4.Ежелгі түрік қағанатының құрылуы, қоғамдық құрылысы, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Батыс түрік қағанаты.
Ежелгі түрік қағанатының құрылуы, қоғамдық құрылысы, әлеуметтік-эконамикалық және саяси жағдайы, Батыс түрік қағанаты.
Еуразия аумағында қазіргі Қазақстан жерінде алғаш рет ірге тепкен фердалдық мемлекеттің бірі ол- түрік қағанаты. Шығыстағы Алтай тауынан бастап, батысымыздағы Каспий теңізіне дейінгі аумақ қағанатқа тиесілі болды. Оңтүстік-шығастан Қытаймен шектессе, парсы елімен оңтүстік батысы тиісіп жатты. Негізгі құрамын аты айтып тұрғандай түріктер құрады. Одан басқа ұйғыр, оғыз, қырғыз, үйсін, дулу тағды да басқа тайпалар құрады. Бұлардың ортақ атауы-теле. Қағанаттың құрылуын Бумын қаған қалаған. Жужан қағаны Анағұйды 552 жылы ойсырата жеңеді. Сөйтіп, Бумын өзіне «елхан» атағын алады. Олан кейін баласы Қара-Еске таққа отарады. Қара-Ескеде жужандарға қарсы шабулдар жасайды. Кейін Мұқан мен Иштемидіңде ерліктері нәтижесінде 6ғ 70 ж Түрік қағанатының үстемдігі Азияның біршама аймағын қамтыды. Қағанаттың өзінің ішіндегі соғыстар жанындағы Қытайға және басқа елдерге пайдалы болды. Натижесінде Түрік қағанаты 603 жылы екіге ыдырап кетті.
Батыс түрік қағанаты 603ж мен 704ж аралығында өмір сүрді. Оны Тардуш қаған бастап билігін күшейтті. Территориясы Алтай тауынан Каспий теңізіне дейін детті. Астанасы Шу өзеніндегі Суяб қаласы. Батыс түрік қағанаты Шегу мен Тон кезінде Тарым, Памир тауына дейін шекарасы ұлғайып күшейе түсті. Батыс түрік қағанаты «он тайпадан» тұрды. Оған бес дулу мен бес нушеби кірді. Осы басқару жүйесі батыс түрік қағанатының әлсіреуіне алып келді. Екеуінің арасындағы тартысты Қытай пайдаланып Жетісуға басып кіреді. Бұдан кейін батыс түрік қағанатының орнына Үшлік бастаған Түргеш қағанаты бой көтере бастайды
5. Түркештер қағанаты. Қарлұқ мемлекеті. Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты.
Жетісуға басып кірген Қытайларды жеңу кезінде Түргеш тайпасының беделі өсті. Нәтижесінде Үшлік өзін қаған етіп жариялап, 20 әкімшілік аймаққа бөліп, әскери қол жинады. Үшлік қағаннан кейін Сұлу қаған таққа отырып астананы Суябтан Талас қаласына көшірді. Сұлу қаған тұсында түргештер арабтармен күрескен. Соғыстарда әрдайым өзі қатысып, жеңіске жетіп жүргендіктер арабтар Сұлуға «сүзеген» деген атау берген. Сұлу қаған қайтыс болғаннан кейін сары мен қара түргештер арасында талас басталды. Жиырма жылға созылған бұл тартысты Қытай бақылап отырған еді. Қытай мен Арабтардың арасындағы шайқас-Атлах шайқасы болған еді. Бұл шайқасқа қатысқан қарлұқтар билікті өз қолдарына алды. Түргештер туралы деректер Күлтегін жазуларында көптеп кездеседі. Қарлұқтың түбі түріктермен бір екендігі туралы да жазбалар кездеседі. Қарлұқтар Қытайдан келген қауіпті азайту үшін Қашғарияны жаулап алып шекараны бекітіп алды. Қырғыздармен бірігіп Ұйғырларды жеңеді. Осы кезде Білге өзін қаған етіп жариялайды. Қашқардағы түріктер Баласұғын қаласын жаулап қарлықтарды жеңеді.
Оғыз Сырдарияның орта, төменгі ағысында құрылған. Астанасы Янгикент қаласы. Жоғарғы билік жабғудың қолында болған. Қарлұқ дәне Қимақ тайпаларымен бірігіп Волга бойындағы қыпшақтарды жеңген. Оғыздар Қара теңіз бен Дон өзеніндегі жайылымдықтарды қайтаруға және Еурапа мен Азияны байланыстыратын сауда жолына қол жеткізу үшін саяси бағынтарын арнаған. Билік үшін талас Оғыздарды әлсіретеді. Бұл жағдайды қыпшақтар пайдаланып кетеді.
Қимақтар Моңғолияның солтүстік батысын мекендеген. Астанасы Имақия , екінші астанасы Карантия. Қырғыз шабул жасап, оғыздармен бейбіт тұрмыс кешкен. 10ғ екінші жартысында Қарахан мемлекетімен қақтығысады. Ішкі қайшылықтардан және сыртқы салдарлардың әсерінен ыдырап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |