1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
20 - Билет 
1.Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы) 
Үйсіндер туралы ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат 
жақты, аққұбаша, сары шашты»болып бейнеленеді. Табиғаты былай суреттелген: 
«Жерлері тегіс ,шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш 
көп өседі». Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы мынадай мәлімет 
жазып қалдырған: «Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс 
шекарларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде 
гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның 
үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шаньюй (сюннулардың билеушісі) 
бұған таңғалып, мұны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді».Олар өзімен көрші 
жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-
қатынасын жасаған. Б.з.б.138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде «Батыс өңірге» 
келген Қытай елшісі әрі саяхатшы Чжань Цянь: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты » 
деп жазады. Деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге 
болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол 
астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, батысында қаңлымен, 
олңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды». Деректерде «Үйсіндердің 
үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден 
құралған » деп жазылған.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго»,
«Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндер басшысын «гуньмо» 
(күнби) деп атаған. Гуньмолардың жасағы отыз мың атты әскерден тұрған. Оған «бек»деп 


аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.Үйсін қоғамы біркелкі 
болмаған. Тайпа мен ру басшылары, байлар, жауынгерлер мен абыздар және қатардағы 
қарапайым бұқара халық малшылармен егіншілерден тұрды.Мал шаруашылығымен және 
егіншілікпен шұғылданған үйсіндер қоғамында әлеуметтік және мүліктік жіктелу орнығып 
,теңсіздік қалыптасты. Мал жеке меншікке қарады. Байлар өз жылқыларын өзге 
жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі – ентаңба басып, ен 
салған. Әскери қолбасшылар, ірі байлар алтыннан, қоладан жасалған таңба ұстаған, 
дәрежесі төмендердің тастан, сазбалшықтан жасалған таңбалары болған. Бай үйсіндер 4-
5 мың жылқыдан иемденді. Кейбір ауқатты бай үйсіндер құл еңбегін де пайдаланған. 
Құлдар негізінен соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі 
көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды.Дәулетті адамдардың киімдері көбіне 
жібектен, не басқадай қымбат матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар арзанқол матадан 
не қой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да 
қараған. Байлар: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны 
жолатпайтын. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді 
жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обалар бай адамдар жерленген. 
Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал 
қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген 
адамның тұтынған заттары салынған. 
2.ХХ ғ. 20-30 жж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен 
қайшылықтарына талдау жасаңыз. 
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы социалистік қоғам құру туралы лениндік 
жоспардың бір тармағы болатын. Мәдение революция қоғамдық өмірдің барлық саласын 
қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеуге әсер етуге тиісті 
болды. Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру
ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл 
кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта 
қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған 
байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: 
біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени 
мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. 
Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК 
хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері 
мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы 
тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР 
Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық 
және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге 
асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке 
байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді. 
 
3.Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз. 
Билеушілер 
Жүргізген саясаты 
Ерзен хан 
Ерзен ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастады. Ақ 
Ордада қалалық мәдениеті дами түседі. Отырар, Сауран, Баршыкент 
қалаларында мешіт, медреселер салынды. 
Мүбәрак 
Мүбәрак 1327-1328 жылдары өз атынан таққа отырды. Бұған Алтын Орда 
хандары қарсы болып, тәуелді етуге тырысты. Алтын Орданың хан 
Өзбектен жеңіліс тапқан Мүбәрак жеңіліске ұшырап қырғыздар мен 
Алтайға қарай кетуге мәжбүр болады. 
Ұрыс 
Алтын Ордадан мұлдем оқшауланды. 1368-1369 жылдары өз атынан 
Сығанақ қаласында теңге соқытырады. 1374-1375 жылдары Еділ бойына 


жорық жасап, қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады. 
Барақ 
Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің 
немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қайтарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет