1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет12/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Табиғаттағы еңбек Бұл топтағы балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктерге су құю, үлкен жапырақты сүрту, гүлдердің ірі тұқымдарын себу, пияз отырғызуға, қазылып, өңделген жердегі өсімдіктерді суару, көкіністерді жинау, қар күрейді.Үлкендермен ықыласты қарым-қатынас жасауға, олардың еңбегіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен әр-түрлі ойыншықтар, сәндік бұйымдар жасауға баулу, қағаздан, картоннан, табиғи материалдардан сюжетті-рөлді ойындарға арнап ойыншықтар: дүрбі, жалауша, сөмке, телпек, кітапша, ойыншық мүліктер, жиһаздар, орамал, салфетка, ата-аналарға, балалар бақшасының қызметкерлеріне, кіші тобындағы балаларға сыйлықтар жасауға үйрету.
Материалды қажетіне қарай үнемдеп жұмсау, еңбектеніп жасаған заттарын сақтай білу, өз қалауы бойынша кітаптарды жөнге келтіру, қуыршақ киімдері мен ойыншықтарды жөндеуге үйрету.
Оқу іс-әрекетке және өз бетімен жұмыстарына керекті құралдар қораптар, ине түйрейтін жастықшалар, санау материалдары жасауға үйрету.
11. Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен жұмысы
Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен отбасы іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары, Бұл мәселеде педагог мамандар мен отбасының үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың тәрбие жұмыстарына қызығушылығы арқылы оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер: МдҰ мен отбасы сабақтастығының стартегиясын жасау; мәдени іс-әрекеттерді анықтау яғни, тек ата-аналармен жұмыс атқаруды үйреніп қоймай, әрбір тәрбиеленушінің отбасын, оның ерекшеліктері мен мәселелерін түсіну.
Мектепке дайындық ата-аналарды дайындаудан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі олардың педагогикалық және психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етуі тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мен отбасы қарым-қатынасының принциптерін қайта қарап, оларды жаңа деңгейде жасау қажеттілігі.
Сенімдік қарым-қатынас – бұл принцип ата-аналардың педагогтің кәсіби және мәдени біліктілігіне, оның отбасы тәрбиесінің мәселелерін түсініп, шешуге атсалысу қабілетіне сенімдері.
Эмансипация – ата-аналардың қалыптасқан көзқарастан арылулары яғни, баланың өзін-өзі тану тілегін ояту.
Ата-аналардың тұлғалық қызығушылықтары –балалармен қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекетті дұрыс орындауға көмектесетін тұлғалық ынтымақтастық.
Ата-аналардың өзіндік бағаларын бекіту – тек өздерін құрметтейтін ата-аналар ғана еркін тұлғаны тәрбиелей алады (әрбір ата-анаға құрмет, оның жеке тұлғалылығын мойындау; ата-аналарды сынаудан бас тарту, оларға қолдау көрсету).
Ата-аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы – Бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Халық арасында қазақ халқы өз үй ішін «Отбасы» деп атайды, бұл тек ошақ басы мағынасын ғана емес,Отанның ошағы түсінігін білдіреді. Кезкелген адам үшін отбасы, туған жері,үйі, елі, мемлекеті, діні мен тілі – бұл оның Отаны. Халық арасында ежелден «Отбасы – өмір тұтқасы» деген ұғым бекіген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет