19-параграф. Арнайы түзету оқу қызметі


-параграф. II-жартыжылдық



бет6/17
Дата17.11.2022
өлшемі63,84 Kb.
#50942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2-параграф. II-жартыжылдық

177. Сөйлеуді түсіну мен қарым-қатынас дағдыларын одан әрі дамыту, сыртқы әлеммен танысу арқылы белсенді сөздік қорын кеңейту.


Сұрақтарға жауап беру және өз ойларын білдіру, ортақ фразаны қолдана отырып ойлау қабілетін нығайту.
Бар білімді бекіту:
қоршаған табиғат, оның тұрғындары, табиғаттағы мінез-құлық ережелері мен нормалары туралы;
жануарлар мен өсімдіктер әлемінің заттары, тірі және жансыз табиғат құбылыстары, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы;
сенсорлық қабылдауды дамыту нәтижесінде қоршаған әлем объектілерінің негізгі белгілері туралы;
өз Отаны, халқы туралы;
Қазақстан армиясы туралы, екінші дүниежүзілік соғыстың ерліктері мен батырлары туралы білімдерін қалыптастыру;
пассивті сөздік қорын одан әрі жинақтау және кеңейту және активті сөздік қорын белсендіру.
Жұмыстың мазмұны.
Балалардың туған елі, мемлекеттік және халықтық мерекелері, еліміздің рәміздері мен олардың тағайындану мақсаты туралы білімдерін кеңейту.
Қазақстан Республикасының Президенті туралы, оның халқына қызмет ететіні, халқының әр түрлі мәселелерін шешетіні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының рәміздерін тани білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің негізгі белгілерін атай білуге үйрету.
Балалардың білімдерін, түсініктерін кеңейту: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мейрамы туралы, тақпақтар мен әндерді жаттату арқылы балаларды мерекелерге белсенді қатысуға тарту; Отанды қорғаудың қиын, бірақ абыройлы борышы туралы әңгімелер арқылы қазақ әскері туралы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандықтардың ерліктерімен таныстыру.
Балалардың жолдың жүру бөлігі, жолда жүру ережелері туралы түсініктерін бекіту. Балаларды бағдаршамның жарық сигналдарына сәйкес жолды кесіп өтуге үйрету.
Балалардың жыл мезгілдерінің негізгі белгілері, табиғаттың маусымдық өзгерістері, маусымдық кезеңдегі адамдар мен жануарлардың іс-әрекеті, осы уақыт кезеңінде болып жатқан оқиғалар туралы білімдерін кеңейтуді және ұйымдастырылған оқу әрекеті аясында ол туралы әңгіме айта білу қабілетін бекітуді жалғастыру.
Сөйлеуде демеулік және септік жалғауларын қолдану арқылы заттың атын, қимылын, таңбасын білдіретін сөздермен жай жайылма сөйлемді құрастыру және сол арқылы табиғатта әр жыл мезгілінде болатын түрлі оқиғаларды сипаттау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің атауларын, негізгі белгілерін және тағайындану мақсатын, еліміздің қазіргі Президентінің есімін біледі. Өз мемлекетінің мемлекеттік және халықтық мерекелері туралы түсініктері бар;
екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандықтардың ерліктері, Қазақстан армиясы туралы, жауынгерлерге жүктелген міндеттер туралы түсініктері бар;
ел өмірінің маңызды кезеңдерінде болып жатқан оқиғалар, табиғаттағы өзгерістер, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің ерекшеліктері туралы шағын әңгіме құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет