1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік



бет7/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
суранкулов ответы

14. Жол қиылысының өткізгіштігі
Жол қиылыстарында перпендикуляр бағытта келе жатқан автомобильдерді өткізуге, оңға және солға бұрылуға байланысты жолдың немесе көшенің өткізгіштігі кемиді. Сол себептен бір деңгейде қиылысатын жолдар мен көшелерде олардың есептік қозғалыс жиілігі ретінде жол торабының өткізгіштігі қабылданады.
Жол торабының бір жолағының өткізгіштігі бағдаршамның жұмыс режиміне байланысты, яғни жасыл белгі ұзақтығының қызыл белгі ұзақтығына қатынасына байланысты. Жасыл, қызыл белгілер ұзақтығын тағайындағанда жол торабындағы әр бағыттағы қозғалыс жиілігі ескеріледі.
Төрт бағытты жол қиылысында бір бағыттағы қозғалыс жиілігі мына формула бойынша анықталады:
авт/сағ.
Мұндағы - жасыл белгінің жану ұзақтығы, сек
- жалпы цикль ұзақтығы,
q - автомобильдердің жол қиылысынан өткендегі уақыт интервалы, сек. Жеңіл автомобильдерге q= 2,52,8 сек.
, - қызыл және сары белгілірдің жану ұзақтығы, =3-7сек.
Егер жол өткізгіштігі белгілі болса, жол қиылысының өткізгіштігін былай анықтауға болады:,
,
Мұндағы, - жолдың бір жолағыың өткізгіштігі
Егер қиылысушы екі жолдың қозғалыс жиілігі бірдей болса, онда бағдаршам белгілері екі бағытта да бірдей болады, яғни жол торабының екі бағыттағы өткізгіштігі бірдей.
3, 4 контакты реттеуші бағдаршамдарда жалпы цикл ұзақтығы артады, ол жол торабының өткізгіштігінің кемуіне алып келеді.
Жол және көшелердің өткізгіштігі негізінен жол қиылысының өткізгіштігімен анықталады.


15. Бөлу алқаптары мен аралдары
Бөлу алқаптары көлік қозғалысын бағыты бойынша бөлуге, көліктер мен жолдарды өзара бөлуге, көшелерді көгаландыруға және жерасты инженерлік жүйелерін орналастыруға арналады. Олар тұрған орнына байланысты: орталық, бүйір болады және тро­туар мен қозғалыс бөлігін бөлуге арналған. Орталық бөлу алқабының үлкен жылдамдықты жолдардағы ені 6 м, жалпы қалалық мәні бар магистральды көшелердегі ені 4 м-ден кем болмауы тиіс. Тар жерлерде оны 4 және 2 м-ге дейін кішірейтуге болады. Бұл жағдайда бұрылуға арналған үзілістер қарастырылмайды. Үлкен жылдамдықты және магистральды жолдардағы орталық бөлу алқабы жүріс бөлігінен 15 см жоғары орналасады, қалған көшелерде бір деңгейде орналасады және оларды арнайы белгілермен бөледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет