24.Балабақшадағы күн тәртібі, оның маңызы мен міндеттері
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі - күн тәртібі.
Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті күн тәртібі.
Балалардың денсаулығы және денесі дұрыс дамуы үшін күн тәртібінің маңызы зор. Баланың тамақтанатын, ұйықтайтын, серуенге шығатын, ойнайтын және оқу қызметінің әрдайым біркелкі болуы - дұрыс тәрбиелеудің міндетті шарты.
Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі:
Балалардың жас ерекшелігін ескеру(жасына қарай қимылдарының өзгеруі)
Балалардың психикалық даму дәрежесі;
Балалар денсаулығы;
Күн тәртібінің тұрақтылығы;
Жыл мезгілдері ерекшеліктері;
Балалардың бақшада болу уақыты;
Ата-аналардың жұмыс уақытына
байланысты құрылады.
Күн тәртібіне сергіту, ұйықтау, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әртүрлі еңбекті ұйымдастыру жатады.
Балабақшада тәулік бойы болатын балалар топтарының күн тәртібін құрудың өзіндік ерекшеліктері:
жалпы бағдарламалық талаптарға сүйену,
тәрбиеленушілердің балабақшада болу уақытының ұзақтығы,
жүргізілетін шынықтыру және тәрбие шаралары,
жеке-дара жұмыстар,
оқу,
мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптастыру,
сабақ, серуен мерзімі ұзартылады.
Күн тәртібін жасаудың ұстанымдары:
баланың ұйқысын, сергектігін, іс-әрекетін, демалысын дұрыс ұйымдастыру;
күнделікті өмірде, түрлі қимыл-әрекетте жұмсалған күшін қалпына келтіру, баланы аса көп шаршаудан сақтандыру;
тамақтану мезгілін ас қорыту органдарының және ішкі секреция бездерінің қызметіне сәйкес ұйымдастыру;
ойын, еңбек, серуен, оқу тәрізді күнделікті іс-әрекет түрлерін, демалыс кезеңдерінде серуен, ұйқы, бой жазу әрекеттерін дұрыс алмастырып отыру;
таза ауада болу мерзімін белгілеу
Тамақтанудың, ұйықтаудың, серуенге шығудың кешіктірілуі балалардың жүйке жүйесіне қолайсыз әсер етеді. Олар:
енжар болады немесе керісінше, тынышсызданады,
қырсыға бастайды,
тәбетінен айырылады,
ұйықтауы нашарлайды және мазасыз ұйықтайды.
Сондықтан күн тәртібінің тұрақты болғаны дұрыс. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші.Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балаларды күн тәртібін:
орындауға үйретеді
қадағалайды
әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
Бала белгілі бір күн тәртібіне бірден көндігіп кетпейді: мұнда тәрбиешілер мен ата-аналардан үлкен ұстамдылық пен төзімділік талап етіледі. Бұған қоса баланың тек жасына қарайғы емес,
жеке ерекшеліктерін,
олардың бұдан бұрынғы өмір тәжірибесін,
денсаулығы
жүйке жүйесі жағдайын ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |