1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Автомобиль транспорты, түрлері. Даму тарихы



бет3/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
суранкулов ответы

5. Автомобиль транспорты, түрлері. Даму тарихы.
Алғашқы автокөлікті 1769 жылы француз инженері Кюньо ойлап тапты. Ол үш дөңгелекті, пармен жүретін, сол себепті оны жол локомотиві деп атайтын. Оның жұмыс істеу уақыты бар болғаны 15 минутты құраған. Кейінірек 1802 жылы Тревисик, 1804 жылы Эванс осындай пармен жүретін өзгеше конструкциялы машиналар құрастырды. ХIХ ғасырдың аяғына дейін осы сияқты пармен жүретін автокөліктердің біраз түрлері жасалынды. Бұдан кейін инженерлер электро мобильдер жасай бастады. Олар аккумулятордың әлсіздігінен және қозғалыс жылдамдығының аздығынан (5–10 км/сағ.) ары қарай дами қоймады. 1885 жылы жасалынған ішкі жану қозғалтқышы автокөліктің одан ары қарқынды дамуына көп әсер етті. 1895 жылы Париж-Бардо (1200 км) аралығында автокөлік жарысы өткізілді. Ондағы автокөліктер жылдамдығы сағатына 30 км құрайтын. Автокөліктің дамуына 1845 жылы У. Томсон ойлап тапқан (ұмытылып кеткен), кейін 1889 жылы Деклон қайта ойлап тапқан доңғалақтардың әсері зор болды. Ресейде алғашқы автокөлік 1910 жылы 450 дана болып шықты. 1916 жылы алғашқы автокөлік зауыттары салына бастады. Сөйтіп Октябрь революциясы қарсаңында Ресейде өз автомобилі болды. Алғашқы автокөлік 1922 жылы, ал жүк машиналары 1924 жылы жасалынды. 1925 жылы Ярославль зауытынан жүк машиналар сериялы түрде шыға бастады. Соңынан Кеңес Одағында автокөліктердің көптеген түрлері шығарылды: жүк автокөліктері – ЗиЛ, ГАЗ, МАЗ, КрАЗ, УАЗ, УРАЛ, БелАЗ, КАМАЗ; микроавтобустар – РАФ, ЛиАЗ; ЛАЗ; ПАЗ; ЕрАЗ; жеңіл автокөліктер – «Запорожец» және ОКА, «Жигули», «Москвич», «Волга», «Чайка», ГАЗ-14, ЗИЛ-4104. Қазіргі уақытта Қазақстанда машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскер саны қызмет етеді. Бірақ кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 3%-ды ғана құрайды. Қазірге біздің елімізде тек құрастыру кәсіпорындары ғана құ­ралған.


6.Қала көшелері мен жолдардың квалификациялануы.
Арналуы бойынша қала көшелері мен жолдары мынадай категорияларға бөлінеді: үлкен жылдамдылықты жолдар, магистраль көшелер, жергілікті көшелер мен жолдар.
Үлкен жылдамдылықты жолдар, қала көлігінің үлкен жылдамдықпен кедергісіз және үздіксіз қозғалуына арналған. Бұл жолдар қаланың жекелеген аудандарының өзара байланысына, сондай-ақ қала сыртында орналасқан ірі өнеркәсіптік аудандарымен байланысуына және қала сыртындағы автокөлік жолдарына шығуға арналады.
Магистраль көшелер жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдарға бөлінеді.
Жалпы қалалық магистральды көшелер қала орталығын жалпықалалық маңызы бар ғимараттармен, өнеркәсіп орындарын байланыстыратын үлкен жылдамдықты жолдармен, сонымен қатар тұрғын, өнеркәсіптік және коммуналды-қоймалық және басқа да функционалды аймақтарды өзара байланыстыруға арналған. Қозғалыс қарқынына және жергілікті қиылысу ерекшеліктеріне байланысты мұндай магистральды көшелер басқа көшелермен түрлі деңгейде қиылысады, бір деңгейде қиылысқан жағдайда қозғалыс ретті болуы тиіс. Көше бойындағы құрылыстар көпқабатты әкімшілік, қоғамдық, сауда-саттық немесе тұрғын үйлерден тұрады. Аудандық маңызы бар магистральды көшелер тұрғын және өнеркәсіптік аймағын жалпықалалық магистральды көшелермен және үлкен жылдамдықты жолдармен байланыстырады. Бұл көше бойында көпқабатты қоғамдық және тұрғын үйлер орналасады. Жергілікті көшелер мен жолдар: тұрғын көшелер, өнеркәсіптік және коммуналды-қоймалық аудандардағы жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары мен көшелері, поселкелік көшелер мен кіріс жолдары

7. Қала алаңдары. Бас алаңдар және басқа алаңдар


Арналуы бойынша қала көшелері мен жолдары мынадай категорияларға бөлінеді;
Үлкен жылдамдылықты жолдар, қала транспортының үлкен жылдамдықпен кедергісіз және үздіксіз қозғалуына арналған. Бұл жолдар қаланың жекелеген аудандарының өзара байланысына, сондай-ақ қала сыртында орналасқан ірі өнеркәсіптік аудандармен байланысуына және қала сыртындағы автомобиль жолдарына шығуға арналады.
Магистраль көшелер жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральдарға бөлінеді.
Жергілікті көшелер мен жолдар: тұрғын көшелер, өнеркәсіптік және коммуналды- қоймалық аудандардағы жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары мен көшелері, поселкелік көшелер мен кіріс жолдары.
Тұрғын көшелер, шағын тұрғын аудандар немесе магистральды көшелері бар шоғырланған ғимараттар аймағындағы транспорттық және жаяулар қатынасына арналады.
Өнеркәсіптік және коммуналды- қоймалық аудандардағы көшелер мен жолдар, жекелеген өндірістік кәсіпорындар мен қоймаларды магистраль көшелермен транспорттық және жаяу қозғалыстармен байланыстырады.
Жаяулар жолдары мен көшелері, шағын аудандар мен тұрғын аудандарды жұмыс орындарымен, демалыс және қоғамдық орталықтармен, мәдени- тұрмыстық қызмет көрсету орындарымен, аялдамалармен байланыстыруға арналады. Сондай-ақ оларға саябақтар және орманды бақтар ішіндегі қыдыру аллеялары жатады.
Кірме жолдар, шағын аудандар ішіндегі жолдар, олар сол аудандарды жергілікті қозғалыс көшелерімен байланыстыруға арналады.
Тұрғын аймақтардағы алаңдар- бас алаңдар және көліктік алаңдар болып бөлінеді.
Бас алаңдар халықтың үлкен бөлігінің түрлі шаралар (мерекелік шерулер, концерттер, жарыстар, жалпы халықтық демалыстар және т.б. жиындар) өткізуге арналған орын.
Көліктік алаңдар- вокзал, мекемелер, сауда орталықтарының және басқа да түрлі кәсіпорындар алдындағы көлік қоюға арналған алаңдар.
Алаңдардың өлшемдері қала құрылысын жоспарлау жобасына сәйкес белгіленеді. Дегенмен, алаңдардың өлшемін шамамен ірі қалалар үшін 3-4 га, облыстың маңызы бар қалалар мен орташа қалалар үшін 1,5-2 га, кіші қалалар үшін 0,8-1,2 га етіп қабылдауға болады. Мысалы, Мәскеудегі Қызыл алаңның ауданы- 3,4 га, Ташкенттегі Театр алаңы- 5,9 га орналасқан.
Пландағы көрінісі бойынша алаңдар түрлі конфигурацияда орындалады: тіктөртбурышты, квадрат, дөңгелек, көпбұрышты және т.с.с.
Кез-келген алаңды жобалау : жоспарлық (горизонталь) және вертикаль жобалаудардан тұрады. Қала алаңдарын жобалаудың негізі міндеттері;

  • алаңның қала жоспары жобасында белгіленген функцияналдық арналуына сәйкес болуы;

  • қаланың көркін ашатын үйлер мен ғимараттардың сәулеттік үйлесіміне сай жасалуы;

  • көлік және жаяулар қозғалысын ұйымдастыру, сонымен қоса көлік тұрақтарын да ескеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет