I. Сыныпта өзін-өзі ұстау (мінез-құлқы)
Сабақтарда тынымсыз, зейіні тұрақсыз, істі аяғына дейін жеткізбейді.
Тапсырмаларды бірнеше рет қайталауды және ересектің тұрақты бақылауына мұқтаж.
Мұғалімнің нұсқаулықтарын, талаптарын бірден емес, баяу қабылдайды. Артта қалушылық. Жұмысқа бірден қосылмайды, ұзақ «ойланады».
Мұғалімнің талабын, сыныптың күнделікті күн тәртібін орындамайды.
Мұғалімнің фронтальды нұсқаулықтарын қабылдамайды, сынып жұмысына өз бетінше кірмейді (өзін жоқ деп са-найды) және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды.
Қызмет қарқыны
Баяу, жайбасар, басқа балаларға ілесе алмайды, үлгермейді.
Жұмыс қарқыны тұрақсыз. Тез шаршап, әлсірейді: енжар немесе керсінше, ширақ болу.
Ынтамен жұмыс істемейді, көп қателіктер жібереді, сабақ барысын қадағаламайды, көп алаңдайды.
Жұмыс қарқыны жылдам, бірақ ретсіз және «орынсыз»жұмыс істейді.
Танымдық дамуы
Жеткілікті деңгейде зерек емес: қарапайым тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруге қиналады.
Жиі қосымша көмек пен түсіндіруге мұқтаж.
Оқу үшін білік пен дағды, қоршаған орта туралы білім көлемі жеткіліксіз.
Көру арқылы ақпаратты қабылдаудағы қиындықтар: суреттен қажетті белгілерді бірден көрмейді, дәптердің, жазулардың, оқулықтың кеңістігінде нашар бағдарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |