1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет72/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Логика формалды, диалектикалық жҽне математикалық болып бҿлінетіні 
мҽлім. Публицистикалық шығармада бірінші жҽне екіншісінің ҽрқилы 
түрлері; публицист тарапынан таңдап алынған идея логикасы; ол қарап 
шығып отырған оқиға барысының логикасы; ол келтірген жҽне суреттелген 
фактілер логикасы; кіріспе, негізгі бҿлім жҽне қорытындылау жҽрдемінде 
суреттеліп отырған оқиғаны ізбе-із баяндау сипатында баяндау логикасы 
жҽне т.б. кездеседі. Тіпті сезімдер логикасы деген түсінікте бар.
Сезім қарапайым акт болып, ол қандай да бір нҽрсеге адамның 
субъективті жауап ҽрекетін кҿрсетеді. Олар, оның анық рухани жағдайы 
қандай болуына қарамастан адамда барлық уақытта жҽне барлық жерде 
болады. Бір жағдайларда сезімдер кҿбірек, ал екінші бір жағдайларда азырақ 
болуы мүмкін. Бірақ олар адамда тұрақты болады. Сезімдер арқылы қандай 
да бір себеп бойынша адамның кҿңіл кҿріністері кҿрінеді. Адамда бір 
уақыттың ҿзінде кҿптеген сезімдер болуы мүмкін. Адам үшін ол мағынасын 
аңғаруға ҽрекет етіп жатқан жҽне оның себебінен сезімдерге беріліп жатқан 
оқиғаның маңызы қаншалық жоғары болса, оның сезімдері де соншалық 
күшті болады. 
Публицистикада сезімдердің ҿзіне тарту ҽсерлілігі сияқты маңызды 
ерекшеліктеріне назар аудару керек, логикада мұндай болмайды. Тіпті, 
оқушыларға, сезімдерден ҽсерлену тек публицистен ғана емес, ол бір-бірінен 
де ҿтеді. Бұл телекҿрсетуді бірге кҿргенде, радиоесіттіруді бірге тыңдағанда, 
немесе баспасҿзде жарияланған материалдан алған ҽсерлерін айтқанда жүз 
беруі мүмкін.
Сезімдер логиканың алдында сҿзсіз басымдылыққа ие болады. Ол үшін 
білімді болу, талқыланып жатқан тақырып бойынша хабардарлық, логикалық 
пікір жүргізу ұқыбы шарт емес. Бұл білім дҽрежесі жоғары емес, орташа 
пікірлейтін аудитория үшін маңызды болады. Сезімдер, тіпті, бүкіл логикаға 
ие болмаған балаларда да болады. Сезімдер үстінде ойланып отырудың 
қажеті жоқ, ол ақпараттық ҽсерге ие, ал логиканы ҽрбір адам ҿз санасында 
жеке түрде қалыптастырады. Сезімдер аса тез тарайды, олар кҿпшілікті кең 
жҽне жылдам иеленіп алады. Ҽлбетте, сезімдер де логикаға ұқсап ҽрқилы 
дҽрежелерге ие болады. Публицистің сезімін жҽне ол пайдаланатын 
сезімдерге ҽсер ҽдісін айыра білу керек. Публицистің сезімі шығарманың 
терең сипаты, логикадай квинтэссенциясы. Бірақ бұл бүтіндей басқа түрдегі 
негіз, бұл оның сенімі, салтанаты, кҿңілі толмаушылығы, кектенуі, ызалануы. 
Публицистің сезімдерге берілуі – бұл ол шығарма жазып жатқандағы жігер, 
психологиялық кҿтеріңкілік, кҿңіл күйлері, ішкі бұлқыныстар, ҽділдікті іздеу 
жҽне автордың оны қайта тіктеуге ұмтылуы. 
Журналистика жанрларына келетін болсақ, егер айырым мҽлімдемелік 
жанрларда (хабар, есеп) сезімдерге қарағанда логика кҿп болса, ал кҿркем 
публицистикалық жанрларда (очерк, фельетон) логика терең қабаттарда 
қалып кетіп, сезімдер алдыңғы орынға шығады жҽне қауым мен аудитория 
оны түсінеді.


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет