1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

№  
Бағалау 
көрсеткіштері 
1  2  3  4 



7/А 


10 
1

12 
13 
1

15
/А 
1  Лекцияға қатынасу 
3  3  3  3 



21 






3  21 
2  Лабораториялық 
жұмысқа қатынасу 
2  2  2  2 



14 







14 
3  Лабораториялық 
жұмыс 
тапсырмаларын  
орындау 
3  3  3  3 



21 






3  21 
4  СӨЖЖ 
тапсырмаларын 
орындау 
0
,

0
,

0
,

0
,

0,

0
,

0,

3,5 
0,

0,

0,

0
,

0,

0,

0
,

3,

5  СӨЖ  тапсырмаларын 
орындау 
 
 
 

 
 

10 
 
 
 

 
 
 
5  10 
6  Сабаққа 
қатынасу 
белсенділігі 
0
,

0
,

0
,

0
,

0,

0
,

0,

3,5 
0,

0,

0,

0
,

0,

0,

0
,

3,

7  Тақырыптар 
бойынша 
қосымша 
материал дайындау* 
 
 
 
 
 
 
 
+5 
 
 
 
 
 
 
 
+

8  Жеке 
басының  
ерекше қасиеті** 
 
 
 
 
 
 
 
+5 
 
 
 
 
 
 
 
+

9  Тестілік 
бақылау 
көрсеткіші 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

1

ҒЗЖ қатынасу*** 
 
 
 
 
 
 
 
+8 
 
 
 
 
 
 
 
+

 
Барлығы 
 
 
 
 
 
 
 
100 
 
 
 
 
 
 
 
10

+ бонустық балл 
 
*( реферат жазғаны үшін-1 балл, ғылыми баяндама дайындағаны үшін-1 балл, 
баспасөз бетіне мақала жариялағаны үшін- 3 балл) 
** (жауапкершілігі, тиянақтылығы, ұқыптылығы, адаммен қарым-қатынас жасау 
мәдениеті) 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

169
 ~ 
 
*** ғылыми үйірмеге мүшелігі үшін- 1 балл, оқу пәні бойынша олимпиадаға 
қатынасу: республикалық- 3 балл, халықаралық- 4 балл, ғылыми- практикалық 
конференцияға қатынасу: университет бойынша- 1 балл, республикалық- 3 балл, 
халықаралық- 4 балл.  
Әдебиеттер тізімі 
1.  Кусаинов  А.А.,  Омирбаев  С.М.,  Карпыков  С.С.  Рекомендации  по  организации 
учебного процесса и оценки знаний обучающихся по  кредитной  системе обучения. 
( Учебно – методическое пособие) Алматы: КазГАСА,  2006. 
2.  Абдыгаппарова  С.Б.,  Ахметова  Г.К.,  Ибатуллин  С.Р.,  Кусаинов  А.А.,  Мырзалиев 
Б.А., Омирбаев  С.М. Основы кредитной  системы  обучения  в  Казахстане.  –  Алматы: 
Қазақ университеті, 2004. – 198с. 
 
 
Ж.К. Жұмабаева, Ж.Т. Сарбалина 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
  
ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ТҰЛҒАЛАРЫ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ 
 
Аңдатпа
 
Бұл  мақаладақазақ  тарихының  дамуына  өз  үлесін  қосқан  Халел 
Досмұхамедұлының тарихи еңбектері талданады 
Негізгі сөздер: 
Ғалым, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, дәрігер  
       
Халел  Досмұхамедұлы  еліміздің  бүгінгі  тарихи  дамуына  өз  үлесін  қосқан 
Алаш  қозғалысының  қайраткері  ғана  емес,  сонымен  қатар  көрнекті  тарихшы  да. 
Алаш  зиялысы    Халел  Досмұхамедұлы  еңбектерінің  өзектілігі    -  ғалымның  қай 
шығармасын алсақ та, тарихи тұрғыдан аса құнды болуында. 
     
 Халел  Досмұхамедұлының  жоғарғы  идеялық  мазмұнды  еңбектері  шынайы 
шыншылдықпен  қатар  тарихилық  шеберлікпен  жазылған  деп  айтсақ  қателеспейтін 
шығармыз.  Халел  Досмұхамедұлының  жекелеген  зеттеулерінің  саяси-тарихи  мәні 
бүгінгі    күнде  де  өз  салмағын  жоғалата  қойған  жоқ.  Келешектеде  жоғалмақ  емес, 
керсінше, мағынасы тереңдеп, құндылығы арта түспек. Өйткені ғалымның келтірген 
деректері мен фактілері, ғалым ретіндегі тұжырымдамалары аса дәйекті.     
      
Халел  Досмұхамедұлының  бірқатар  зерттеулері    Сырым  Датұлы,  Исатай 
Тайманұлы,  Махамбет  Өтемісұлы,  Жалаңтөс  батыр,  Кенесары  –  Наурызбай  сынды 
қазақтың біртуар тарихи тұлғаларына арналған.  
      
Оның  Әбубәкір  Диваевқа,  Халық  Ағарту  Комиссариаты  жанындағы 
Мемлекеттік  Ғылыми  Кеңеске  жазған  арызында  былай  делінген:«Мен  қазір  ұзақ 
жылдар  бойы  ел  арасынан  өзім  жинаған  орасан  көлемді,  ғылыми  мән-маңызы 
жағынан  өте  бағалы  тарихи-этнографиялық  материалдарды  шұғыл  түрде  баспаға 
дайындау  үшін  сұрыптап,  саралап,  бір  жүйеге  түсіріп,  әдеби  өңдеу  жұмыстарымен 
ойналасып  отырмын.  Бірақ  менің  ғылыми  тереңірек  бойлап,  алаңсыз  жұмыс 
жасауыма  оңаша  бөлменің  зәрулігі  қинап  тұр.  Себебі  менің  отбасыммен  тұратын 
жалғыз  бөлмелі  пәтерімде  жататын  төсектен  айналуға  орынның  жоқтығы,  оның 
үстіне  тамақтануымызға  да  осы  аядай  жерде  тура  келетіндіктен  шығармашылық 
жұмыспен  шұғылдану  мүмкіндігімнен  мүлдем  айырды.  Сондықтан    Түркістан 
Республикасы  халық  Кеңесі  Комиссариатының  осы  жылғы  12-ші  ақпандағы  №  35 
қаулысының 6-бабына сәйкес жанымыздағы іргелес бөлмені қосымша бекітіп беруді 
көптен-көп  өтінемін,  бұған  дейін  маған  тиесілі  болған  аталған  бөлмеден  қуып 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

170
 ~ 
 
шығарған  еді.  Ташкент,  наурыздың  11-і  1922  жыл»  [1].  Халел  Досмұхамедұлының 
осы хатынан –ақ ғалымның ғылымға, ел тарихын қалпына келтіруге құлшынысы мен 
азаматтық жауапкершілігін сезінуге болады.   
        
 Қазақ  Кеңестік  Автономиялық  Социалистік  Республикасында  қайраткерлік 
қызметтерімен  қатар,  дәрігер-  ғалым    оқу-ағарту  саласындағы    маңызды  істерімен 
бірге  қазақ тарихын,  мәдениетін,елдік  дәстүрлерін қалпына  келтіруге  бағыттталған 
ұланғайыр жұмыстарды қатар атқарды.    Жоғарыдағы хатында көрсетілгендей, аса 
қиын тұрмыстық жағдайларда ерік-жігерін, бар білімі мен білігін  ешқандай ақы да, 
марапат та талап етпей, туған халқы үшін арнады.  
        
 Ол  тарихи  тақырыпқа  арналған  шығармаларды  жаза  отырып,  халықты 
бостандыққа,  азаттыққа,  шынайы  демоктариялық  биіктікке  шығуға  үндейді.Тарихи 
тұлғалар  туралы  еңбектерінде    Халел  Досмұхамедұлы  нақты  деректер  келтіре 
отырып,  сол  деректерді  өзара  салыстыру  және  өмір  шындығына  үйлестіру  арқылы 
тарихи тұжырымдамалар жасай білді.  
        
«Он  сегізінші,  он  тоғызыншы  ғасырлардағы  қазақтың  қозғалысының  ең 
күштілері  –  Сырымдікі,  Исатайдікі,  Кенесарынікі.  Үш  қозғалыстың  бас  мақсаты  – 
қазақтың  орыстың  жәңгірлік  құшағынан  құтқару.  Сырым  мен  Исатай  хандардың 
патша  өкіметінің  құралы  болғанына  түсініп,  әуелі  орыс  өкіметі  арқылы  хандарды 
жойып,  сонан  соң  орыс  өкіметінен  құтыламыз  деген  саясат  жүргізді.  Хандар  мен 
патша өкіметін  бірін  бірінен  айыруға  мүмкін  емес  екендігін  бұл  екеуі тез-ақ түсінді. 
Сондықтан  ақырында  хандарға  да,  орыс  өкіметіне  де  қатар  қарсы  болды»  [2]  -  
деген нақты тұжырымдары  осыған дәлел.  Сырым Датов пен Исатай Таймановтың 
көретілістерінің  антифеодалдық  сипаты  мен  қатар  ұлт  –  азаттық  бағытын  дәл 
көрсеткен.  
      
 Сонымен  қатар  кеңес  заманында  Кенесары  қозғалысы  туралы    да 
қазақстандық  тарихшылар арасынан алғашқылардың бірі болып  мәселе көтерген. 
Егер Е.Бекмұханов бұл мәселені 40-50 жылдарда зерттесе, Халел атамыз Кенесары 
қозғалысының  ұлт – азаттық сипатын 20 -жылдардың аяғында – ақ айтқан. Халел 
Досмұхамедұлы  Кенесары  туралы    жазғандары  үшін    кеңестік  идеологияның  
шырмауына    түсетінін    біле  тұра    шындықты    бүркемелей  алмады.    Бұл  оның  өз 
халқын  сүйген    азаматтық    позициясын  ,  ғылымдағы    объективтілік  сияқты  
принциптерді  терең меңгерген оқымысты екендігін көрсетеді. 
      
 Халел  Досмұхамедұлы  өмір  сүрген  кезде  үзілді-  кесілді  ой  айту, оны  баспа 
бетіне  шығару,  тарихи  фактілер  мен  деректерді  жалпы  халыққа  жария  ете  білу 
ханды,  патша  өкіметін  қаралау,  даттау    үлкен  ерлік  еді.  Оны  Халел 
Досмұхамедұлының    мына  бір  пікірлерінен  аңғарамыз:    «Жәңгірге  салтанат,  патша 
тұрмысы  керек  болды.  Салтанат  құруға  ақша  керек.  Елге  түсетін  салық  көбейді. 
Жәңгір зекет алуды шығарды.», «Жәңгірдің басына билігі келмейтін, мақтан сүйгіш, 
кім мақтаса, соған еретін менмендігі күшті, ел билеуден түк білмейтін адам екендігі 
бүтін жұртқа мәлім болды. Ел арасында Жәңгірді жақтырмаған адам көбейді»[3].   
    
  Ғалымның  бұл  пікірі  кеңестік  заманындағы  тап  күресі  тұрғысынан 
жазылған.  Бұл  қазіргі  заманғы  тарихшылардың    Жәңгір  туралы  тұжырымдарымен 
сәйкес  келмеуі  мүмкін.  Бірақ  ғалым  көтерілістің  заңды  сипатын  нақтылауда Жәңгір 
хан жіберген қателіктерді обьективті көрсетіп тұр. 
     Х.Досмұхамедовтың  тарих  саласындағы  еңбектерінің  ішінде  ерекшесі  — 
«Тайманұлы  Исатайдың  қозғалысы  турасында  қысқаша  мағлұмат»  шығармасы.  Бұл 
жинақта  Халел  Досмұхамедұлы    тарихи  мәліметтерді  жинақтап,    жіктеуді  мақсат 
еткен.  Ол  тарихи  оқиғалар  мен  мәліметтерді  тек  жалаң  сөзбен  жазып  ғана  қойған 
жоқ,  оны  әдет-ғұрыппен,  жылдармен  және  де    басқа  да  тарихи  оқиғалармен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

171
 ~ 
 
байланыстыра,  этнографиялық  мәліметтермен  де  салыстыру  керектігін  жақсы 
түсінген.   
    Тарихи  тұрғыда  жазылған  еңбктерінде  Кіші  жүздегі  халықтың  негізгі 
проблемаларынайқын  көрсетеді.  Мысалы,  «Хандардың  мақсаты  –  өздерін  күшті 
қылу,  халыққа  айтқанын  істету  еді.  Хандарға  салтанатты  болуға  елден  алым  – 
салғырт  керек  болды;  күшті  болуға  әскер  керек  болды;  атақ  үшін  жауласу  керек 
болды, тағы тағысын. Ханның табиғаты қара халықтың тілегіне қарсы болды»,- деп 
көрсетеді.  
    Ғалымның  туындыларында  халықтың  өмірін,  ұлт  үшін  күрескен  батырлар 
мен  өз  қамын  ойлаған  хандар,  патша  өкіметінің  өткен  тарихын  қызықтаудан, 
әсерлеп жазудан алыс, керсінше, барлық деректерге шындық тұрғысынан дәл баға 
бере білді. 
   Қорыта  келгенде  Халел  Досмұхамедұлы  тек  ғұлама  ғалым,мамандығы 
дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы 
дарын: саяси және қоғам қайраткері, дәрігер, ұстаз ғана емес сонымен бірге  тарихи  
ғылыми  әдістерді    шебер    меңгерген  көрнекті  тарихшы  да.  Өйткені    Халел 
Досмұхамедұлы  жазған,  зерттеген  тарихи  еңбектердің  орны  ерекше.  Бүгінгі  таңда 
Махамбетті  қазаққа  тұңғыш  таныстырған    да,  Махамбеттанудың  негізін  қалаған 
ғалым Халел Досмұхамедұлына туғанына 130 жыл толып отыр. 
   Еліміздің  дара    тұлғасы    –  Халел  Досмұхамедұлының  өмірі,  қоғамдық 
қызметі,  ғылыми  шығармалары  халқына,  болашақ  ұрпаққа    әлі  де  қызмет  етеді. 
Ендеше ғалымның еңбектерін тереңірек  зерттеп, Халелтану іліміне үлес қосу және 
оны  халық  игілігіне  жарату,  Халел  ғалым  сияқты    біртуар    тұлғаларды    үлгі  тұту  
оның  ұпақтары,біздердің  парызымыз.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.Өмірзақ Озғанбай Жарығы өшпейтін жұлдыз. Алматы, «Үш Қиян», 2003. 
2.Х.Досмұхамедұлы Таңдамалы еңбектері  Астана «Астана - Полиграфия» 2008.   
3. Халел Досмұхамедұлы Аламан. Алматы, «Ана тілі», 1991. 
 
Резюме 
В  этой  статье  анализируется  исторические  труды  ХалелаДосмухамедова, 
внесши свой вклад в развитие казахской истории. 
 
Summary 
This  article  examines  the  historical  works  Khalel  Dosmukhamedov  who 
contributed to the development of Kazakh history. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

172
 ~ 
 
ӘОЖ82331.1    
 
 
А. Сиғуатова  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
М.ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ СҮЙІСПЕНШІЛІК ИДЕЯЛАРЫ 
 
Андатпа 
М.Жұмабаевтың сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдерінде адамның 
психологиялық сезімдері мен жан дүние сырларын жеткізе білуі. 
Негізгі сөздер: 
сүйіспеншілік сезім, махаббат, толық тұлға. 
 
        
Ақын  шығармашылығындағы  ең  үлкен  жаңалық  Батыстық  идеяны  әсіресе, 
махаббат,  сүйіспеншілік  тақырыбында  жазылған,  поэзиясында  өзіндік  өрнекпен 
көрсете білгендігі. Жаһандағы жалғыз мәңгі нәрсе - махаббат. Дүниеде күшті нәрсе 
екеу-ақ қой: өлім һәм махаббат дейді дүлдүл ақын. 
Белгілі  әдебиет  зерттеушісі, филология  ғылымдарының  докторы, профессор 
Ш.  Елеукенов  өзінің  «Арсының  ақыны»  деген  мақаласында  М.  Жұмабаевтың  осы 
мәселедегі  ой-пікірлерін  З.  Фрейд  ілімдерімен  сабақтастыра  қарап,  жұртшылыққа 
жаңадан ой тастайды. Мағжанның Мәскеудегі Жоғары көркем әдебиет институтында 
оқи  жүре,  сол  институттың  директоры,  орыстың  ең  мәдениетті  жазушысы  атанған 
Валерий  Брюсовтың  қазақ  ақыны  дәріс  тыңдамады,  онда  фрейдизм  мен 
символизмнің  тонның  ішкі  бауындай  байланысы  сөз  етілмеді  деп  айта  алмайсың- 
дейді зерттеуші Ш. Елеукенов[1]. 
М. Әуезов айтқандай, батыстық тәлім-тәрбиемен сусындаған және ақындық 
творчествосына  тұңғыш  енгізген  Мағжанға  тең  келетін  адам  табылған  жоқ.  Адам 
жанының  шындығын,  сезім  сырларын  көзбен  көріп,  ішкі  жан  толқынымен,  айқын, 
шынайы  бейнелеу  тұлға  психологиясының  сырларына  қанық,  оны  еркін  сезіне 
алатын, нағыз шын психолог-суреткердің қолынан келер іс. 
М. Жұмабаев шығармаларында адамның жаны мен тәні, сезімімен іс-әрекеті 
өзара  тығыз  диалектикалық  бірлікте,  ерекше  тұтастықта  суреттеледі  де,  адам 
сезімінің даму жолдары шындық тұрғыда көрсетуге баса назар аударылды. 
Сезім  –  адамның    өзінің  басқа  адамдарға,  өзін  қоршаған  айналасындағы 
дүниеге  -    табиғат  жаратылысына  қатынасын  білдіретін  және  оны  бейнелейтін 
психикалық  үрдіс.  Сезімдер  мазмұны    жағынан  сан  алуан  түрге  бөлінеді  және 
барлық адамда біркелкі емес, адамда көптеген дара қасиеттері бар. 
Адамның  сезімінің  ерекше  бір  түрі  -  махаббат.  Махаббат  -  адам  бойындағы 
еңбір  жұмбақ, іңкәр сезім, адам жанының екінші біреуге бағытталған сүйіспеншілігі 
мен құштарлық сезімдерінің интимдік аса нәзік түрі. Мағжан махаббат сезімінің көп 
қырлылығын,  гауһар  тастай  ғажайып  көрінісін,  денені  баурап  алар  тылсым  сырын, 
жастықтың  жалындап  тұрған  сұлулығын,  сипаттайтын  психологиялық  терең  бояуы 
бар ірі туындыларды дүниеге әкелді. 
Махаббат пен шынайы ғашықтық туралы, ақындар мен көркем сөз иелерінің 
ой  айтпағаны  кемде-кем.  Ұлы  Абай  «Махаббатсыз  дүние  бос,  хайуанға  оны 
қосыңдар»- деп, оны адамдық биік қасиетті танытатын ерекше сезімге балайды. 
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең: Отанға, адамзатқа, ата-анаға, белгілі 
бір  кәсіпке,  жынысқа  байланысты  түрлері  бар  екендігі  көпшілікке  мәлім. 
Махаббаттың мәні: биологиялық және рухани, жекелік пен әлеуметтік, интимдік пен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

173
 ~ 
 
жалпыға  ортақтық  сияқты  қарама-қарсылықтардың  бір  жерде  түйісуі  арқылы 
анықталады.  
Биологиялық  мәні  -  жыныстық  инстинкт,  эротикалық  талпыныс  және 
инстинктті тұқым жалғастыру. 
Әлеуметтік  мәні  -  қоғамдық  тарихи  даму  нәтижесінде  қалыптасқан 
азаматтық құндылықтарды дамыту.  
Психологиялық мәні - адамның сезімі, ойы, құмарлық, көңіл-күйі, талпынысы, 
уайымдауы  бұл  ағзаның  нейрофизиологиялық  құрылымы  мен  әлеуметтік  ортаның 
әсерінің нәтижесінде көрініс табады.  
Махаббат - аса нәзік сезім, нағыз махаббат  адамгершілігі жоғары деңгейде 
тұрған  адамға  тән  қасиет.  Оның  жыныстық  инстинкке  негізделген,  биологиялық 
алғышарттары  жануарлардан  ауысқан.  Бұл  биологиялық  инстинкт  ғасырлар  бойы  
қоғамдық даму, әлеуметтік еңбек практикасы, адамның өзара қарым-қатынасы мен 
өнер  табыстарының  нәтижесінде  жоғары  адамгершілік,  эстетикалық  сезімге 
негізделген  махаббатқа  айналған.  Қоғамдық  даму  жоғары  сатыға  өрлеп,  рухани 
мәдени  дамыған  сайын  қоғамда  бұрыннан  қалыптасқан  нормалар  негізінде,  адам 
осы  сезімдерді  қанағаттандырудың  жолдары  мен  әдістерін  тауып  отырады. 
Махаббаттың  қоғамдық,  әлеуметтік  қасиеттерімен  бірге  жеке  адамға  тән, 
басқаларда дәл сондай мазмұнда қайталанбайтын даралық сипаты да бар. Әркімнің 
мінез-құлқының,  темпераменті  мен  болмысының  әр  түрлі  болатыны  сияқты 
сүйіспеншілік  сезімдері  де  әр  түрлі  мазмұнда  бірін-бірі  қайталанбайтын  даралық 
сипатта  көрініп  отырады.  «Қанша  бас  болса,  сонша  ақыл  болатыны  сияқты,  қанша 
жүрек болса, махаббаттың да осынша түрі бар» - дейді ұлы даналар [2]. 
Адамзаттың рухани мәдениетінің тарихында махаббат ұғымының мәні алуан 
түрлі  мазмұнда  түсіндіріліп  келеді.  Философия  тарихында  Платон  тұңғыш  рет 
махаббатты  сезімдік  және  рухани  деп  екіге  бөледі.  Сезімдік  махаббат  -  сұлулықты 
сырттай  ғана  қызықтайтын  төменгі  форма,  ал  рухани  махаббат  -адамның  белсенді 
танымдық  қызметінің  қайнар  бұлағы.  Бұл  екеуінің арасында  өзара тығыз  байланыс 
бар.  Сезімдік  махаббаттың  рухани  махаббатқа  ауысуын  Платон  махаббаттың 
кемелденуі деп қарайды. 
Махаббаттың мәні, философиялық тұжырымда, өз басының қамын ойлаудан  
бас  тартуда,  біреу  үшін  өзіңді-өзің  ұмытуда,  қажет  болса  жанды  пида  етуде  сол 
арқылы өзіңді- өзің билеуге - келіп тіреледі.  
Кім  де  кім  біреуді  өте  жақсы  көретін  болса,  ол  махаббатта  да  жыныстық 
қатынаста  да  өзіңнен  гөрі  қасындағы  адамның  жағдайына  қарайды.  Парасатты 
адамдар  -  тек  физикалық  эротикалық  махаббатқа  ұмтылмайды,  олардың  осынау 
сезімдері  әр  түрлі  тереңдікке,  өзара  түсінушілікке  негізделінеді.  Сол  арқылы  адам 
өзінің  жан  дүниесіндегі  сезімдік  махаббатқа  тән  кеселдерден  арылады.  Танымдық 
махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасаты табиғи күш ретінде көрінеді. 
Махаббат - үнемі өзгеріп отыратын, алуан түрлі элементтерден тұратын аса 
күрделі парасат пен сезімнің  жүйесі. Махаббат сезімдеріне бөленген адамда нәзіктік 
пен  құштарлық,  сүйгеніне  жан-тәнімен,  таза  арымен  берілгендік,  қорқыныш  пен 
үрей, қуаныш пен қызғаныш сияқты қасиеттер пайда болады. 
Жел  өкпелік,  көрсе  қызарлық  пен  өкінішті  сезімдерге  қарама-қарсы  нағыз 
махаббат  өзінің  жан  толғанысының  тереңдігімен,  жүрек  лүпілінің  нәзіктігімен, 
бірбетінен қайтпайтын, бүкіл болмыстарымен берілгендігімен ерекшеленеді. 
Ж.  Аймауытов  «Мағжанның  ақындығы  туралы»  деген  мақаласында  былай 
дейді:  «Табиғат,  махаббат,  көркемдік  -  міне,  қашаннан  бері  ақындардың  жырлап 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

174
 ~ 
 
келе  жатқан,  бас  иген  құдайы,  жабыққан  жанына  ем  болған  дәруы».  Махаббатты 
жырлау арқылы ақындар өмірге деген  құштарлық сезімдерін ұштайды [3]. 
М.  Жұмабаев поэзиясында,  махабат  лирикасы  -  күрделі  жанр.  Ақын  сол  бір 
терең,  құпия  сырлар  арқылы  өмірдің  ашылмаған  қырларын,  екі  адам  арасындағы 
психологиялық сезімдер мен жан дүние сырларын ашады. 
Мағжанның  осы  тақырыптағы  шығармаларында  сан  алуан  психологиялық 
сезім-күйлер мол. Адам жанының неше түрлі тылсым сырлары, ләззатты минуттары, 
азапты түндер, қоштасулар, қимай айырылысу, қайта табысу, қуаныштың, қайғының 
жасы,  жүрек  толқыны  алдыңа  жайылып  салынады.  Мұндай  ғажайып  сезімдерді 
жырлаған ақын поэзиясы осы тақырыптағы әлемдік үлгілермен қатар тұрады. 
Ғашықтық  сезімнің  сан    алуан  толқындары,  ұнату,  құлай  сүю,  бір  көргеннен 
құлап  түсу,  ұзақ  уақыт  сүйіспеншілік  зарын  кешу,  ләззат  рахатына  бату,  бір 
кездесуге  құмарту,  жалт  еткен  ықылас,  түңіле  безу,  махаббат  жолында  жан  қию 
секілді  алуан  сезімдер,  күйлер,    мұң-қайғылар  Мағжан  өлеңдерінде  жүректен  қан, 
тілден «у» ағызған сырлар болып төгіледі: “Махаббат - бір тәтті у, шер жүрек төгер 
жас”,  -  деп  береді.  «У»-дың  адам  өміріне  тигізетін  зияны  секілді,  махаббат 
қайғысының зардабын сондайлық уытты сипаттайды.  
             Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да, 
 
 
Жылы, тәтті у тарады қаныма. 
 
 
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, 
 
 
Патша  тағы,  бүкіл  дүние  малына,  -  деп,  ғашықтық  сезімінен  гөрі, 
құмарлық  сезімде  басымдырақ  жырланады,  мұнда  эротикалық  элементтерде  жоқ 
емес.  Ал  біз  осы  аталған  ғашықтық,  құмарлық,  эротика ұғымына  ғылыми тұрғыдан 
мән  бере  отырып,  Мағжан  Жұмабаевтың    шығармашылығында,  олардың  өз 
орнымен,  ешбір  артық  ауытқуларға  бармай,  көркемдік  мақсатқа  құрылғанын 
тұжырымдаймыз [4]. 
Бір  кезде  осы  мәселеге  орай,  осы  ұлы  ақынды  кінәлаушылардың  мынадай 
тұжырымы  орын  алды.  Ғалым  Ш.  Елеукенов:  «Ақылды  алтын  кісенімен  тұсаулап 
ұстамаса,  ерте  ме  кеш  пе  ойламаған  жерден  омақастырып  кететін,  асау  да  арда 
сезімдердің  бірі  -  осы  махаббат  сезімдері.  Бұл  парасаттың  бақылауынан  сәл 
шығыңқырап  бара  жатқан  құлан  сезім,  қай  кезде  де  қауіпті.  Адами  ұлы  сезімді 
шегіне жеткізе жырлаймын дей отырып, бір сәттік өткінші, тіптен ұшқалақ ләззатты 
қызықтап кету, лирика тағдырына жиі ұшырайды»,- деп тұжырымдайды. Бұл, әрине, 
Кеңестік  замандағы  жабық  тақырыптардың  бірі  болғанымен,  оны  жырлау 
творчестволық  тұлғаға  мін  болып  тағылғанмен,  қазіргі  заманда  ол  адам 
жаратылысының табиғи үрдісі, психологиялық ерекшелігі екендігі дәлелденген.   
Махаббат  сезімінің  басталуы,  шарықтау  шегі  мен  қатар  сөну,  біту  жолы  да 
болатынын  Мағжан  шығармашылығынан  көреміз.  Ол  -  Гүлсім  сұлуға  арналған 
өлеңдері. 
Махаббат  сезімінің  алғашқы  белгілері  -  көзбен  ұғысу  «Кей  уақыт  көзіңізге 
көзім  түссе,  ойнайды  аласұрып  неге  жаным»  дейтін  жолдардан  көрінеді.  Бұл 
жолдарда инабаттылық, ізеттілік бар да сонымен қатар алай-түлей ұйытқыған сезім, 
құмарлық ынтығу бар. 
Махаббат  сезімінің  әсері  адам  жанын  нұрландырып,  ерекше  күйге 
бөлейтіндіктен адамның дүниеге көзқарасы да сондай жарқын сипатқа иеленеді. 
Ақын бірде сүйгеніне теңеу таппай қиял еркіне беріледі. «Жалпы Тәңірі бар 
бір  ғана,  қиял-  аты»  деп  тұжырымдайтындай,  қиялға  ерекше  мән  береді.  Көз 
арқылы ұғысып, көңіл сырын ашысқан ғашығына қолы жеткен тұстағы адамның жан 
дүниесіндегі  өзгеріс  ләззат,  бақыт,  рахат  сезімдері  Мағжан  өлеңдерінің  әрбір 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

175
 ~ 
 
жолынан байқалады. Оның бәрінде ол оғаштыққа бармайды, халықтық әдепке жат 
сөз  қолданбайды.  Сондықтан  да    М.  Әуезов  «Мағжан  культурасы  зор  ақын»  -  деп 
тегін айтпаған. 
Мағжанның  пікірінше,  анасын  сүю  сезімімен  басталатын,  махаббат  сезімі 
ізгілік,  тілек  ұғымымен  қатар  алынады.  Анасынан  кейін  аға-іні,  апа-сіңлі 
басқаларына деген туысқандық сезімі, содан соң барып жақын адамдарды сүю сезімі 
оянады. Бұл тереңдей келе, елін, Отанын сүю сезіміне ұштасады. 
Сүйіспеншілік,  махаббаттың  осындай  ізгі  сипаттары  бойына  жинақтаған 
адамды, Мағжан толық тұлға дейді. Адамның өзін-өзі сүюі, туысқандарын сүюі ғана 
жеткіліксіз, ол адамның құлық сезімінің төмен тұрғандығы, кісі бүкіл адамзатты сүюі 
қажет дейтін, ұлы Абайдың ңөзін ғана сүйген адам, өзі үшін оттаған хайуанмен теңң 
деген пікірімен үндесіп жатыр. 
«Педагогика» кітабында ол «өзін-өзі соқыр сезіммен мал да сүйеді, мысалы, 
бие  құлынын  қорғайды.  Адамның  шын  мағынасымен  адам  болу  үшін,  өзін  сүю, 
жақындарын сүю мен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт» дейді. Жоғарыда 
аталған  ұлттық  рух  мәселелері  Мағжанның  елге,  жерге  деген  махаббатының  да 
негізі.  Өз  елін  сүю,  дегеннен  -  адам  өз  халқынан  басқа  халықтың  да,  адамдарын 
сүюге  міндетті.  Міндетті  ғана  емес,  еріксіз  сүймек. Бұл  адамның жаратылысындағы 
негізгі қасиет, осындай жаратылыс ақын тұлғасының өзіне тән. 
«Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар, жүрек оны жан шыққанша жасырар» 
дегендей,  жасөспірімдердің  нәзік  жан-күйін  түсіне  білген  үлкендер,  олардың  жаны 
мен арының таза, мінезінің өнегелі болуын қадағалап, тура жолға бағыттап отыруы - 
үлкен адамгершіліктің белгісі болмақ. 
Бұл  жөнінде  ол:  “Сұлулық  сезімдері  –  адамның  дұрыс,  ләззат  іздеуіне,  сұлу 
нәрсені  сүюіне,  көріксіз  нәрседен  жиренуіне,  жақсылыққа  ұмтылып,  жауыздықтан 
тиылуына,  көмек  көрсетеді”  -  дейді.  Ал  нағыз  махаббат  бұл  аса  сұлу  сезім.  Адам 
жанының  шындығын,  сезім  сырын  бұлайша  суреттеу  адам  психологиясының  қат-
қабаттарына әбден жетік М. Жұмабаев секілді психолог-суреткер, ойшыл дарынның 
қолынан ғана келмек.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет