1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Әдебиеттер тізімі 
1. Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат. А., 1991. – Б.95-98. 
2. Карелин Г.С. Путешествие по Каспийскому морю//Записки РГО, Спб. 1883, Т. 10 – 
С.482-492. 
3. Иванин М.И. Поездка на полуостров Мангышлак в 1846 году // Записки РГО, Спб., 
1847, 1849, кн.І-ІІ –282с. 
4. Валиханов Ч.Ч. О туркменах. Собр.соч., А-А., 1964, том 3 – 163с. 
5. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлака и Западного 
Казахстана. А-А., 1956, -7с. 
6. Шалабаев С., Өмірбаев Е., Сыдиықов Қ. Мңқыстау. А., 1973.- 14. 
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. А., 1987.- Б.107-113. 
8. Әбдіқалықов М. Маңғыстау хиякаялары. А., 1967. – Б.14-15. 
9. Әжіғалиев С. Арал-Каспий бойының ескерткіштері// Қазақ тарихы,1994, №4.-35 б. 
10. Казиханов Б.Р. Эстетическая культура казахского народа. А-А., 1973. – 28 б. 
 
Резюме 
Статья 
посвящена 
живучести 
богатых 
архитектурных 
памятников 
надгробных сооружений казахов Мангистау, созданные талантливыми мастерами из 
народа.  Огромный  интерес  представляет  зодчество.
 
Следы    древней
 
культуры 
сохранились  на  всей  территории  Мангистау.  Здесь  можно  увидеть  удивительные  
произведения искусства, возведенные руками простых  мастеров.  Они отличаются 
большим  разнообразием  типов  и  форм.  Кроме  больших  по  размерам  купольных 
мавзолеев,  сохранились  такие  типы  памятников,  как  сагана-тамы,  керече-тамы, 
кулуп-тасы, кой-тасы, уш-тасы и сагана. Все это сотворено талантливыми мастерами  
казахского народа, имена которых и сегодня помнят казахи Мангистау. 
 
Summary 
The article is dedicated to the rich vitality of  Kazakh monuments tombstones 
structures of  Mangistau, created by talented artists from the people. Much interest 
presents in architecture. Traces of ancient culture were survived throughout the 
Mangistau. Here you can see the amazing works of art, a simple wizard hand making. 
They have a great variety of styles and shapes. In addition of large-sized domed 
mausoleums were survived these types of monuments, such as Sagan-Tama, Tama-
kereche, kulup-tasy, koi-tasy, ush-tasy and Sagan. All these things were made by 
talented craftsmen of the Kazakh people, whose names are remembered about Kazakh of 
Mangistau today.  
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

188
 ~ 
 
ӘӨЖ 82.09
  
Изтелеуова Ж.А. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясындағы  Абылай хан 
тұлғасының тарихилығы 
 
Резюме  
В  этой  статье  рассматривается  историческая  деятельность  хана  Абылая  в 
дилогии К.Жумадилова «Дарабоз». 
Summary  
The  article  discusses  the  historical  activities  of  khan  Abylai  in  the  novel  
«Daraboz» is written by K.Zhumadilov.  
 
Өткен  ғасырдың  60-жылдарында  қазақ  прозасына  өзіндік  өрнегімен  келген 
жазушыларымыздың бірі – Қабдеш Жұмаділов. Жазушы шығармашылығы турасында 
ұсынған  Ә.Таразидің  мына  пікірі  біздің  жоғарыдағы  ойымыздың    шынайылығын 
байқатады:  «Қ.Жұмаділов  –  қазақ  әдебиетінің  өсіп,  өркендеуіне,  жанрлық, 
тақырыптық, мазмұндық баюына өзіндік  үлесін  тигізген  көрнекті  жазушы.  Сонау  
өткен ғасырдың алпысыншы   жылдардан  бастап жарық көрген шығармаларынан – 
ақ әдебиетке жаңа бір суреткердің өзіндік тақырыппен келгенін жұрт мойындаған» 
[1,7]. 
Роман  жанрының  тарихи    тақырып  сипатына    «Соңғы  көш»,  «Тағдыр» 
туындыларымен    бастаған  жазушы  біз  тоқталмақшы  тақырыпқа  өзінің  «Дарабоз»  
шығармасымен    толық    дәлел  бола    алады.      «Дарабоз»  романына  байланысты  
айтылған:    «тарихымыз    ақтаңдақтарынан    арылған,    Абылайдың  асыл    аты    ел   
егемендігінің      жаршысы      болған  шақта  дүниеге  келген,  дүрбелең    дәуірдің  
шындығына  құрылған  кең  тынысты,  тарихи  туынды»  [2,13]  шығарманың    тарихи 
сипатын жан-жақты ашып берген     пайымды пікір деген ойдамыз. 
Жазушының «Дарабоз»  романындағы елдік ортақ мүдде, азаматтық парыз, 
адамгершілік  мұрат,  халықтық  қасиет,  ұлттық  рухани  бірлік  турасында  оқиға  мен 
характер логикасы арқылы берілген  халық тарихының  шежіресі таным тұрғысынан  
тереңнен  сипатталады.  Тарихи  фактілердің    мол  жиынтығы,  нанымдылығы  өткен 
дәуірдің  көрінісін  қайта  жаңғыртудағы    тарихшылдығы  және    Қ.Жұмаділов 
шығармашылығына  тән    шалқар  шабыт    екпіні  тарихтық  тағылымы  мол,    бүгінгі 
дәуір  рухына  сай  шығарма  жазуына  ықпал  етті.    Тарихтық  шежірені  сөз  өнерімен 
терең  байланыстырып,  тарихи  роман  жанрының  қазақ  әдебиетінде  қалыптасуына  
«Дарабоз»  романымен өзіндік үлес қосты деп толықтай айта аламыз. 
«Дарабоз»  дилогиясы  алғаш  рет  1992   жылы  Жұлдыз журналының №8-9 
сандарына,  сонан  соң 1993  жылы   сол   журналдың  № 4-5 сандарына, ал  екінші  
кітабы  1995  жылы   № 1-2,   1996 жылы №4-5-6 сандарына толықтай жарияланып, 
оқырмандарына жол тартты. Ал жеке кітап ретінде «Дарабоз»  деген  атпен   1994   
жылы    «Шабыт»  баспасында,  екінші  кітабы  1996    жылы  «Жазушы»  баспасында 
басылып шықты.  
Қ.Жұмаділовтің  «Дарабоз»  дилогиясында    ХҮІІІ  ғасырдағы  Жоңғар 
шапқыншылығы негізгі арқау болып, еліміздің тәуелсіздік жолында  көрсеткен  ерлігі  
мен  саясаткерлік  ерекшелігі  жолындағы  Абылай  хан  бейнесін  сомдаудың орны 
ерекше.  «Жазушы  үшін  тарих  ақиқатын  ашуға  бертінде,  сексенінші  жылдардың 
соңында,  демократия  мен  жариялылыққа  біршама    жол      ашылып,      тәуелсіздік  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

189
 ~ 
 
төбесі    көрінгенде    ғана    мүмкіндік    туды.  Ал  тәуелсіз,    азат      ел    болу  үшін  ең 
алдымен  ұлттық  идеяның  іргетасы  –  тарихқа  деген  көзқарас  жаңаруы  қажет 
болатын.  Жазушының  бірден  18-ғасырды    таңдауы    тегін  емес.  Өйткені  
Қазақстандағы    тарих      ғылымында    дәл  осы    ғасырдай    барынша    бұрмаланған,  
басы   аяғына   келіп, төңкеріліп жатқан, жалған тұжырымдарға толы кезең болған 
емес.  Қара тізімге ілінген Абылай, Қабанбай, Барақ сұлтан, Кенесары бастатқан ұлт 
көсемдері  ұзақ  жылдар    бойы    ауызға  алынбады.    Ара  –  тұра  архив  ақтарып, 
қосымша  дерек  жинаған  айларды  қоса  есептегенде,      роман  –  дилогияның   
жазылуына аттай бес жыл уақыт (1990-1995 жылдар) кетті»  [3,415].        
Дилогияның    бастауындағы  Бұқар  жырау  толғауының  эпиграф  ретінде  
берілуі,    аталған    шығарманың      негізі      жыраулар        поэзиясынан    бастау 
алғандығын  байқатады.    Жыраудың  «Ай,  Абылай,  Абылай»  деп  басталатын  
толғауындағы    Бұқар  жыраудың    алғаш      Абылайды    Төле  бидің  түйесін    бағып   
жүргендегі  кезін  суреттей  келе,  жиырма  жасқа  жеткенде    «Алтын    тұғыр»  үстіне 
отыры қазақ елін басқарғаны, жоңғар шапқыншылығы  кезінде  ел  мен  жер  үшін  
батырларды      басқарған      көреген  саясаткер    болғандығы  тілге  тиек  етілген  жыр 
жолы тек  Абылай хан образын  сомдауға      арналған  емес,    сол     кезеңдегі   тарихи  
оқиғаның      шындығын    берген    бірден  –  бір  факті  деген  ойдамыз.  Дилогияның  
басталуы      «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  кезеңінен  кейінгі  жағдайды 
баяндаудан басталады.  
«Ғайсаның  туған  күнінен  есептегенде,  бір  мың  да   жеті   жүз   қырық 
сегізінші    ұлу жылы,    мамыр      айының      алғашқы     жаңасында,      Сарысу  бойында  
отырған    Әбілмәмбет      ханның      ордасында,  ежелгі  ата  салты  бойынша,  жылда   
көктемде   шақырылатын  хан  кеңесі  өтіп жатты.  Алаш  ұранды    қазақ     бұл     күнде  
үшке  бөлініп,  Ұлы  жүз жері Жоңғардың  қол  астында    қалып,    Кіші  жүз  руларының 
дені орысқа бағынған Әбілхайыр ханның  соңына ілесіп, Әбілмәмбеттің   құзырында   
негізінен   Орта  жүз ғана қалғанымен, осыдан  отыз жыл бұрын  өткен  қазақтың   
ұлы      ханы    Әз  –  Тәукенің    аруағын    сыйлаған     жұрт      оның     немересі    отырған   
шаңырақты   әлі де  Ұлы   орда  деп   білуші  еді» [4,6].        
Аталған кеңеске  «О жасаған!  Ортадан   ойып   ордаға кірмегелі не заман?!  
Қасиетіңнен  айналайын,  Әз  –  Тәукенің  орны  жоғалмаған  екен  ғой!»  деп  тақпен 
күңірене көріскен Төле би,  Арғынның Бөгенбай, Олжабай, Малайсары,   Сырымбет, 
Байғозы, Қабанбай, ер Еспембет, Көкжал Барақ  секілді  батырлары   мен   Бұқар,   
Үмбетей,      Ақтамберді    жыраулар    жиналған  –  ды.      Кеңестің      мәні    -  Жоңғар 
мәселесі,  бейбіт  бітім  бе,  әлде  шапқыншыларды    елден      түре      қуып,  қазақтың 
жазиралы  жерін,  құл,  күң  болып  жүрген    қыз  –  бозбаласын  босату.    «Абылай  да 
әзірше  көмей  көрсетіп,  сыр  ашпай,  жұрттың  сөзін  үнсіз  тыңдаумен  отыр.  Әсіресе, 
өткір  көзін  ашық  есіктен  көрінген  көкжиектен  айырмай,    сазарып    қалған  
Абылайдың    жүзінен      қазір    қаһарлы  ашу  байқалады.    Іш  қазандай    қайнайды,   
күресуге    дәрмен      жоқ,      өзімен  -  өзі    іштей  арпалысып  отырғаны  анық»    [4,14]. 
Себебі,    жоңғар  шапқыншылығынан  кейін  енді  ғана  басын  көтеріп,  ес  жиған  үш 
жүздің  батырлары  мен    басшылары      осы      кеңесте      болашақтың    ұлы  жоспарын 
жасауы  керек  еді.    Сол  жоспар  идеясы  батыр  Қабанбай  аузымен  айтылды:  «Бірақ  
менің      бар    арманым  -  әкемнің    моласы    жатқан    ата      қонымсымды  көзімнің  
тірісінде  азат  ету.  Қазақ   үшін   жерден  қымбат нәрсе жоқ. «Дұшпан  астыңдағы  
атыңды сұраса,  аяма.  Өйткені   Қамбар  ата   аман болса, тұлпар  тумай қоймайды. 
Дұшпан қойныңдағы қатыныңды сұраса да, таршылық   етпе.  Өйткені,  елің   аман   
болса, сен үшін тағы бір сұлу бойжетеді. Тек дұшпанға бір сүйем жер  беруші болма! 
Өйткені халық көбейгенмен,  асыраушы   жер  ана   ешқашан үлкеймейді!» - деген 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

190
 ~ 
 
екен  қасиетті      ата  –  бабаларымыз.      Қазір      қазақ    жеріне      келіп      туған    ойрат 
ұлының    соңы  жиырмадан  асып,  найза  ұстауға  жараған  екен.  Солар  бірте  –  бірте  
осы өлкеге бауыр басып, күні ертең жер менікі демесіне кім кепіл?!»   [4,18].  
Шығарманың      басты  идеясы  да  осыған  саяды.  Жер  ананың  қасиеттілігін 
бағалап,      ата  –  бабаларымыздың  қалдырған  асыл  мұрасын  бағалау,  осы  жолдағы  
ел ертеңіне, болашақ ұрпақтың  жайын ойлаған Кеңес осындай   маңызды   шешімге  
бел  байлаған кезең жағдайын байқатқандай еді.  Шешім  ел басқарып отырған хан 
аузынан шығуы тиіс, хан тағында отырған Әбілмәмбет  «түбінде тақ иесі - өзің ғой. 
Мына халқыңа  не айтасың?» дегендей,  ойын   көзқараспен   білдіреді. 
Ал, аты аңызға айналған Абылай хан – ХҮІІІ ғасырдағы жаугершілік кезеңнің  
тарихындағы  хандардың ішінде жеке әрі бас кейіпкер ретінде алынған,   батырлығы 
да, ақылдылығы да, елдің соңынан ерте алатын шешенділігі де  өз алдына бір төбе 
болатын  бірінші тарихи тұлға. 
Дилогияда  Абылайға  байланысты  кеңес  –  жиындар  өткен  тарихи  мекендер 
сюжеттік    желімен    ортақ      бітім    құрайды.    Әрі      тарихи    дерек  көздері,  тарихи 
тұлғаның шынайы қайраткерлік болмысын  барынша ашуда жетекші  роль атқарады.   
Жазушыға  тән  басты  ерекшелік  тарихта  өткенді  сол  күйінде  қайталау  ғана  емес, 
өткен  мен    жаңаның      қатарласа  келуіндегі  қорытындыларды  автор    туындысына  
пайдалана білуінде жатыр. Көркем образ да  тарихи кезең мен  адамның рухани – 
адамгершілік қатынасы дәрежесінде  ашылатын  фактор.   
Дилогиядағы  Абылай  бейнесі  сатылай  көтеріліп,  ашылған.  Алдыңғы  кездері 
әлі  де  хан  болып  сайланбаған  кездері  де  Әбілмәмбет  ханның    оң  қол  тұсында 
отырып, елді билеу бағытын жүргізе берсе,   кейін хан болған кездерінде де  әуелі 
ақылға  салып,  алдымен    елдің  қамқоры  болған,  аузы  дуалы    –  жыраулардың   
сөздеріне      ден      қойып,      өзінің      негізгі      пікірін    Бұқар  жырауға  не  болмаса 
Ақтамберді  жырауға    мақұлдатып    отырады.  Ал  ойының  бір  ұшығы  ол  батырларда 
болады,  қалайда  жөнін  айтып  сөйлеген  қай  батырының  болса  да  айтар    ойын  
аузынан қақпай,   құрған жоспарының мән – жайына қанығып отырады. Содан соң 
барып, кімді қолдайтынын айтып,  негізгі өзінің ойында пісіп – жетілген жоспарына 
ден  қоятыны,    Абылай  бейнесінің  әрқашан    қазақ  жұртымен  біте  қайнасып  бір 
ортада жүргендігін паш етеді. 
Бұл  орайдағы  жазушы    тілегі  ханның  елдің  «тіл  мен  көмейі»  атанған 
жыраулармен  бір  бітімде  отыруы.  Бұл  орайда    автор    көркем  кейіпкер  бейнесін 
сомдағанда  қиялды  басшылыққа алуы мүмкін. «Бұл тұрғыда көркем қиял – дүниені 
өнерде,  өнер  әлемінде  бейнелі  түрде  танудың  өзіндік  құралы.  Өмірлік  негіз  бен 
көркемдік  қиялдың  тоғысынан  тұратын    көркем  образ  өнер  құбылысы  болып 
табылады»  [5,72]. 
Елдік  мәселені  шешуді  көздеген    даңқты  ханның    шешімі  қол  астындағы 
батырларымен  бір  тілекте    келетіндігі,    ел  қорғаны  болуды  басты  орынға  қоятын    
Абылайдың    ұзақ  та  болса      ақылды      оймен  өріліп  отыратын  кең  толғанысты   
пайымды пікірі  біріншіден, сөзге жүйріктігін, ойының тереңдігін байқатса, екіншіден,   
жер    иесі      халық      деген        рухты    мұратқа  әкеледі.    Абылай  бейнесінің    тарихи 
романдардағы  үстем көрінуінің басты себебі де осы елдік мүдде де жатырған – ды.   
Халықтың  қамын  ойлау  процесінде  өзге  хандарға  қарағанда,    үш  жүздің  басын 
қосқан Абылай  хан образы өз тұстастарына қарағанда ерекше көрінетін рас. Оның 
басты  себебі,    жыраулар  поэзиясындағы  атақты  Бұқар  Қалқаманұлы,  Үмбетей 
Тілеуұлы, Ақтамберді Сарыұлы   толғауларында халықпен  мүддесі бірге деген ойды 
қозғағанда  жатырса,  екіншіден,  осы  қазақ  халқы  үшін  Жоңғар  шапқыншылығы 
сынды    ауыр  кезеңде    үш  жүздің  басын  қосып,  жауда  кеткен  жерлерді  кері 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

191
 ~ 
 
қайтаруында, үшіншіден,  тарихи шежіре,  жазба деректерде атының көбірек түскені 
болып  табылады.  Әдебиет  зерттеушісі  Р.Бердібаев  Абылай  хан  образы  тұрғысында 
былай  дейді:  «Халық  әр  дәуірде  ел  тізгінін  ұстаған  білікті  билеушілерін  естен 
шығармай,  олардың  жамиғат  алдындағы  өшпес  қызметін  қанатты  сөздермен 
мінездеп  отырған.  «Қасым  салған  қасқа  жол,  Есім  салған  ескі  жол»    деген  секілді  
бейнелі  тіркестер  тасасында  терең  мағына  жатқаны  анық.    Қазақтың  ең  әйгілі 
хандарының  бірі  -  әз  Тәуке  болса,  оның  тұлғасы  төңірегінде  жылы  лебіздер  мол 
айтылатыны  мәлім.    Басқа  да  белгілі  хандар  мен  сұлтандардың      ел  үшін  елеулі  
әрекет  жасағандары  жұртшылық  ілтипатына  бөленгенін  байқаймыз.      Сонда  да 
болса, солардың бәрінен де хан Абылай даңқы  басым жатады.  Өзге ел өкілдеріне 
қазақ  хандары  ішінен  неғұрлым  әйгілісі  де,  халық  әдебиетінде    көркем  бейнесі 
жарқын  мадақталғаны  да  Абылай  екені  кәміл.    Қазақ  қауымының  сан  буыны 
қысылғанда медет көріп, намыс кегі қайралғанда ұран етіп шақыратыны да Абылай 
есімі  болуы  тегін  емес.    Ол  жөніндегі    көне  сөздердің    көптігі  соншалық  – 
Абылайнама  деп   атарлық   мол   туындылар   шоғыры   жасалған.     Орыс  халқының  
тарихында      былина  –  жырлардың      ең    көбі    ертегі    «күн    дидарлы  князь»  
Владимир    дәуіріне    арналған    десек,      қазақтың    тарихи    эпикалық      өлең  
жырларының      аса    көрнекті    бөлігі    де      Абылай    және      оның    айналасындағы   
батырларға,  билерге,   шешендерге  бағышталған»    [6, 4].  
Автор Абылай образын жан – жақты сомдап, қолбасшылық қыры, батырлық 
сипаты,    шешендік    шеберлігі    жағынан    тағы  сол  сияқты  өзге  ерекшеліктерін 
санамалай отырып, әр қырынан баяндайды. Түрлі тактикалық тәсілдерді де жүйелеп 
беріп,  тарихи  баяндау  жасайды.    «Қаһармандардың    мінез    даралығын    ашу    үшін   
оларды  сыр – сипаты  танылатындай  оқиғаға киліктіру  керек» [7, 73] – дегендей  
кейіпкер  бейнесін    сомдаудың      басты  критерийлерін  дамыту  аса  қажет    болып 
табылады.  
 «Дарабоз»    дилогиясында      толымды  шыққан      образдар    қатарында   
Абылай   бейнесін    атауға   болады.      Сонымен  қатар,     Қабанбай  батыр  бейнесі  де   
жеке  тұлға    ретінде    бедерлене    көрінеді.          Автор    екі    кейіпкердің    де      ішкі  – 
сыртқы  саясатындағы   ойларын,   пікірлері  арқылы   олардың  ішкі  әлемін  жан – 
жақты  танытады.   Әсіресе, Абылай хан   бейнесі дилогияда  халық қамын ойлаған, 
халық қамқоры ретінде  көзге түседі.   
Дилогияның  екінші  кітабының      басты    идеясы  –  ел    басына    күн    туған  
заманда  атқа  мініп,  жер үшін  әділет  іздеген  Абылай, Қабанбай   сынды  ел  үшін  
туған  ерлердің  азаматтық,  мәрттік  қасиеттерін, елін  мүддесін  сатқан  ақсүйектің  
қамқоршысы    орыс    отаршылдарына    қарсы    күресінің    айбынды  рухын    ашу.  
«...белгілі  бір  тарихи  кезең  туралы  шығарма  жазғанда,  сол  дәуірдің  ең  басты  
типтік    бетін,    сипатын    белгілейтін    оқиғаларды    ескермеуге    болмайды.    Онсыз  
дәуір    сипатын    толық    жеткізу    қиын»  ,  -  дейді      тарихи    романдарды    зерттеуші 
ғалым  Т.Сыдықов  [8,38].  Осы  пікірге    ден    қоя    отырып,    Қ.Жұмалиевтің    дәуір  
тынысын  толық  жеткізіп,  оқиғаларды  өз  шығармасына  негіз  еткенін  байқаймыз.  
Солар арқылы Абылайдың тарихи  тұлғасын  көркем  образға  айналдыра  алған.  
Қ.Жұмаділов    тарихи  деректер  мен  құжаттарды,    шежірелер  мен    әдеби 
мұраларды тиімді пайдаланумен бірге, оны «кейіпкер өміріндегі елеулі оқиғалармен 
ұштастырып, жинақтап, жүйелеп, Абылайдай ұлттық қайраткердің тарихи болмыс – 
бітімін  дәуірлік  рухта    көркем    кескіндеген»    [2,28  ].        ХҮІІІ  ғасырдағы    қазақ 
халқының      тарихи  тағдырындағы      Абылай    ханның  қайраткерлік      орнын    өмір 
шындығымен   тығыз  ұштастыра  бейнелеу  мақсатында   тарихи  материалдарды   
дилогиядағы    тарихилық  сипаттың      басты  белгісі  ретінде  пайдаланған.    

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

192
 ~ 
 
Қ.Жұмаділов      Абылайдың    әрбір  жорығын      әр  қырынан    баяндап,    жорықтың 
мақсатын  ашып,    қолбасшылық      қарымдылығын    тактикалық  шеберлігімен 
ұштастыра  тарихи образдың   шынайылығын   көрсетеді.   
 
Абылайдың дәуірі мен    өмірінің   ақиқатын ашатын    жыраулар  - Бұқар, 
Үмбетей,  Ақтамберді,  Тәтіқара      толғауларының    сюжетке  енуі    туындының 
тарихилық   тегеурінін  тереңдетеді.  
Бұл  орайда  автор      тарихи  деректердің  жетегінде  қала  бермей,    аңыз  - 
әңгіме,  жыр  –  дастандарды  және  жыраулардың  тағылымды  толғауларын 
басшылыққа ала отырып,   Абылай тұлғасының  батырлық дәрежесіндегі,  ел билеу 
ісіндегі  сұңғыла  саясаткерлігі    сипатында  болсын,    болашаққа  жол  салар  халқы 
аңсаған  асыл  билеушінің  парасатты бейнесін  сомдаған. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Жұмаділов Қ. Он екі томдық шығармалар жинағы .Том 1. Алматы, Қазығұрт, 
2003. – 464. 
2. 
Тарақов  Ә.С.  Қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  тұлға  проблемасы    Филология 
ғылымдарының докторы  авторефераты Алматы, 2009. – 50. 
3. 
Жұмаділов Қ. Дарабоз. Тарихи роман – дилогия. Алматы,  Ан Арыс, 1-кітап,  
2009. - 416. 
4. 
Жұмаділов Қ. Дарабоз. Тарихи роман – дилогия. Алматы,  Ан Арыс, 2-кітап,  
2009. - 420. 
5. 
Алпысбаев  Қ.  Қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  шығарма:  таным  және  көркемдік 
Алматы, Таймас, 2008. – 232. 
6. 
Бердібай Р. Абылай асуы \\ Абылайхан Алматы, Жазушы, 1993. – 258. 
7. 
Бердібай Р. Әдебиет сынының көкжиегі Түркістан, Тұран, 2006. – 513. 
8. 
Сыдықов  Т.  Қазақ  тарихи  романы  (Жанрлық  спецификасы.  Типология. 
Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика ) Алматы, Ер – Дәулет, 
1996. – 250. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

193
 ~ 
 
 
_____________________________________________________________ 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ 
______________________________________________________________ 
УДК 37.013 
Ж.А. Жумагазина  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ СОЦИАЛЬНО- 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ПРОЕКТИРОВАНИЯ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
БАКАЛАВРА ЭКОНОМИКИ 
 
Аннотация 
В  статье  обосновывается  актуальность  исследуемой  проблемы;  дается 
определение 
понятия 
«социально-проектная 
компетентность 
бакалавра 
экономики»;  характеризуются  педагогические  формирования  определяемого 
качества;  описывается  педагогический  эксперимент  и  результаты  по  организации 
исследуемого процесса. 
Ключевые  слова: 
социально-проектная  компетентность  бакалавра 
экономики,  метапредмет,  социально-педагогическое  проектирование,  вариативное 
содержание курса, проектное мышление. 
 
Социально-экономические 
условия, 
характерные 
для 
современных 
преобразований  на  пути  интеграции  в  мировое  сообщество,  определяют 
общественные требования к личности специалиста и непосредственно воздействуют 
на систему высшего образования. Задача подготовки профессионалов для основных 
сфер  человеческой  деятельности  приобретает  особую  актуальность и предъявляет 
особые требования к компетенциям специалистов [1].  
Качество  профессиональной  подготовки  бакалавра  экономики,  должно 
учитывать,  что  их  деятельность  связана  в  первую  очередь,  со  сферой  принятия 
экономических решений в условиях изменяющейся рыночной конъюнктуры, риском, 
большими информационными потоками. В связи с этим, мы определяем социально-
проектную  компетентность  бакалавра  экономики  как  интегративное    личностное 
качество,  включающее  знание  основных  экономических  законов,  методов 
социально-  экономического  проектирования,  умений  разрабатывать  социально- 
экономические 
проекты 
(целеполагание, 
моделирование, 
прогнозирование, 
планирование, оценка качества проекта), сформированность которых, обеспечивает 
полноту  выполнения  будущими  специалистами  профессиональной  деятельности  в 
предметном и социальных контекстах.  
В  рамках теоретико-экспериментального исследования нами  было  выдвинуто 
предположение  о  том,  что  процесс  формирования  социально-проектной 
компетентности бакалавра экономики будет наиболее эффективным при создании и 
реализации следующих педагогических условий: 
- включение бакалавра в проектирование индивидуального образовательного 
маршрута,  обеспечивающее  проектное  мышление  и  положительные  мотивы  стать 
компетентным специалистом; 
- обогащение содержания экономического образования на основе включения 
знаний 
сущности 
проектной 
деятельности, 
экономических 
законов,что 
актуализирует экономическое и проектное мышление; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

194
 ~ 
 
-  реализация  в  образовательном  процессе  проектных  и  модульных 
технологий, способствующих формированию проектных умений.  
В соответствии с уровнем сформированности критериальных показателей 
социально-  проектной  компетентности  бакалавра  экономики  был  проведен 
теоретико-методологический  анализ  проблемы,  анализ  учебной  деятельности 
бакалавров экономики в Акбулакском филиале Оренбургского государственного 
университета.  В  эксперименте  участвовало  123  студента  1-4  курсов 
специальности «Экономика»-бакалавриат.  
Дискуссии  на  темы  «Что  изменилось  в  профессии  экономиста  в 
современных  условиях?»,  проведенная  со  студентами  экспериментальной 
группы, пробудила познавательную и творческую активность. Студенты провели 
встречи  и  беседы  со  специалистами  (людьми,  состоявшимися  в  профессии, 
успешно  организовавшими  бизнес),  учебные  экскурсии  на  предприятия.  Кроме 
того  учебная  практика  позволила  обозначить  требования    к  профессии 
экономиста, 
актуализировать 
необходимость 
владения 
экономическими 
знаниями,  выявить  специфику  работы  экономиста,  характер  принимаемых 
нестандартных 
решений 
в 
условиях 
риска. 
Все 
это 
позволило 
проблематизировать поиск способов успешной реализации в профессии каждого 
из  них,  избрать  социально-  экономическое  проектирование  как  один  из  таких 
способов.  
   
Одновременно  мы  стремились  создать  условия  для  «индивидуальной 
образовательной  культуросообразной  траектории»  бакалавра  в  соответствии  с 
квалификационной 
характеристикой 
профессии 
и 
профессиограммой 
экономиста  [2].  Мы  делали  ставку  на  систему  ожиданий  студентов,  придание 
студентом деятельности личностного смысла.  
В  ходе  эксперимента  бакалвры  детально  изучили  логику  и  содержание  курса, 
составили  графики  самостоятельной  работы  по  отдельным  темам.  В  самом 
содержании  образования  мы  стремились  к  эффективному  структурированию 
курса,  учитывающему  его  фундаментальный  и  прикладной  компоненты, 
современную  значимость  для  общества,  конкретного  региона,  индивидуальных 
потребностей  учащихся.  Перед  студентами  была  поставлена  задача:  создать 
модули 
самообразовательной 
деятельности, 
разработать 
вопросы 
для 
самопроверки знаний. За бакалавром оставлялось право выбора вида варианта 
промежуточного  контроля  знаний:  компьютерное  тестирование,  защита 
проекта,  аудиторная  письменная  работа.  Студенты  создавали  индивидуальный 
образовательный  маршрут,  основанный  на  личностных  смыслах  и  ценностях, 
потребностях  и  мотивах.  Посредством  этого  формировался  опыт  ценностного 
отношения  бакалавра  к  будущей  профессии,  к  предметам  и  средствам 
проектирования,  обуславливающий  эмоциональное  восприятие  фактов  и 
явлений  социальной  реальности,  проявляющийся  в  качествах  личности  - 
проектное  сознание  и  проектное  мышление,  установка  на  творческую 
проектную деятельность.  
В  рамках  формирующего  эксперимента  мы  создавали  метапредмет, 
включающий  в  себя  инвариантное  и  вариативное  содержание  курса 
«Экономическая  теория»  качественно  отличающееся  от  содержания  обычного 
учебного курса тем, что смысловое поле объектов познания в нем выходило за 
рамки традиционной учебной дисциплины и располагалось на метауровне. Были 
разработаны  вариативные  компоненты  учебных  программ  по  дисциплине.  Мы 
ввели в ее содержание  знания о проектной деятельности (с ее содержанием и 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

195
 ~ 
 
структурой)  и  способами  ее  осуществления;  опыт  осуществления  проектной 
деятельности, предполагающий практическое применение проектных знаний.  
Реализация  данного  педагогического  условия  позволило  перейти  к 
понятию  «открытого  содержания образования»  как  непрерывно  изменяющейся 
среды,  включая  экономическую,  социальную  среды,  наиболее  оперативно 
отражающие  эти  изменения  [3].  Вариативная  составляющая  базировалась  на 
использовании  в  образовательном  процессе  перспективных  достижений  в 
области  проектных технологий,  отражающих инвариантность  видов и  способов 
познания  экономической  теории.  Тем  самым  обеспечивалась  возможность 
получения  бакалаврами  личного  образовательного  продукта  (в  виде  проекта), 
где играет роль не объем изучаемого материала, а его содержание и результаты 
для  повышения  уровня  учебной  мотивации  и  продуктивности    организуемого 
образовательного процесса. 
Наиболее  адекватными,  с  точки  зрения  эффективной  организации 
исследуемого  процесса,  формирования  социально-проектной  компетентности, 
явились  личностно-ориентированные  образовательные  технологии:  проектное, 
модульное и проблемное  обучение.  Следует  отметить,  что  проектное  обучение 
является  одним  из  самых  эффективных  способов  формирования  социально-
проектной компетентности.  
Результатом  проектной  деятельности  бакалавра  стало  формирование 
определенной  системы  умений:  целеполагания  и  осуществления  выбора; 
выявления,  формулирования  проблемы  и  нахождения  оптимального  пути  ее 
решения;  организации  самостоятельной,  поэтапной  проектной  деятельности; 
поиск,  анализ  и  переработка  необходимой  информации;  участия  в  совместном 
принятии решения; саморефлексии; ответственности за принятое решение. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет