1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет59/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Жоғарыда баяндалғаннан белгілі болғандай, студенттердің тілін дамыту 
бұл оқытушының ең маңызды міндеті. Адам логикалық тұрғыдан дұрыс 
ойланып, ҿз ойын нақты жеткізе алмай шығармашылық дамуы мүмкін емес. 
Ҽр пҽннің ерекшеліктеріне жҽне қажеттіліктеріне сҽйкес студенттің тілдік 
дамуы да байытылуы тиіс. Кез келген пҽн оқытушысы студенттің тіл 
мҽдениетін жетілдіруі жҽне тілдік немқұрайдылығымен күресуі тиіс. Міне, 
тіл мен тіл мҽдениетін дамыту мҽселелері бойынша барлық зерттеулерде 
осыған аса зейін қойылған [3].
Университеттегі пҽндердің түрлі циклдері тіл мҽдениетінің қандай да бір 
құрылымдық компоненттері мен ҿзгешеліктерін ерекше ретінде бірінші 
орынға қояды. Бұл ғылыми жҽне кҿркемдік ойлау ерекшеліктерімен 
негізделеді, сондай-ақ оқытушының сҿзі ойлаудың қандай саласына ҽсер 
етеді, себебі тіл мҽдениетінің ерекшелігі функционалды қажеттілікке 
байланысты. 
Студенттердің тілдік даму мҽдениеті туралы ойлайтын оқытушы үшін 
олардың сҿйлеген сҿзінің дұрыстығын ҽдеби-тілдік айтылу нормасына толық 
сҽйкес дағдыландыру ғана емес, сондай-ақ қатынастың ҽрбір нақты жағдайы 
үшін қажетті тілдік құралдарды нақты таңдап, пайдалана білуді, сҿз іріктеуде, 
сонымен бірге ой-сезімін жеткізу үшін эмоциялық мҽнерліліктің бейнелі 
формаларын да тиісті деңгейде иелену мүмкіндігін қалыптастыру маңызды. 
Осы 
ретте 
кҽсіби 
секілді 
кҿптеген 
терминдермен, ғылыми 
фразеологиямен, абстрактілі лексиканың басым болуымен, күрделі 
баяндалуымен жҽне мазмұнның толықтығымен ерекшеленетін оқу-ғылыми 
сҿйлеу формасын қабылдап, зерделей білу қажет. 
Студенттердің 
коммуникативті 
қажеттіліктері 
оқу 
қызметінің 
шеңберімен шектелмей, ҽңгімелесу стилінде де жүзеге асады, ол ғылыми 
стилге қарама-қайшы қарапайымдылығымен жҽне қолжетімділігімен, 
игерусіз айтылуымен, тұрмыстық лексиканы қолдануымен ерекшеленеді. 
Сонымен қатар халықаралық байланыстардың кеңеюі, білім беру саласында 
коммерциялық жҽне ғылыми-зерттеу қызметі, ресми-іскерлік мақсаттағы 
білімді талап етеді, белгілі стандарттылықты, тілдік жҽне сҿйлеу құралдарын 
пайдалану міндеттілігін қарастырады. Жҽне де білім гуманитаризациясы 
заманауи қоғам жағдайларында білім беру саясатын жүзеге асырудың басты 
ұстанымы ретінде ЖОО-ның оқу-тҽрбие үдерісінде публицистік жҽне ҽдеби-
кҿркемдік стильдердің орнын анықтайды, аталмыш үдерістің дискуссиялық, 
пікірталасты сипатын, тұлғалық бағытын, құнды бағдарын кҿздейді, бұл 
тілдің эмоциялылығымен, қозғау салатындығымен, эстетикалылығымен, 
хабарланатын жҽйтқа деген бағалау қатынасымен байланысты. 
Демек, жоғары оқу мекемесінде студенттердің ЖОО-да оқу жүйесінде 
тілдік мҽдениеті қалыптасуы тиіс, осы ретте студенттердің тілдік 
мҽдениетінің қалыптасуы ауызша, сонымен бірге жазбаша формаларда сҿз 
қатынасын қамтамасыз ететін мақсатқа сай үдеріс болып саналады. ЖОО-
ның оқу ерекшелігі сол, студенттер тұтастай білім беру үдерісінің құрамдас


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет