19-параграф. Арнайы түзету оқу қызметі


-тарау. Мектепалды дайындық топ (сынып) (5 жастан бастап)



бет15/17
Дата17.11.2022
өлшемі63,84 Kb.
#50942
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
арнайы педогогика

4-тарау. Мектепалды дайындық топ (сынып) (5 жастан бастап)

194. Арнайы түзету қызметінің базалық мазмұны сенсорика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.


195. Мақсаты сенсорлық эталон жүйелерінің дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін перцептивті әрекеттерді, бағдарлау іс-әрекетін қалыптастыру; көру-қозғалыс координациясын, тактильді-моторлы қабылдауды, стереогнозды жақсарту; балаларды зерттеу әрекеттерін, заттар мен материалдардың қасиеттерін сөзбен белгілеуге ынталандыру; объектілерді зерттеу процесіне, заттармен ойындарға оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру.
196. Міндеттері:
объектілердің қасиеттері мен ерекшеліктерін бөліп көрсету үшін көру, есту, тактильді-қозғалыс қабылдау негізінде объектілерді зерттеудің кешенді алгоритмін қалыптастыру;
заттардың түсі, пішіні, өлшемі туралы эталонды түсініктерін қалыптастыру;
әртүрлі заттармен, материалдармен, заттектермен практикалық зерттеу әрекеттерін қалыптастыру;
талдау қабылдауын дамыту, белгілер мен қасиеттерді ауызша белгілеуді түсінуге, берілген белгіні бөліп көрсетуге дағдыландыру;
көлемдік геометриялық денелерді тану және атау, оларды жазықтық үлгілермен және нақты заттармен сәйкестендіру қабілетін дамыту;
бөліктердің санын және қиылу конфигурациясын біртіндеп арттыра отырып, бөліктерден объектінің толық бейнесін құрастыру қабілетін қалыптастыру;
стереогнозды дамыту, материалдардың текстурасын, объектілердің өлшемін сипалау арқылы анықтау;
көзбен өлшеу функцияларды және өлшем бойынша тізбекті қатарда бағдарлалап, қатарға элементтерді енгізу қабілетін дамыту, сын есімдердің салыстыру дәрежесін пайдалана отырып, қатардың элементтерін өлшем параметрлері бойынша салыстыру;
объектілерді топтастыру кезінде көзбен көретін белгілермен әрекет ету, артық затты шығарып тастау, жіктеу принципін таңдауды негіздеу қабілеттерді дамыту;
объектілердің кеңістіктік қасиеттерімен, олардың тұрақты белгі ретіндегі пішінімен, өзгеретін белгілер ретінде өлшемімен және орналасуымен таныстыру;
көру арқылы қабылданатын белгілерді іріктеу негізінде талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, топтастыру, жіктеу психикалық операцияларын дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет