12. Жер асты инженерлік коммуникациялары Жер асты инженерлік коммуникациялары көшенің жүріс бөлігінің, тротуардың немесе жасыл алқаптың астында орналастыруға болады. Жер асты құрылымдарына шаруашылық канализациясы, су құбыры, газ құбыры, жылу құбырлары, дренаждар, түрлі жоғары және төмен кернеулі электр кабельдері, телефон, телеграф, радио, өрт дабылдарының және арнайы қызметтік кабельдер жүйесі жатады.
Жер асты құрылымдары жүріс бөлігінің деңгейінен өзара түрлі қашықтықта жәнеі әр түрлі тереңдікте орналастырылады. Планда оларды құрылыс сызығына параллель орналастырады. Себебі жаңа жүйелері орналастырғанда және ескі жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде басқа коммуникацияларға зиян келтірмеу үшін. Ұсынылатын арақашықтықтар нормативтік құжаттарда көрсетілген.
Жер асты коммуникацияларын жеке немесе біріккен түрде – бір траншеяда бірнеше жүйені орналастыру тәсілімен және де ортақ немесе арнайы коллекторларда орналастыруға болады. Жер асты жүйелерін орналастырудың жетілдірілген тәсілі – барлық жер асты коммуникациялар орналасатын құрамалы коллектор-галереялар болып табылады.
13. Қала көшелерінің өткізгіштігі Белгілі бір уақыт ішінде жолдың немесе көшенің кез-келген көлденең қиылысы арқылы өтетін автомобильдердің ең жоғарғы санын сол жолдың өткізгіштігі дейді. Өткізгіштік түрлері: екі бағыттағы көшенің жол өткізгіштігі; бір бағыттағы өткізу мүмкіндігі және бір қозғалыс жолағының өткізгіштігі. Уақыт өлшемі ретінде бір сағат қабылданады.
Қозғалыс алқабы дегеніміз жолдың немесе көшенің көлік қамтитын жүріс бөлігі. Оның ені мұндағы жүретін көліктер еніне, олардың жылдамдығына және қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға арналған алқап еніне байланысты қабылданады.
ҚНжЕ бойынша қозғалыс жолағының енін қала жолдары мен көшелерінің түрлеріне байланысты 2,75 ;3,0;3,50; 3,75м қабылдайды.
Бір қозғалыс жолағының өткізгіштігі мына формула бойынша анықталады:
авт/сағ. немесе
Мұндағы, – қозғалыс жылдамдығы м/с немесе (км/сағ);
L – қозғалыстағы автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтық, м.