1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Қала көшелері мен жолдарының негізгі элементтері



бет4/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
суранкулов ответы

8. Қала көшелері мен жолдарының негізгі элементтері
Қ ала көшелері мен жолдарының негізгі элементтеріне көшенің жүріс бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер алқабы, жерасты инженерлік құрылымдарды орналастыру жолағы және де қажеттілігіне қарай қосымша трамвай және велосипед қозғалысына арналған жолақтар мен бөлу жолақтары жатады.
2.2. сурет. Қала көшесінің көлденең қимадағы элементтері.
а,б,в – элементтерді үйлестіру варианттарды:
1-орталық жүріс бөлігі; 2-орталық бөлу жолағы; 3-орталық және шеткі жүріс бөлігінің арасындағы бөлу жолағы; 4-шеткі жүріс бөлігі; 5-шеткі жүріс бөлігі мен тротуар арасындағы бөлу жолағы; 6-тротуар; 7-«қызыл сызық» бойындағы гүлзар жолағы; 8-құрылыс немесе «қызыл сызық»; 9-орталық жүріс бөлігі мен трамвай жолының арасындағы бөлу жолағы; 10-трамвай жолы; 11-техникалық жолақ.


9. Көше элементтерінің ендерін анықтау
Көше планынан көлденең қиманың айырмашылығы көше планында көше элементтерінің өлшемдерін анықтап, орналастырады (композиция). Ол жол құрылысы жобаларын жасауға қажетті алғашқы мәлімет ретінде көшенің архитектуралық-жобалау тапсырмасының құрамына кіреді.
Көшенің көлденең қимасы арқылы оның элементтерінің формасы мен оның кеңістіктегі орны (биіктігі) бейнеленеді.



Сурет 4.5. Көшенің көлденең қимасы:


а-архитектуралы- жобалау схемасы; б-жол-құрылыс схемасы.

Сонымен көлденең қимада әр элементтегі орындалатын жұмыс, жер жұмыстары көлемі және жер асты коммуникасының орналасуы көрсетіледі.


Жүріс бөлігінің еңкіштігі 15-30‰ аралығында жабын түріне байланысты арнайы әдебиеттер бойынша қабылданады.
Автомобильдер тұрақтары мен алаңдар еңкіштігі 15-20‰, тротуар 10-15‰ (20-30). Ал жасыл алқап еңкіштігі 5 ‰ кем болмауы керек.
Жолдың көлденең қимасы әр пикетте жасалынады. Көлденең қиманы жобалағанда еңкіштер бағыты жер беті суларын ағызуға байланысты қабылдайды. Көшенің жүріс бөлігінің шетіне бордюр тасы қойылады, оны көше суының ағуына пайдаланады.
Негізінен тротуар және жасыл алқап су астауынан 12-20см шамасында жоғары орналастырады.
Жолдың жүріс бөлігі екі немесе бір еңкішті болып келеді. Бір еңкішті жағдайда көше ені 10,5м аспауы керек.
Негізінен екі еңкішті қима «дөңес» болып жобаланады, «ойыс» қима түріндегі жолдар өте сирек қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет