Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні
дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып
келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі
ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
2.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар
Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы
тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы
туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ
хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы
кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың
дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде
ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың
бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта
шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек
сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс
Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы
мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-
жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін
қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-
Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі.
Достарыңызбен бөлісу: