1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет18/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
16.Отбасымен жұмыстың нысандары мен мазмұны.


1. Баланың отбасына бару.Сынып жетекшісі отбасына бармас бұрын
міндетті түрде мақсат қоюы керек, мысалы: отбасымен танысу.
2. Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Отбасы мүшелерінің араларындағы қарым-қатынасты зерттеу, сынып жетекші үшін өте маңызды. Отбасына бармас бұрын бұл жөнінде ескерту керек.
3. Ата-ананы мектепке шақырту.Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай-ақ ата-аналар түрлі шараларға, тәрбие сағаттарына қатысуы үшін де шақырылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есік күндері өткізіледі.
4. Ата – аналар жиналысы.Ата-аналар жиналысында тәртіп пен
үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұрғысында болуы керек.
5. Педагогикалық білімдер университеті –бұл ата-аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Ол ата-аналарды педагогикалық мәдениет негіздерімен, жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, мектеп, қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет етуге үйретеді. Университет бағдарламасын педагог құрастырады. Университеттегі сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, конференция, т.б.
6. Баяндама - тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізінанықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру формасы. Жақсы баяндамашы-ата-аналардың қызығушылықтарын, мәселелерін білетін мұғалім, тәрбиешінің өзі. Баяндамадағы басты нәрсе – тәрбие құбылыстарына, жағдаяттарға ғылыми талдау.
7. Ашық сабақтар: Ата-аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ашық сабақтар көбіне бастауыш мектептерде өткізіледі. Ата-аналарға тоқсанына 1 – -2 рет ашық сабақтарға қатысуға мүмкіндік беру керек. Бұл қазіргі мектептердегі оқу іс-әрекетінің барлық ерекшелігі мен күрделігін түсінуге мүмкіндік береді. Көптеген мектептерде ата-аналар сыныптан тыс жұмыстарға жиі қонақ болады. Бұл спорттық шаралар «Әкем, шешем және мен», «8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған көгілдір от», т.б. мұндай шаралар ата-аналарға, өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі.
8. Педагогикалық пікірталас: Педагогикалық мәдениетті көтерудің, ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Сондықтан тақырып, әдебиеттер бір ай бұрын берілуі керек. Пікірталастың маңызды бөлігі – талқы. Пікірталастың негізгі принципі, кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау. Пікірталас тақырыбы мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?», т.б.
9. Рөлдік ойындар. Ата-аналардың педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-ірекет. Ата-аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыптары әртүрлі болады: «Таңертең сіздің үйде», «бала мектептен келді», «Отбасы кеңесі», т.б.
10. Ата-аналармен өткізілетін конференциялар.Белгілі бір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.
11. Ата-аналар комитеті мектепішілік болып және әрбірсыныпта сайланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет