Қозғалушылық ойындар: Қозғалушылық ойынды таңдауы жыл мезгіліне,ауа райына,ауа температурасына байланысты болады. Суық күндері серуендеуді жүгірумен. лақтырумен,секірулермен байланысты көп қозғалуды талап ететін ойындармен бастау мақсатқа лайық болмақ. Көңілді және тартымды ойындар балаларға суық ауа райына жақсырақ көндігуге көмектеседі. Ылғалды, жауынды ауа райынды (әсіресе көктем мен күзде) үлкен кеңістікті талап етпейтін, аз қозгалыс жасалатын ойындар ұйымдастырған жөн. Секірулермен, жүгірумен, лақтырумен, тепе-теңдікті сақтау жаттығулармен байланысты ойындарды көктем,жаздағы жылы күндерде және ерте күзде өткізу қажет. Серуендеулер кезінде заттармен ойналатын сюжетсіз халықтын ойындар:сақинаға лақтыру,кегли,асық кең пайдаланылуы мүмкін. Ыстық ауа райында сумен ойнайтын ойындар өткізіледі. Серуендеуде міндетті түрде қозғалушылық аз және көп болатын 2 ойын өткізіледі.
Балалармен жеке жұмыс: Серуендеулер кезінде тәрбиеші жеке жұмыс жүргізеді: доппен ойнауды,нысанға лақтыруды, тепе-теңдік жаттығуларың,түбіртектен секіріп өтуді,ағаштардан аттап өтуді, төбешіктерден жүгіріп түсуді ұйымдастырады. Жұмыс жүргізілетін баланың ұсынылған тапсырмалардың қажеттігін түсінуі және олардын ниеттене орындауы қажет.
Балалардың дербес қызметі:С еруендеу кезінде балалар табиғатпен етене жақындықта болады,олар маусым мен ауа райы жағдайларына бейімделеді, бұл балалар ойындарының мазмұнына әсер етеді. Қыста дене шынықтыру жаттығулары:шанамен, төбешіктен,мұз жолшықтармен сырғанау, құрылымдаушы ойындар басым болады. Құрылымдаушы ойындар үшін балалар қарды, алдын ала тәрбиешімен бірге дайындалған түрлі-түсті мұзшаларды кеңінен пайдалагады. Жазда балалар әр түрлі табиғи материалмен: тастармен, жаңғақтармен, жапырақтармен, кұммен, сумен рахаттана ойнайды.
21.Педагогикалық негізгі ұғымдар Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.
Даму - бұл адамдарда жүріп жататын сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму үдерісі тұрақты да үздіксіз өзгерістермен, бір жағдайдан екінші жағдайға өту, қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғары деңгейге ауысулармен байланысты келеді.
Тәрбие – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да саналарының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі.
Білім беру – ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту – адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысы.
Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Ол көзделген мақсатқа орай нәтижелі білім, ептілік, дағдыларды игеру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарынымен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарылымды мұғаліммен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпал әрекеттер жүйесі.