16 желтоқсан – Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» ертеңгілік сценариі Мақсаты



бет2/2
Дата10.10.2022
өлшемі21,15 Kb.
#42182
1   2
Байланысты:
16 желтоқсан ЕРТЕҢГІЛІК

Хор: «Мен елімнің гүлімін»
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.
Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.
27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады
Оған Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан
Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков,
Л.Асанова,С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
1 минут үнсіздікпен еске алу
Тақпақтар:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!

Жасай берсін Ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп атаның
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.

Қыста келген бақыт бұл,


Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.
Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.

Өз меншігің


Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!...


Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай


-Енді балаларымыздың мерекеге дайындаған биіне кезек берейік.
Би.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Тәрбиеші сөзі:
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Теңге алу»
Хор: « Байтақ елім»

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет