демократиялық 
тəртіпті  қалыптастыру  қиын  да  күрделі  үрдістер    болғанымен  қоғамды  реформалау  мен  нарықтық 
экономикаға өтудің алғышарты болып саналады. Конституциялық демократияның мəні болып кейбір 

160 
мəселелерді көпшіліктің қатысуымен шешу тəртібінен алып тастап, оларды құқықтық қағидалар ре-
тінде  бекіту  арқылы  мемлекеттік  билік  органдарының  қарауына  беру  саналады.  Осындай  жағдайда 
мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну қағидасы маңызды қызмет атқарады. Конституциялық жол-
мен биліктің үш тармағының құқықтары мен міндеттері бекітіліп, олардың арасында тепе-теңдік те-
жемелі жүйе бекітіледі. Əлеуметтік мемлекеттілікті қалыптастыруда   Конституцияда адам жəне аза-
маттардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын бекітумен қатар мемлекеттік билік органдарының 
қызметі  арқылы  кешенді  түрде  халықтың  игілігін  көтеретін  əлеуметтік  саясат  жүргізу  қажет.  Осы 
жағдайда билік тармақтарының арасында конституциялық шектеулермен қатар əлеуметтік мемлетті 
құруда негіз қалайтын билік тармақтарының арасында тепе-тендік пен тежемелік жүйені де белгілеу 
қажет. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясатын жүзеге асырғанда заңшығарушы жəне атқарушы 
биліктің  бір-бірімен  үйлесімді  қызметі  мен  олардың  қоғам  алдындағы  конституциялық-құқықтық 
жауапкершілігі маңызды рөл атқарады. Жалпы мемлекеттің əлеуметтік саясатының белгіленуі, оның 
бекітілуі жəне жүзеге асырылуы заңшығарушы жəне атқарушы билік тармақтарының үйлесімді қыз-
меті арқылы қамтамасыз етіледі. Осы жағдайда мемлекеттік билік құқықтық, əлеуметтік мемлекет ре-
тінде  жүргізілетін  əлеуметтік  саясатты  заңдармен  басқа  да  нормативтік  актілермен  қамтамасыз  ету 
қажет,  бірақ  мемлекеттің  жайбасарлығы  осы  қоғамдық  мүдде  мен  оның  құқықтық  реттелуінің  ара-
сында əрқашан сəйкессіздік болуына себеп болып отырады. Сəйкессіздіктің болуының себебі ретінде 
мемлекеттік  билік органдарының  құрылу  мен  қызметінің  құқықтық  реттеудегі  кездесетін  кемшілік-
терді айтуға болады.  
Қазақстан  Республикасы  конституциялық  құрылысының  мызғымас  негіздеріне  мемлекеттің  ең 
қымбат қазынасы ретінде адам жəне оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының танылуы (1-б.), 
Конституцияның жоғарғы күшке ие болуы (4-б.), мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық болып та-
былатыны (3-б.), саяси жəне идеологиялық сан-алуандылық (5-б.), əлеуметтік мемлекеттілік (1-б.) бү-
кіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму (1-б.), меншік сан алуандылығын (6-б.) халықаралық 
шарттардың ұлттық, заңдардың басымдылық (4-б. 3 т.) қағидаларын жатқызуға болады. 
Нарықтық-экономикалық  жүйенің  маңызды  қағидаларының  бірі — «бүкіл  халықтың  игілігін 
көздейтін экономикалық даму». Бұл қағиданың бекітілуі Қазақстан Республикасының өзін əлеуметтік 
мемлекет ретінде орнықтыруынан туындап отырған ереже. Ал əлеуметтік мемлекеттілікті əлеуметтік 
бағыттағы нарықтық экономикасыз байланыстыру мүмкін емес. Экономикалық жүйе қоғамның басқа 
салаларының өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық негізгі қызметін атқарады. Оның маңызды 
қызметіне қоғамның жеке мүшелері мен толық қоғамның өзінің материалдық сұраныстарын қанағат-
тандыру жатады. Адамдарды қажетті игіліктері мен қамтамасыз ететін экономикалық жүйе ең тиімді 
болып саналады. Экономикалық дамудың жалпы халықтың игілігін қамтамасыз етумен байланысты 
болғандықтан, экономикалық қызметпен айналысатын субъектілерді əлеуметтік жауапкершілігін жо-
ғарылатады. Əлеуметтік жаупакершілікті қолдау кəсіпкерлік саласының тиімділігін арттырады. Эко-
номикалық жүйенің дамуының əлеуметтік жауапкершілігі бастапқы уақытта өткен ғасырдың 20-шы 
ж. бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі туралы ұғымға негізделе қалыптасты. Кəсіпкерлік қызметтің 
əлеуметтік жауапкершілігі келесі құрамдас бөліктерден тұруы қажет: біріншіден, жеке бас пайда табу 
тұжырымдамасына сүйене беруге болмайды, өйткені ондай жағдай жалпы қоғам игілігінің өсуіне се-
беп  болмайды.  Егер  жеке  жəне  қоғамдық  игіліктер  арасында  қақтығыстар  туындаса,  онда  жеке  бас 
игілігі қоғамдық игілікке бағындырылуы қажет; екіншіден, экономикалық жүйе сан алуандылық пен 
конституционализм қағидасына сүйенуі керек; үшіншіден, қоғамның игілігін жеке өкімет немесе же-
ке  ұйымдар  қамтамасыз  ете  алмайды,  сондықтан  да  өкімет  пен  кəсіпкерлер  арасындағы  бір-біріне 
қарсы тұруды жою қажет; төртіншіден, экономикалық мүдделік бəсекені теңестіру қажет, яғни өнді-
рушілер, тұтынушылар, қоғамдық қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың мүдделері бір-бірі-
не қайшы болмай адал бəсекеге түсуі қажет (40, 78-б.).  
Экономикалық қызметтің əлеуметтік жауапкершілігі сонымен қатар келесі конституциялық қа-
ғидамен толықтырылады: меншік міндет жүктейді, оны пайдаланып, сонымен қатар қоғам игілігіне 
де қызмет етуге тиіс (6-б., 2-т.). Осы екі қағида тек кəсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерге 
ғана міндет жүктеп қоймай, мемлекеттің де жауапкершілігін бекітуге негіз болады. Егер мемлекет кə-
сіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  құқықтарын  қамтамасыз  ете  алмаса,  олардың  қызметін  құқықтық 
реттеу механимздерін қалыптастырмаса, онда кəсіпкерлердің əлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асы-
ру мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 3-тармақшасына сай «Жер 
жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемле-
кет меншігінде болады» делінген. Конституциялық құрылыс негіз ретінде бекітілген бұл ереже мем-
лекетке қосымша міндеттер жүктейді, яғни мемлекеттік меншік жалпы халықтың игіліктер қатарына 

161 
жатқандықтан, оның тиімді қолданылуы мен басқарылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет. Осыған 
байланысты мемлекеттік органдардың құзіретін белгілейтін басқа конституциялық нормалар қалып-
тасады.  Мысалы,  Конституцияның 6-бабы  мен  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы»  Кон-
ституциялық Заңында 9-бап «Үкіметтің құзіреті ретінде» мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдас-
тырады жəне оның қорғалуын қамтамасыз етеді» делінген. Ал Парламент меншікке байланысты қа-
тынастарды реттейтін заңдарды қабылдайды. Осы нормаларға сүйене отырып, Қазақстан Республика-
сының Конституциясына сай қоғамдағы экономикалық қызмет негіздері көпшілік биліктен, яғни ха-
лық  билігінен  туындайтынын,  байқауға  болады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында 
мемлекеттің  экономикалық  қызметі  толық  ашылмаған,  оның  ішінде  қандай  экономикалық  жүйе 
бойынша Қазақстанның дамитыны туралы мүлдем норма жоқ. Бірақ кейбір конституциялық норма-
лар əлеуметтік бағыттағы экономикалық жүйе қалыптасуына негіз болып отыр.  
Қазақстан  Республикасының  конституциялық  нормаларымен  салыстырғанда  Ресей  Федерация-
сының  Конституциясы  конституциялық  құрылыс негізі  ретінде  еркін  кəсіпкерлік  қызмет  бостанды-
ғын бекіткен. Осы нормаға қосымша үйлесіп тұрған қағида ретінде: экономикалық кеңістіктің тұтас-
тығы, бəсекені қолдау, тауарлар мен қызметтің жəне қаржы құралдарының еркін айналымға түсуі си-
яқты еркін кəсіпкерлік қызмет құқығы қағидасын толықтыратын нормалар бекітілген. Қазақстан Рес-
публикасының Конституциясында бұл маңызды норма-қағидалар адам жəне азаматтардың құқықта-
ры мен бостандықтарын бекітетін бөлімінде бекітілген. Алдында айтып өткендей, Қазақстан Респуб-
ликасының  Конституциясында  «нарықтық  экономика»  термині  мүлдем  қолданылмайды,  бірақ  кон-
ституциялық құрылыс негіздерінде бекітілген басқа нормалар мемлекеттің əлеуметтік бағыттағы на-
рықтық-экономикалық жүйенің негізгі қағидаларын қорғайтынына күмəн келтірмейді.  
Экономикалық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін конституциялық қағидалардың ішінде мен-
шік сан алуандығы мен олардың бірдей қорғалуын (6-б. 1-т.) бекітетін норма жатады. Осы нормаға 
байланысты мемлекетте сан алуан меншік нысандарының дамып, олардың қорғалуын қамтамасыз ету 
міндетін өз мойнына алады. Меншік сан алуандылығын бекітетін норма мемлекеттік меншік монопо-
лиясының мəртебесіне қарама-қайшы тұрып, бəсекенің дамуына негіз болады. Меншікке байланысты 
норма-қағидалары  Конституцияның  басқа  бөлімдерінде  толықтырылып,  нақтыланып  отырылады. 
Конституцияның «Адам жəне азамат» бөлімінде азаматтардың заңды түрде алған қандай да болсын 
мүлкін жеке меншікте иеленетінін бекіткен (26-б.) нормамен толықтырылған. Жеке меншікке байла-
нысты норма сонымен қатар əр адамның өз иелігіндегі  меншігін кəсіпкерлік қызмет үшін пайдалана 
алу құқығы да бекітіліп отыр. Меншікке байланысты мəселе нақты түрде жеке тұлғаның құқықтық 
мəртебесін айқындап қана қоймай, сол қоғамдағы экономикалық, саяси жүйелерін сипаттайды. Қазір-
гі уақыттағы азаматтық қоғамдарда көпшілік меншігін жоққа шығармайды, бірақ осы көпшілік мен-
шік адамдарды мəжбүрлеу үшін қолданбауына қадағалау жасалып, жеке тұлғаны кəсіпкерлік баста-
мадан айырылмауына жағдайлар жасайды. Сондықтан құқықтық, əлеуметтік мемлекет жеке адамның 
жеке меншік құқығын танып, оны қорғауы қажет, өйткені бұл құқық жеке тұлғаның бостандығын жə-
не қоғамдық моральдік негізін қалайды.  
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген меншік сан алуандығының қағидасы 
меншік нысандарының теңдігін де білдіреді, яғни Конституцияның 6-бабының 1-тармақшасына сай 
əр түрлі меншік нысандары бірдей қорғалуы қажет. Осы тұста меншік нысандарының теңдік қағида-
сының бекітілуі жалпы құқықтық норма ретінде бекітіліп қана қойып, нақтыланбаған. Егерде консти-
туциялық талқылау арқылы жеке меншікті қоғамның экономикалық жүйесінің негізі болғандықтан, 
оны қорғау мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық міндеттері ретінде түсініктеме бергенде конститу-
циялық норманың тікелей əрекет етуіне себеп болар еді. Конституциялық қағидаға арнайы орган ар-
қылы талқылау беру сот арқылы жеке меншік құқығын қорғауда декларативті сипаттағы нормаларды 
тікелей қолдануға мүмкіндік туындар еді. Меншіктің теңдік қағидасын талқылау арқылы олардың сот 
арқылы қорғау жолдарын күшейтуге болады. 
Қазақстан  Республикасында  танылған  экономикалық  қызмет  қағидасына  əркімнің  кəсіпкерлік 
қызмет еркіндігін (26-б. 3-т.) жатқызуға болады, бұл қағида нарықтық экономиканың негіз қалаушы 
қағидаларына қатысты. Жеке меншік құқығымен үйлесе отырып, еркін кəсіпкерлік қызмет пайда табу 
мақсатында кедергісіз кəсіпорындар құрып, оларды өзгертуге, өз қызметтерінің өнімдерін қолдануға 
мүмкіндік беретін адамның бостандығы ретінде қарастырылады. Кəсіпкерлік қызмет күрделі де көп -
қырлы əлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қалыптасу мен дамудың ұзақ жолынан өтті. Қазір-
гі уақытта еркін кəсіпкерлік қызметтің дамуына себеп болатын негіздерге келесі факторлар жатады: 
− азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы; 

162 
− жеке тұлға идеясының қалыптасуы, оның ішінде туа адамға бітетін жəне ажырамас құқықтар 
мен бостандықтардың танылуы; 
− экономикалық  бостандығы  немесе  экономикалық  таңдау  бостандығына  негізделген  адамның 
ажырамас меншік құқығының идеясын қалыптастыру мен бекіту; 
− меншікті мемлекеттік биліктен бөлу; 
− қоғамдық өмірдің экономикалық, əлеуметтік жəне саяси салаларын бөлу; 
− нарықтық экономиканы қалыптастыру.  
Нарықтық экономикада кəсіпкер экономикалық қызметтің негізгі субъектісі болып табылады, бі-
рақта  қандай модельдегі нарықтық-экономикалық жүйе болмасын, оның дамуы тек еркін кəсіпкерлік 
қызметке негізделген. Сондықтан көптеген мемлекеттерде жəне Қазақстан Республикасында осы кон-
ституциялық қағида конституциялық тұлғаның мызғымас бостандығы ретінде адам жəне азамат құ-
қықтарын анықтайтын бөлімінде бекітілген. 
Қандайда  құқық,  ерік  немесе  бостандық өзінің  құндылығына  тек  мемлекет  тарапынан  кепілдік 
берілгенде ғана ие бола алады. Осы мақсатта мемлекет кəсіпкерлік қызметті реттеу қызметін өз мой-
нына  алады.  Өйткені  кəсіпкерлік  қызметті  теріс  қолдану  əлеуметтік  қақтығыстарға  əкеліп  соғады. 
Осындай жағдайда мемлекет еркін кəсіпкерлік қызметке тек кепілдік беріп қоймай, оның қолдануын 
экономикалық жүйенің əлеуметтік сипат алуна бағытталып реттеуді қамтамасыз етуі қажет. Сондық-
тан  еркін  кəсіпкерлік  қызмет  қағидасының  бекітілуі  экономикалық  қатынастарды  мемлекеттің  рет-
теуін, оның ішінде жүйелі жəне нақты түрде реттеуін талап етеді. Мемлекеттің кəсіпкерлік қызметті 
реттеуі конституциялық нормалармен қатар «Шағын кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау тура-
лы», «Жеке  кəсіпкерлік  туралы»  заңы,  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  «Азаматтар  мен 
заңды  тұлғалардың  кəсіпкерлік қызметпен  айналысу  бостандығын  қорғау  туралы»  жарлығы,  Қазақ-
стан  Республикасында  шағын  кəсіпкерлік  қызметтің  даму  мен  қолдауы  туралы  тұжырымдама  мен 
Шағын кəсіпкерліктің дамуы мен қолдауы туралы мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, жү-
зеге асырылады. Экономикалық жүйе мен кəсіпкерлік қызметтің дамуына елеулі ықпал ететін əрекет 
ретінде бəсеке саналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармақшасында 
«Монополистік қызметтің заңмен реттелетіні жəне жосықсыз бəсекеге тыйым салынатыны» туралы 
норма-қағида бекітілген. Мемлекет тарапынан бəсекені қолдау нарықтық экономикалық жүйенің қа-
лыптасуына əсер ететін ең тиімді əдіс болып саналады. Бəсеке кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың 
қажетті жағдайы мен негізгі əдісі ретінде қарастырылады. 
«Бəсеке» түсінігі құқықтық жəне экономикалық əдебиеттерде əр түрлі сипатта қарастырылады. 
Өзінің  табиғатына  байланысты  бəсеке  экономикалық  құбылыс  болып  табылады.  Ал  экономикалық 
қатынастар əрқашанда құқықтық нормаларға негізделіп реттеліп отырылғандықтан, құқықтық нысан-
да  жүзеге  асырылады.  Бəсеке  —  шаруашылық  субъектілердің  арасындағы  материалдық  игіліктерді 
өндіру мен айырбастау үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынас. Бұл қатынастардың мазмұны 
болып субъектілердің бір-біріне жəне тұтынушыларға деген ерікті түрдегі нақты əрекеттері саналады. 
Кəсіпкерлік қызметтегі бəсеке тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуге өндірушілер мен сату-
шыларды  ынталандыратын  негізгі  элемент,  немесе  «бəсеке  жағдайында  тұтынушы — қожайын,  ба-
зар — олардың агенттері, ал кəсіпорындар — олардың қызметшілері» деген анықтамалар заңгерлер 
мен  экономист-ғалымдар  тарапынан  берілген.  Осы  анықтамаға  сүйенетін  болсақ,  онда  бəсеке  жағ-
дайында кəсіпкерлік қызмет субъектілер арасында қатынас нарықты экономиканың заңдары — сұра-
ныс пен ұсыныс арқылы реттеледі.  
Бəсекенің экономикаға тигізетін тиімді ықпалына ресурстарды тиімді бөлу мен кəсіпкерлік қыз-
мет саласында бастамашылықтың дамуына тигізетін əсерін айтуға болады. Кəсіпкерлік саладағы бə-
секе субъектілерді ресурстарды сұранысы бар тауарларды өндіруге жұмылдырады жəне бəсекеге тө-
теп беру үшін жаңа жоғарғы деңгейлердегі технологияларды қолдануға итермелейді. Бірақ та кəсіп-
керлік қызметтегі бəсекенің ең тиімді жағы болып кəсіпкерлердің бəйгелік күресінде негізгі тіреуші 
элементі болып  кəсіпкердің жеке еркі немесе бостандығы саналады. Тек бəсеке ғана экономикалық 
қызметті əкімшілік мəжбүрлеусіз реттеп, кəсіпкерлердің жеке табысының ұлғаюына негіз болады. 
Бəсекенің тиімді жақтарымен қатар тиімсіз жақтары да бар. Тиімсіздіктері экономиканың тұрақ-
сыздану жағдайын тудырады. Бəсеке нарықтық қатынастарда тепе-теңдікті қалыптастыратын да, осы 
тепе-теңдікті бұзатын элемент болып саналады. Бəсекенің тиімсіз жақтары ретінде тұтынушылардың 
сұранысы мен ұсынысқа байланысты бағалардың тұрақсыздығын айтуға болады. Бағалардың төмен-
деуі тауар өндірушілердің кейбіреулерін базардан ығыстырып шығарады да, олардың банкроттыққа 
ұшырауына негіз болады, ал жұмысшылар үшін жұмыссыздықты білдіреді. Бəсекенің тағы кері əсері 
кəсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  пайда,  табыс  табуда  экономика  мен  өндірістің  дамуына  кедергі 

163 
болатын əрекеттер жасауға ынталандыруы да мүмкін. Сондықтан бəсекенің тиімсіз жағы мемлекеттің 
əлеуметтік-экономикалық жағдайына да кері əсерін тигізеді. Бəсекенің тиімсіз жақтары мемлекеттің 
экономикалық жүйесіне кері əсерін тигізбеу үшін мемлекет тарапынан осы қатынастардың дұрыс ба-
ғытта қалыптасып, дамуына ықпал ететін саясат жүргізілуі қажет. Экономиканы, оның ішінде бəсеке-
ні,  мемлекеттік  реттеудегі  құқықтық  механизмдерді  белгілеу  арқылы  бəсекенің  қоғамға  тиімділігін 
арттыруға болады. 
Қазақстан Республикасындағы бəсекенің құқықтық реттеу механизмі  Конституцияның 26-бабы-
ның 4-тармақшасына негізделіп қалыптастырылады. Ал осы қағиданы толықтыратын қосымша кон-
ституциялық қағидалар ретінде еркін кəсіпкерлік қызмет құқығы, тең құқықтар, жеке меншіктің қор-
ғалуы, адам құқықтарының сот арқылы қорғалу қағидалары Конституцияда көрінісін тауып отыр. Бə-
секенің дамуына жəне құқықтық реттеуде Конституцияның «монополистік қызмет заңмен реттеледі 
жəне шектеледі» деген нормасы да Қазақстан Республикасында жəне басқа да нарықты экономикасы 
қалыптасқан  мемлекеттерде  негізге  алынады.  Қазақстан  Республикасының  бəсеке  мен  монополияға 
байланысты  заңдылықтары  Конституцияның 26-бабының 4-тармақшасына  сай  қалыптасады.  Бəсеке 
құқығы  еркін  кəсіпкерлік  қызметтің  маңызды  элементі  болып  саналады.  Мемлекет  бəсекеге  байла-
нысты қатынастарды реттеуді жүзеге асырғанда бəсеке негізінде нарықты экономиканың тиімді əре-
кет етуін қамтамасыз етіп, монополияға бақылау жүргізуді  мақсат етіп қояды. Осы мақсатты шешу 
үшін мемлекет тарапынан бəсекені құқықтық реттеудің міндеті болып: 
− нарықтық қатынастардың бəйгелестік негізде өмір сүруі мен дамуына жағдай жасау; 
− кəсіпкерлік қызмет субъектісінің бəсеке негізде əрекет етуге құқығын тану; 
− кəсіпкерлік қызметтің монополизациялануынан қорғау; 
− жосықсыз бəсеке мен монополияны алдын алу мен заңсыз əрекеттерді заңды түрде шектеу. 
Қоғамның экономикалық жүйесінің негізін қалаушы құқықтық қағидаларды бекітуде мемлекет-
тің алдында тұратын өзекті мəселелердің бірі 
— 
əлеуметтік бағыттағы нарықты экономиканың эконо-
микалық ілім арқылы айқындалған қағидаларының ескерілуі. Қалыптасқан жағдайда экономика сала-
сындағы ғылыми зерттеулер мен экономикалық дамудың тəжірибесіне сүйеніп, тұжырымдап шыға-
рылған  қағидалар  көп  жағдайда  ескеріле  қоймайды.  Құқықтық  қағидаларға  тоқталар  алдында  олар-
дың экономикалық қағидалармен ара-қатынасы жəне құқық нормаларымен үйлесімділігінің мəселе-
сін қарастыру қажет. Экономистердің еңбектеріне сүйенетін болсақ, онда олар келесі əлеуметтік ба-
ғыттағы нарықты экономиканың қағидаларын экономикалық тəртіпті қалыптастыруда негізге алуды 
ұсынады
6
. Əлеуметтік-экономикалық жүйе елдің экономикалық дамуы мен қоғамдағы əр түрлі əлеу-
меттік топтардың мүдделері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған: 
− меншік нысандарының барлық түрлері жəне шаруашылық типтерінің дамуы мен əрекеттесуін 
реттейтін қызметті атқаруы; 
− əлеуметтік-экономикалық жүйе моделінің қызметінде өндіріс, үлестіру, айырбас жəне тұтыну 
субъектілердің  қызметін  халық  шаруашылығының    қай  саласында  əрекет  етуіне  қарамастан, 
есепке алу; 
− ұдайы өндіріс үрдістерін қарапайым түрдегі экстенсивтік өсу  жəне кеңейтілген түрдегі сұраныс-
тарды қамтамасыз ету түрде ғана қарастырмай, инновациялық-ақпараттық сипатта қарастыру; 
− тұрғындардың игілікті тұрмысының өсунің  көрсеткіші мен жеке тұлғаның тұрмысының көр-
сеткіштерінің арасындағы айырмашылықтарды айқындау. 
Атап өткен нарықты экономикалық жүйені қалыптастырудың моделінің құқықтық негіздерін бе-
кіткенде мемлекеттегі қабылданатын құқықтық актілерде осы қағидалар ескерілсе, əлеуметтік-эконо-
микалық дамуды қаматамасыз етудің алғышарты болар еді.  
 
 
Əдебиеттер тізімі 
121.  Ливщиц Р.З. Теория права. — М., 1994. — 195-196-б. 
122.  Мальцев Г.В. Социальная справедливость и право. — М., 1977. — 241-б. 
123.  Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан. — Караганды, 1998. — 15-б. 
124.  Гаджиев Г.А. Конституционные принципы рыночной экономики. — М., 2002. — 51-б. 
125.  Румянцев О.Г. Основы конституционного строя России. — М., 1994. — 22-б. 
126.  Притворова Т.П. Формирование социально-рыночной экономики в РК. — Караганда, 2001. — 31-32-б. 
 

164 
УДК 343.4:343.985(474.5) 
Я.Ч.Юшкявичюте, С.К.Мулявичюс  
Университет Миколаса Ромериса, Литва 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет