АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 жинақтап тұжырымдаған ата-ананың күнделікті іс-ҽрекеттері, үйдегі
адамгершілік, мҽдениеттілік, сыйластық, түсіністік, еңбек қатынастары –
балаға үлкен сабақ. Адамгершілік ҽр адамға тҽн асыл қасиеттер, еңбек ету
адамдарға қажет нағыз байлықтың ҿзі, адамның бүкіл ҿмірінің басты шарты,
болашағын ойлаған ҽрбір жас білімге, еңбек етуге ұмтылғанда ғана
мақсатына жете түседі.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының мақсаты: ҽлеуметтік-
экономикалық дамудың орта жҽне жоғары ҽлеуеті бар ауылдық елді
мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жолымен халықтың
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, бұл мемлекеттік іс, олай болса
жұмыспен қамту, еңбекке баулу, еңбекке жарамдылығын анықтаудың
маңыздылығын байқау, сезу қиын емес. Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем
болмас үшін біз білімді, бай, күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек.
Бай болуға кҽсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Сол керектердің жұмыс
істеуі керек» – деп ҿсиет етті.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді:
-2009-2011 жылдары ҿңірлік жұмыспен қамту жҽне кадрларды даярлау
стратегиясы – жол картасы;
-2011-2013 жылдары жұмыспен қамту: тұрақты жҽне ҿнімді жұмыспен
қамтуға ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыру [3].
Еңбекке баулуды адамның еңбекке жарамдылығын ескере отырып,
мақсатқа сай іс-ҽрекеттермен ұштастырғанда ғана оның ҿзіндік, бірлескен,
ынтымақтасқан жиынтығы – нҽтиже шығады. Адамдарды қоғамдық ҿмірге
жҽне еңбекке дайындауды кҿздеп, жаңа ҿскелең ұрпаққа қоғамдық-тарихи
тҽжірибені беру үдерісінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына ҿту идеясы
жалпыға ортақ болып шығады. «Берекені кҿктен тілеме, еткен еңбектен тіле»
деп Абай айтқандай, мұның ҿзі үлкен үндестікті білдіреді. Халқымыздың
ҽлеуметтік жаңғыртылу арқылы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына бағыт алуы
мақсатымызға жеткізе түсетіні сҿзсіз.
«Бүгінде еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор
ретінде, жаһандық бҽсекелестік жағдайында алдыңғы кезекке ілгерілетуі
тиіс» – деп ой қорытады «Қазақстанның ҽлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға
Ортақ еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде
еліміздің Президенті Н.Назарбаев [1]. Демек, жаһандану жүріп жатқан қазіргі
шақта бҽсекелестердің ықпалында қалып қоймай, ҽр азамат ҿзінің қажырлы
еңбегімен еліміздің еңсесі биік ел болуына үлес қосуы тиіс. Бұл ҽрбір саналы
жанның басты ұстанымы болмақ керек.
ҼДЕБИЕТТЕР 1. Назарбаев Н.Ә. Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам //Егемен
Қазақстан. 2012, 10 шілде.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты //Егемен Қазақстан. 2012, 15 желтоқсан.
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». –Алматы: Үкімет жаршысы, 1995.