АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 Ақпараттық білімге: инновациялық іс-ҽрекет туралы ақпарат материалдарын
жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, мерзімдік, анықтамалық ҽдебиеттермен
жұмыс жүргізе білуін жатқыздық. Ҿз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас
қасиетінің негізгі мамандыққа тҽн мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет
деген ойға келіп отырмыз: бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл
ҽдістемелерді анықтау іскерлігі; ҽр оқушының жеке басының қабілетін есепке
алу іскерлігі; оқушылардың таным қабілетін, ҿздігінен білімін, іскерлігі мен
дағдысын
жетілдіру
іскерлігі;
жаңашыл
ҽдістемелердің
мүмкіндігін
мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Болашақ мұғалім қызметінде осындай
білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану оның кҽсіби
педагогикалық
іс-тҽжірибе
барысында
қамтамасыз
етіледі. Сонымен
инновациялық іс-ҽрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйеге келтіре
отырып, біз мынадай қорытындыға келдік: инновациялық іс-ҽрекет дегеніміз –
мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл ҽдіс-тҽсілдерді оқу-тҽрбие үрдісінде
ҿз кҽсіби тҽжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дҽрежесіне
байланысты енгізуін айтамыз. Инновациялық іс-ҽрекетті жүзеге асыру ҽрекетінің
рҿлі – жаңа білім беру бағдарламаларынан, ҽдіс-тҽсілдерімен танысып, талдау;
оларды ҿз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл ҽдіс-
тҽсілдерді ҿз іс-тҽжірибесінде қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды
жұмыстың кезеңдерін жоспарлау; болашақ қиыншылықтарды болжау; жаңашыл
ҽдіс-тҽсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-
ҽрекеттің нҽтижесін қорытындылап, бағалау, талдау. Кҿптеген ғалымдардың
жеке тұлғаға берілген анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз –
ҽлеуметтік қатынастар мен саналы іс-ҽрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның ҽлеуметтік мҽнінің болуы, ҽлеуметтік
функцияларды (қызметтерді) атқаруы деп атап кҿрсеткен. Осыған байланысты
қоғамның басты тірегі адам – жеке тұлғаны қалыптастыру мҽселесі тың тұрғыдан
танылуда оның қалыптасуына ҽсер ететін факторлар да шетте қалмауы тиіс. Атап
айтатын болсақ, педагогикада жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ҽсер
ететін шешуші факторлар: орта, тҽрбие, тұқымқуалаушылық. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі – тҽрбие. Тҽрбие – ҿсіп келе
жатқан жас ұрпақты ҿмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны
ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тҽжірибені игертіп, біліммен
жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тҽуелді күрделі үдеріс.
Тҽрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тҽуелді
болуы, жеке адам дамуы мен тҽрбиенің байланыстылығы, тҽрбиеленушілердің іс-
ҽрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру. Бізге бұрыннан белгілі болып
келген тҽрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы – ата-ана, балабақша – тҽрбиеші,
мектеп – мұғалім. Ғылыми-зерттеу іс-ҽрекетімен айналысу, кҽсіптік-
педагогикалық қасиетке жаңаша кҿзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан
«мұғалімнің айтқаны ҽрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек
ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға бслып қалыптасуының
басты кҿмекшісі болуы керек, оқушының даму деңгейіне қарамастан, оның
тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын ҿзара бірлескен қызмет,
кҿмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басшы болуы керек.