2.Қалалардың тұрғындар санына байланысты бөлінуі
Қалалар тұрғындар санына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
- өте ірі а) 1000 мың адам жоғары;
б) 500-1000 мың адам;
- ірі 250-500 мың адам;
- үлкен 100-250 мың адам;
- орташа 50-100 мың адам;
- кіші 50 мың адамнан аз елді мекендер.
Мысалы, 250-500 мың адамы бар қалаларда көлік қозғалысы жылына 300-330 жол жүруді құраса, ал болашақта 460-650 қозғалысты құрайды. Мәскеуде бір тұрғын жылына көлік қозғалысында 800-ден астам жол жүрісін құрайды.
Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік жұмыстарының көлемін шамамен мына формуламен анықтауға болады:
Рn=N*П*Lорт
Бұл жерде, N-тұрғындар саны, мың адам.
П-тұрғындардың көліктік қозғалысы, жол жүру/адам;
Lорт - орташа жол жүру ұзындығы,км.
Көлікпен тасымалданатын жүк көлемі:
Ржүк=Q*Lорт
Бұл жерде Q – тасымалданатын жүк көлемі, т.
Тасымалдау көлеміне тұрғындарды орналастыру сипаты, қаланың жоспарлы құрылымы, жолаушылар құрамы және жүк құрылымы едәуір ықпал етеді.
Осылайша көлік жүйесін көлік қатынас жолдары және көліктің өзі құрайды.
3.Қалалық көшелер мен жолдарды жобалау ерекшеліктері.
Қалалық көшелер мен жолдар жұмыс жағдайына қарай қала сыртындағы автомобиль жолдарының жалпы жүйесінен бірқатар өзгешіліктерімен ерекшеленеді. Қала көшелері мен жолдарының басты ерекшеліктері:
қозғалыстың жоғары қарқындылығы. Қозғалыс жиілігі қала сыртындағы жолдардан (авт./тәу) бірнеше есе (авт./сағ) артық;.
қозғалыстағы көлік түрлерінің көптігі. Қала көшелері мен жолдарындағы қозғалыста көліктердің көптеген түрлері кездеседі (трамвай, троллейбус, велосипедтер, мопедтер және арнайы көлік түрлері- апатты, өрт сөндіру және т.б.);
түрлі режимдегі көліктер қозғалысы;
қалаларда үзіліссіз көлік қозғалысынан басқа, басқарылатын және өздігінен басқарылатын қозғалыстар, қоғамдық көліктер аялдамалары, транзитті және жергілікті көліктер қозғалыстары қарастырылған.
Осының барлығы қосымша ерекшеліктерге алып келеді:
үлкен мөлшерде көліктердің қиылысуы;
түрлі мақсаттағы қала алаңдарының болуы;
жаяу жүргіншілер қозғалысы;
түрлі типтегі автотұрақтарды орналасуы;
көшелердегі жер беті (жаңбыр) сулары жүйелері, олар ернеулік науалардан, су қабылдау және бақылау құдықтарынан, жабық жер асты тартылған тармақтардан, магистральды коллекторлар мен тазалау құрылғыларынан тұрады;
қала көшелерінде орналасқан жер асты және жер үсті инженерлік жүйелер.
көшелердегі жасыл алқаптар. Олар үлкен санитарлы-гигиеналы, архитектуралы-безендіру, ландшафтық және көлік қозғалысын реттеуде маңыздылығы жоғары.
Қала көшелерін жөндеу және оларды күту ерекшеліктері, сонымен қатар көше бетін жазда және қыста тазалауды ұйымдастыру шарты, қардан тазарту және көк тайғақпен күресу жолдары.
Осы ерекшеліктердің барлығы қала көшелері мен жолдарын жобалауда ескерілуі қажет.
4.Көше – жол жүйелері
Көше – жол жүйесінің жобалау схемасы түрлі формада болады. Ең маңыздысы көшенің жеке учаскелердегі түрлі магистральдердің қиылысуынан көлік легтерінің кептелісі болмайтын, өте қарапайым, әрі анық құрылған, көліктер легін реттейтін және оның барлық талаптарына кешенді жауап бере алатындай болуы керек.
Көше – жол жүйесі келесі жобалау схемаларымен ажыратылады: радиальды, радиальды-дөңгелек, тікбұрышты, тіктөртбұрышты-диоганальды, аралас (еркін).
Радиальды жобалау схемасы (сурет 1.1.а) ескі қалаларға тән. Ондағы көшелер сыртқы жолдардың жалғасы спеттес. Бұл жоба схемасындағы қала орталықтары сыртқы периферилі аймақтармен тікелей байланысады, бірақ қала орталығында қозғалыс қиындап, көлік кептелісі туындайды. Периферилі аудандардың өзара байланысы қиындайды, яғни жол ұзарады. Мұндай жобалау схемаларын кішігірім қалаларға ғана қолдануға болады.
Радиальды-дөңгелек (сурет 1.1.б) – радиальды схемалы қалаларда олардың ары қарай дамуына байланысты, ондағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін дөңгелек магистральды көшелер қарастырылады. Нәтижесінде қаланың орталығығындағы қозғалыс қарқыны төмендеп, периферилі аймақтардың арасындағы байланыс жақсарады. Мұндай жүйе Москва, Париж және басқа ертеден дамыған қалаларының жол-көше жобалау схемаларына тән.
Тікбұрышты жобалау схемасы (сурет 1.1.в) кейініректе арнайы жобамен салынған жаңа қалаларға тән. Бұл жобада көшелердің өзара паралель орналасуынан ондағы қозғалыс қарқыны үлкен әрі шамалас, көлік кептелісін туғызатын бірнеше көшелердің түйілісі қарастырылмаған.Кемшілігіне шеткі аудандардың орталықтан біраз алшақтығын айтуға болады.
Тіктөртбұрышты-диагональды жобалау схемасы (сурет 1.1. г) шеткі аудандарды орталықпен жылдам байланыстыруға арналғанымен онда көшелердің өзара қиылысы артады, қиылыстардың бұрышпен қосылуы ондағы қозғалыстарды ұйымдастыруды қиындатады, сонымен қатар ондағы құрылыстарды қиындатады.
Аралас жобалау схемасы (сурет 1.1.д) көптеген қалалардың құрылысында қолданылады. Оған себеп, мысалы ескі қалаға жаңа қаланы қосып тұрғызу және т.б. жағдайлар әсерінен түрлі жобалау схемаларын бірге қолдану .
Еркін жобалау схемалары жоспарсыз соғылған ескі қалаларда кездеседі, сондай-ақ күрделі рельефтің әсері де болуы мүмкін.
Сурет 1.1 Көше-жол жүйелерін жобалау схемасы: а-радиальды;
б- радиальды-дөңгелек; в- тікбұрышты; г – тікбұрышты-диагональды; д-аралас.
Көше-жол жүйесі жобасы көлік қозғалысы қарқынына көп әсерін тигізеді. Қысқа бағыттармен салыстырғанда тікбұрышты жоба схемасы жолды 27 %-ға, ал радиальды-дөңгелек тек 10%-ға ұзартады.
Қаланың көше – жол жүйелерінің жалпы ұзындығының 1км2 ауданға келетін мөлшерін көше-жол жүйесінің тығыздығымен сипаттайды.
б= L/F
Әдетте магистраль тығыздығы 2-2,5 км/км2. тең. Магистральды көшелер арақашықтығы 800-1000 м. аралығында, ал тұрғындар көшелері аралығы 200-300 м.
Достарыңызбен бөлісу: |