1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


Семасиология, оның зерттеу нысаны



бет6/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

9. Семасиология, оның зерттеу нысаны
С е ма с и о л о г и я (гр. semasia — мән, мағына + logos — ілім сөздерінен)
сөздердің мағыналық құрылымын зерттейді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.
16. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары.
Оларға сөздердің бейтарап және бейнелі мағыналары, терминдік кәсіби мағыналары жатады. Бұл топқа кіретін лексикалық мағыналар сөздердің әр түрлі стилистикалық қызметіне байланысты болғандықтан, олардың бұдан бұрын талданған лексикалық мағыналардан сипаты мүлде бөлек.
Бейтарап мағына зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы, дала, орман, адам, мемлекет, қазына, қанат, жақсы, жаман т.б. Зат құбылыстарды жағымды-жығымсыз түрде бағалау, сезімнен тұған бейнелі түсініктер бейтарап мағынаға жатпайды. Бірақ сөздің кейінгі қолдану барысында ондай қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мысалы, құс қанатымен ұшады қанат сөзі бейтарап мағынасында. Ал ұшарға қанатым жоқ қанат бейнелі мағына.
Бейнелі мағына. Бұған адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоциалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма деп те аталады. Зат, құбылыстарды жағымды-жығымсыз түрде бағалау, сезім, көңіл күйдің әсере онда айқын байқалып тұрады. Ср. Тамаша, шіркін, ғажап, сорлы, сүмелек, ойбай, қалш-қалш, едірею, жалпию.
Терминдік мағына. Ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы лексикалық мағынасы. Мысалы, объект, предикат, диалект, екпін, үстеу, холестерин, конституция т.б. Кәсіби сөздердің мағыналары да тұрақты және оларға бейнелік тән емес.
Поэтикалық мағына. Халықтық тілде бір-бірімен қиыстпайтын сөздерден жаңа тіркестер, соны сөз өорнегін жасау, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтерінкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі. Мысалы: Абайдың: Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөзімде жаз бар шыбынсыз т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет