1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің құралдары



бет13/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
12. Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің құралдары
Эстетикалық тәрбие – тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол эстетикалық – мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Эстетикалық тәрбие, ең ақырында, оқушылардың әлеуметтік жағдайына, оның жан-жақты даму болашағына, болашық маманның дара эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай жүйені құруға ықпал етеді.Жоғарғы мкектептегі эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты болашақ маманның жоғары дәрежедегі тұлғалық эстетикалық мәдениетін қалыптастырып және шығармашылық әрекетін дамыту. Оның еңбекке, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым-қатынасқа, спортқа эстетикалық көзқарасын дамыта отыра, эстетикалық тәрбие тұлғаның шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру көпшілік мәдени-тәрбиелік және эстетикалық тәрбие жұмыстарының барлық жүйесімен тығыз байланыста болып, қоғамның мәдени құрылысының бірегей негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағдайында өзінің ары қарай дамуын жалғастырады.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
Балалардың эстетикалық түсінігі ең құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту;
Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау.
Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикасы көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуға тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет