1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
21– Билет 
 
1. Қаңлылар тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы) 
Қытайдың «Цянь Ханшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған 
уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.«Жу патшасының 
тарихы» деген шығарманың «Қаңлы» бөлімінде былай делінген: «Қаңлы елінің алтын, күміс, 
асыл заттар, хош иісті майлар, кілемдер, қымбат аң терілері шығады. Көп елдермен сауда 
жасасқан едәуір қалалары да болған». Бірқатар тарихшы ғалымдар Қаңлы мемлекетінде 
жазу болған дейді. Оған дәлел ретінде Қытайдан барған елшілердің Қаңлы ханының 
сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді. Өкінішке қарай, ол жарғылар 
сақталмаған. Бірақ соңғы жылдары археологтар қыш тақталарға жазылған қаңлы 
жазуларын табуда.Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні 
(отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі 
Қытай хроникасы олардың екі астанасы- жазғы және қысқы астанасы болғанын 
жазады.Ежелгі Иранның бағзы заманда жазылған «Авеста» деп аталатын қасиетті 
кітабында «Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының 
алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй» , «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз 
тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас. Үнді халқының эпосы «Махабхарата» 
қолжазбаларының мәліметтерінде де қаңлы атауы аталады. «Қаңлы» сөзі «қарулы, жақсы, 
жайсаң ұлықтар» мағынасын білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихы жөнінде жазба 
материалдары аз. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға 
көмектескенін ғалымдар анықтап отыр.Қаңлылар б.з.б. ІІІ- б.з.-дың V ғасыры аралығында 
өмір сүрген.Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар 
отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының қолайлылығына байланысты мұнан екі 
мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер 
жақсы дамыды. 
Шаруашылығы мен тұрмысы: Қалалардың айналасын, өзендердің жағаларын мекен еткен 
қаңлылар егіншілікпен айналысты. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық 
дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Сырдария аңғарларындағы 
егіншіліктің басым бөлігі тары, арпа, бидай сияқты дәнді дақылдар болды. Сонымен бірге 
қауын, қарбыз секілді бақша дақылдары, алма, жүзім, өрік сияқты жемістер өсірілді. Суды 
Сырдарияның салаларынан, әсіресе Қуаңдария мен Жаңадариядан алды. Егіншіліктің кең 
қанат жаюы арықтардың, дамбылардың, су қоймасы мен тоғандардың пайда болуына алып 
келді. Тары, бидай, арпа, күріш, бұршақтан бай өнім жинаған. Сырдария Арыс Бадам 
өзендерінің орталық өңірлерінде мақта өсіруменде айналысқан.Егіс алқаптарын суландыру 
үшін, көптеген су қоймалары мен тоғандар салды. Шыршық өзенінің оң жағалауында 
ұзындығы 20 шақырым келетін Зах тоғанын қазды. Ал сол жағалауынан Ханарық арығы 
тартылды.Тәлімі егіншілік түрі басым болған. Жиған асықтарын іші күйдірілген ұраларда, 
сондай-ақ жерге көмілген үлкен қыш ыдыстарда сақтады.Қаңлылардың маңызды 
шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Олар жылқы, қой, сиыр, ешкі, сияқты үй малдарын 
өсірді. Малдарын жаздық жайылымдарға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан 
далаларына дейін жеткен. Қыс кезіндегі қыстаулар үшін ең алдымен өзен маңындағы 
жерлерді таңдады, өйткені оның жағасындағы қалың қамыс пен бұталар мал мен адамды 
дауылдан, қардан, бораннан сақтады, малға азық болды.Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан 
сияқты құстарды аулаумен де шұғылданған. Олар балық аулауды да кәсіп еткен. Балықты 
сүңгімен түйреп, басқа да әртүрлі құралдармен аулаған.Қаңлы әйелдері арасында 
қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, игерілген жіптен 
киім, түрлі төсеніштер тоқыған. Қолөнершілер жасаған бұйымдарын мал шаруашылығы 
өнімдеріне және астыққа айрбастады. Бұл ішкі сауданың дамуына және көрші 


тайпалармен қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етті.Қаңлылар жерінде металл 
өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Әсіресе Қауыншы 
мәдениетінде темір өңдеі мен балқыту айтарлықтай дамыды.Металл өндірісінің орталығы 
Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Ежелгі Құлата қаласының орынан 
табылған қазба бұйымдары бұл жерде металл өңдеудің ірі орталығы болғандығын 
аңғартады. Бұл орталық кезінде 50 гектардай жерді алып жатқан. Қаңлылар мемлекеті 
географиялық жағынан қолайлы орналасқанын айттық. Оның аумағы арқылы Ұлы Жібек 
жолы өтті. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з. –дың ІІІ –ІV ғасырларында соғылған 
салмағы әртүрлі 1300 дей теңге тапты. Мұндай теңгелердің көбісі Сырдария аймағында 
кездескен. 
2. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз. 
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер. Бұрынғы 
Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.1918-1920 жылдары 
«Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.1920 жылы Орынборда 
Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.Сол жылы жаңа 
құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 
1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты 
шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 
жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ 
педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.1928-1932 жылдары Мәскеу 
көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында 
инженер-құрылысшы болып еңбек етті.Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-
ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі 
көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде¬ниет, әдебиет, өнер, тарих 
мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның 
«Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 
жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-
кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан 
төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, 
Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза 
жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» 
(«Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 
1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.Смағұл Сәдуақасовтың 
бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. 
Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро 
мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия 
комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді. 
3. Суретте көрсетілген түркі жазба әдебиетінің ескерткіштері қалай аталады және оларға 
сипаттама беріңіз. 
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін 
ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. 
Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей 
жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі 
жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын 
бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. 
Білге Қаған Ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны 
жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” қатарына жататын ескерткіш . Күлтегін 
ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін 
орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889 ж), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов пен 
Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін 


А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. 
Ескерткіште Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-
жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, 
мемлекеттегі . ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты 
түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште 
“елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-
күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. 80 жол, 3000-
нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме 
сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, 
этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет