1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет57/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
аңғарылады. Бүгінгі таңда студенттердің тіл мҽдениетінің деңгейі толық 
үйретілмей қалуда. Студенттердің гуманитарлық білім беру контекстінде тіл 
мҽдениетінің, олардың ҿмірдегі ҿз орнын белгілеу жҽне ҿздігінен орындау 
рҿлі анықталмаған. 
Білім берудегі заманауи үдерістер білім беру қызметтері арқылы білім 
беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етті. Заманауи жоғары 
оқу білім беру мекемелерінің қызметі адамның түрлі білім беру 
қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға 
бағытталған. 
Сонымен қатар студенттердің тіл мҽдениетін дамыту жҽне қалыптастыру 
мҽселесі бүгінгі таңда ҽлі де толық шешілмеген. Студент тұлғасын 
қалыптастырудың мҽдени тіл аспектісімен байланысты кҿптеген мҽселелер 
толық ашылмаған. Атап айтқанда, студенттердің университетте оқу 
мерзімінде тіл мҽдениетін дамыту мҽселесі жеткілікті зерттелмеген, жоғары 
оқу орнында білім берудің жалпы жүйесінде аталмыш үдерісті 
ұйымдастырудың ерекшеліктері мен шарттары нақты белгіленбеген. 
Тіл сҿйлеу мҽдениетінің негізін қалаушы, онда тілдік нормалардың 
дұрыстығы, стилдік-тілдік қолданыстардың дұрыстығы, тілдік қатынас 
мазмұнының сапасы, коммуникативтік мақсаттардың сапасы мен 
этикалылығы басты қасиеттер болып саналады. Бұл қоғам мүшелерінің 
қатынас пен ойлау үдерістерінде тілді пайдалануда танылатын қызмет түрі. 
Сҿйлеу - ҽр адамның жалпы дамуы мен мҽдениетінің деңгейін кҿрсететін, 
оның ҿмірлік ҽрекетінің ең жарқын адами тиістілігі. Адамның тіл мҽдениеті 
жалпы мҽдениеттің құрамдас бҿліктерінің бірі болып табылады, ол ойлау, 
сезу мҽдениетімен, мінез-құлық мҽдениетімен байланысты, кҿбінесе 
тұлғаның адамгершілік тҽрбиесінің сапасын анықтайды, коммуникативтік 
қызметтің нҽтижелілігіне ықпал етеді. Тіл лингвистикалық қана емес, 
сонымен бірге психологиялық, этикалық жҽне эстетикалық құбылыс ретінде 
қарастырылады. Сонау Ежелгі Римде жақсы сҿйлеудің теориялары мен 
қасиеттерін, тіл жҽне стиль теорияларын жасау ҽрекеттері қолға алынды. 
Заманауи педагогикалық ғылымда жақсы сҿйлеудің қасиеттері белгіленген 
жүйе құрылды, теориялық негіздемесі берілді жҽне тілдің басты қасиеттері
олардың құрылымдық-тілдік ҿзгешеліктері мен ерекшеліктері, олардың 
байланысу жүйелілігі, сҿйлеу-тіл, сҿйлеу-ойлау, сҿйлеу-ұғыну, сҿйлеу-
ақиқат, сҿйлеу-адам, сҿйлеу-қатынас талабы деген тілдік жҽне тілдік емес 
құрылымдардың қатыстылығын талдау арқылы терминологиялық белгілердің 
қайшылықсыздығы баяндалды. 
«Тілдік мҽдениет» феноменіне жүгінген кезде жалпы қызмет теориясы 
тұрғысынан заманауи психология мен лингвистикамен қаралатын сҿйлеу 
қызметінің теориясына жүгінеміз. Сҿйлеу қызметі – бұл адам ағзасының 
сҿзді құру үшін қажетті психофизикалық жұмыстарының жиынтығы, адам 
қызметінің кез келген түрінің айрықша компоненті. Сҿйлеу қызметінің 
педагогикалық теориясында тіл мҽдениеті адамның рухани байлығының,


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет