1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет131/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
ҽрекеті мен себептерін зерттеуге тырысуда. Суицидалды мінез-құлық – 
адамның саналы түрде ҿзін-ҿзі ҿлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір 
түрі деп есептейді олар. 
Суицидалді мінез-құлықтың белгілі бір формасы, тҽсілі, даму сатысы, 
тҽуекел факторлары болады. Суицидалді мінез-құлыққа адамның жас 
ерекшелігі, жынысы, кҽсіби ерекшелігі, ҿмірлік жолының ҿзгешелігі де ҽсер 
етеді. 
Ҿзін-ҿзі ҿлтіру ҽрекетіне жанұялық қақтығыстар ҽсер етпей қоймайды. 
Жеткіншектің қоршаған ортасымен тіл табыспауы, ҿзін басқадан тҿмен 
санауы, қыздар арасында, ҽсіресе қыздарда ҿздерінің жігітеріне байланысты 
суицидальді ҽрекеттерге баруы суицидтің басты себептері болып табылады.
Ҿзін-ҿзі ҿлтіруге бармас бұрын, суициденттердің кҿбі дайындық кезеңі – 
суицидалды кезеңінен ҿтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің тҿмендеуімен 
сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің тҿмендеуі, қарым-қатынастың 
шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыздық, т.б. болуы мүмкін. 
Суицидальді мінез-құлық тағы да балалар үйінде жҽне толыққанды емес 
отбасында ҿскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы 
аралық қақтығыс, ҽке-шешесінің айырылысуына да байланысты туып 
отырған сияқты. 
Ғалымдар жыл мезгілдеріне қарай кҿктемде жҽне жазда, ҽсіресе 
сейсенбіде суицид жасалу күні жоғары, ал күз, қыс мезгілдерінде сҽрсенбі, 
бейсенбі күндері суицидтің жасалуы тҿмен болады деп қарастырады. 
Суицидальді мінез-құлық кҿбінесе депрессия кезінде, алкогольдік 
токсикомания, психопатия жҽне аффект кезінде жиі кездеседі [3]. Ҿзін-ҿзі 
ҿлтіруге кҿбінесе жеке басының мҽселелері итермелейді. Сонымен бірге 
қоғамда ҿмір сүрі деңгейі нашарлаған сайын суицид те кҿбейе түседі. 
Қазіргі кезде жастар ҿздерінің ҿмірлерін бағалай алмайды. Егер бір 
түйткілді мҽселені шеше алмай жатса, олар ҿз ҿмірлерін қиюға даяр болады, 
ҿйткені олардың ойларынша тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз 
ҿмір жҽне махаббат табатын сияқты. Бұл ҽрине, ҿте келте ойлайтын, жарық 
дүниенің қадірін білмейтін, ҿмірге деген салмақты да байыпты кҿзқарастары 
қалыспағандардың ҽрекеті екені анық. 
Сондықтан да ата-ана да, ұстаз да ең алдыменен баланы тҽрбиелеу ісінде 
қазақы ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, жасҿспірімдерге дұрыс 
бағыт-бағдар сілтегені жҿн. Ұлттық құндылықтарымызды ҿз дҽрежесінде 
пайдалана отырып, халықтық педагогиканың ұтымды ҽдіс-тҽсілдерімен жас 
ҿскіннің сана-сезімінің, ой-ҿрісінің, тҽлім-тҽрбиесінің дұрыс қалыптасуына 
ықпал етуі тиіс. Жастарымыздың батыстық ҿмір сүру салтынан бас тартып, 
қазақы менталитетімізден арылмаған ибалы да ізетті жан болып тҽрбиеленуі 
– біздің санамызға жат суицид секілді кейін пайда болған ұғымнан да аулақ 
жүретіні сҿзсіз дер едім сҿз соңында.


142 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет