1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон 
аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан 
Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. 
Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, 
солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген 
керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары 
мекендеген. Осы тайпалармен және ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап 
тұрған.
Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы 
Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде 
тұрған.
VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал 
таулары және Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына 
Мұғалжар жеріндегі кумандар және қимақ тайпалары кіреді.
ХІ-ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді.


Бірінші қанаты - оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын
сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, 
ордасы - Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.
Екінші қанат - сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен 
Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның 
ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар 
мен әскери әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге 
мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет