61
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
ҼОЖ 378.12
Б.АБИЕВ
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖАҢА СТАНДАРТТАРДЫ ЕНДІРУ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОО-ДА ОҚУ ЖҤЙЕСІНДЕ ҚҦРАМДАС
БӚЛІКТЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Қазіргі таңда тіл мәдениеті тұтастай жеке сипатқа, коммуникативті
қызметке бағытталған оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау және
гуманитаризациялау шарттарының біріне айналды, бұл дегеніміз тіл
мәдениетін дамыту мәселесін ӛзекті етеді. Бұл әсіресе студенттердің
ЖОО оқу кезінде маңызды, яғни білім алу және қарым-қатынас жасау
қажеттілігі тұлғаның ӛзімен, білім алу, күнделікті және болашақ кәсіби
қызметте пайдаланатын оның мәдениетімен, сӛйлеу шеберлігі мен
дағдыларымен нық байланысты.
Студенттердің ЖОО оқу кезінде тіл мәдениетін дамыту үдерісінің
педагогикалық ерекшелігі мен күрделілігі жоғары оқу орнының білім беру
үдерісі жағдайларында тұлғаның сӛйлеу бейімділігіне бағытталған
аталмыш мәселені шешу үшін коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру
қажеттілігінен тұрады.
Кілт сӛздері: тіл мҽдениеті, перспектива, коммуникативтік, тілдік норма,
контекст, публицистік стиль, терминдер,
ғылыми фразеология, абстрактілі,
сҿйлеу формасы.
Тіл мҽдениетін жетілдіру тұлғаның қалыптасу шарттарының бірі болып
табылады, оның барысында дүниетаным қалыптасады, эстетикалық талғам
дамиды, ішкі мҽдениет деңгейі, оның ішінде сҿйлеу мҽдениеті артады.
Дамудың қазіргі кезеңі, заманауи мемлекеттік жҽне қоғамдық реалиялар,
еліміздегі білім беру жағдайы, оны жаңарту перспективалары қоғамымыздың
тіл мҽдениетін арттыру жҽне дамыту мҽселесін күттірмейтін мҽселенің
қатарына жатқызады.
Адамның тіл мҽдениеті жалпы мҽдениеттің құрамдас бҿліктерінің бірі
болып табылады. Қазіргі жастың тіл мҽдениеті ойлау, сезу мҽдениетімен,
мінез-құлық мҽдениетімен
тығыз байланысты, ол кҿбіне тұлғаның
адамгершілік сапасының қасиетін белгілейді, коммуникативтік қызметтің
нҽтижелілігіне ықпал етеді.
Елімізде болып жатқан ҿзгерістер тіл мҽдениетін
дамыту жағдайы мен
жолдарына айтарлықтай ықпал етуде. Бір жағынан тіл стереотиптер мен
дайын сҿз орамдарынан біртіндеп босатылады, екіншіден,
бұқаралық
ақпаратта, кҿпшілік алдында сҿз сҿйлегенде, адамдардың, оның ішінде
студенттердің күнделікті қатынасында тіл мҽдениетінің тҿмендеуі анық