9 - Билет 1.Энеолит заманының өндірістегі және қоғамдық өмірдегі жетістіктері
Адамзат баласының металдан жасалган құралдарды игере бастауы б.з.б.3000 жылдары басталады. Мыс-тас дәуірінде мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Еңбек құралдарының жетілдірілуі. Мыс жеңіл әрі қалаған пішінге келтіруге ыңғайлы болды. Адамдар мыстан қанжар, балта, әйелдердің сәнді бұйымдарын және т.б. заттар жасады. Ол үшін саз балшықтан немесе жұмсақ тастан қажетті қалып жасап, оған балқыған мысты құйды. Ертедегі зергерлер әйелдердің әсем заттарын мыстан құйып әзірледі. Одан жасалған әшекейлер сәндігімен ерекшеленді. Сонымен қатар мыстан ыдыстар жасады. Мыстан жасалған ыдыстардың бүйірі шығыңқы, мойны ашық келіп, сыртына тұтастай өрнектер салынған және ирек сызықтармен әшекейленген. Шеберлер еңбек құралдарын мыстан дайындай бастады. Алайда мыс жұмсақ болғандықтан, одан жасалған еңбек құралы тез тозды және ауыр жұмыстарға (жер қазу) жарамады. Дегенмен, оның еңбек өнімділігін арттырудағы маңызы зор еді. Қоғамдық еңбек бөлінісі. Мыс-тас дәуірі қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бастапқы кезде бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Еңбек құралдарының жетілуі барысында мыс-тас дәуірінде еңбек бөлінісі толық орнықты. Енді, бірте-бірте тек қана мал немесе егіншілікпен айналысатын тайпалар қауымы қалыптасты. Бұл бөлініс шаруашылықтың дамуына ерекше әсер етті. Адамзат даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Тесені мыстан, ағаштан жасалған соқаның алмастыруы егіншіліктің маңызын күшейтіп, еңбек өнімділігі арта түсті. Қоғамдық еңбек бөлінісі, металл өндірісі және мал шаруашылығы маңызының арта түсуі ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Өндірісте әйел рөлінің төмендеуі отбасында еркектердің билік жүргізуіне алып келді. Рулық қауымның негізін көбінесе патриахалдық отбасылар құрайтын болды, онда ер адамдардың үстемдігі қалыптасты. 2.«Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатын салыстырыңыз.
«Әскери коммунизм» саясатының көрінісі-азық-түлік салғырты болды.Азық-түлік салғырты, дүние-мүлікті тәркілеу, кулактармен күрес салдары, осы кездегі табиғи апаттар, тиімсіз экономикалық саясат, әкімшілдіктің өрістеуі ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды. «Әскери коммунизм» саясатының ауыр салдары- Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды.1921-23 жылғы табаби,ат әсерінен болған аштық болды. Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» идеясын өмірге енгізе бастады.Қазақ халқы жағдаының өте ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастады. 1933 жылғы қолдан жасалған аштық басталды.
3. Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
Түрік қағанаты Алтайдан Каспий теңізіне дейін