сөйлеуді түсіну мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту, қоршаған әлеммен таныстыру арқылы белсенді сөздік қорын кеңейту;
сұрақтарға жауап беру және өз ойын жеткізу, ортақ сөз тіркесін пайдаланып дәлелдеу дағдыларын бекіту.
Білімді бекіту:
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің объектілері, тірі және өлі табиғат құбылыстары, табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы;
сезімдік қабылдаудың дамуы нәтижесінде қоршаған дүние объектілерінің негізгі белгілері туралы.
Білімді қалыптастыру:
көлік және жол қозғалысы ережелері туралы;
айналадағы адамдар, кәсіптер, еңбек мазмұны мен нәтижелері туралы;
өз Отаны, халқы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ел рәміздері туралы;
өзі тұратын қала (елді мекен), аты-жөні туралы;
көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы;
табиғатта мінез-құлық ережелері мен нормаларын қалыптастыру;
пассивті сөздік қорын одан әрі жинақтау және кеңейту және активті сөздік қорын белсендіру.
Жұмыстың мазмұны.
Балалардың айналасында болып жатқан жайттар мен оқиғаларға қызығушылығын арттыруды жалғастыру.
Қоршаған айналасымен танысу және өзара әрекеттесу арқылы режимдік сәттер мен күнделікті жағдайлардың барысында балалардың пассивті және активті сөздік қорын кеңейтуді жалғастыру.
Диалогқа қатыса отырып, туыстық байланыстар туралы түсініктерін, өз жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының және басқа отбасы мүшелерінің атын атап айтуды қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу әрекеті және ойын сәттері кезінде күнделікті тұрмыстық жағдайларды ұйымдастыру арқылы балаларда отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға, үй жұмыстарын орындауға, жақындарына деген жылы сезімдерін ауызша білдіруге ұмтылуын ояту.
Лексикалық тақырыптар бойынша объектілер, олардың ерекшеліктері мен маңызы туралы түсініктерді бекіту, объектілерді олардың тағайындану мақсатына қарай және негізгі белгілерді ескере отырып жалпылай білу қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Балаларды сөз өзгерту дағдыларды қолданып, заттардың жасалған материалдарын анықтауға және атауға, олардың қасиеттері мен сапаларын сипаттауға үйрету.
Балабақшаның ішінде және алаңында еркін баңдарлау дағдыларын қалыптастыру.
Білімді қалыптастыру:
арнайы көліктердің әртүрлілігі, олардың белгілі бір жұмыс түрін орындауға арналған жабдықтары туралы;
әртүрлі мамандықтар, мамандар туралы, олардың еңбек нәтижелерінің мазмұны, сипаты және маңызы туралы;
балабақша қызметкерлерінің жұмысы туралы.
Ата-анасының, балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы әңгіме құрастыруда еңбек процесі туралы білімдерін қолдана білуге үйрету. Айналадағы заттар, ойыншықтар адам еңбегімен жасалатыны, оларға ұқыптылықпен қарау керектігі туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
қоршаған әлемге белсенді түрде қызығушылық танытады;
жинақталған сөздік қорын сөйлеуде қолданады, заттарды, заттардың қимылдары мен белгілерін атайды, өз ойын білдіретін көмекші сөздер мен жалғаулықтарды қолданады;
өзінің аты-жөні мен тегін, барлық отбасы мүшелерінің, жақын адамдарының есімдерін біледі және атайды;
отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауды біледі, басқалармен қарым-қатынас кезінде өзінің сезімін көрсетеді, өзінің сезімін, ойын, көңіл-күйін сөзбен жеткізе алады. Ересектердің нұсқауларын орындайды;
балабақшаның ішкі кеңістігінде, сыртқа аумағында және оған таныс басқа ортада жақсы бағдарланған;
көлік түрлерін, олардың мақсатын ажыратады. Жолда өзін-өзі ұстау ережелерін, бағдаршамның мағынасын біледі;
мамандық атауларын, ата-анасының немен айналысатынын біледі. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың жұмыс процесі туралы шағын әңгіме құра алады.