1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады



бет44/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады: 
– «қазақ» сөзі «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан; 
– «қазақ» сөзі «ерікті адам» деген мағынаны білдіреді. 
26.Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері мен ерекшеліктері.
Қазақ жүздерінің пайда болуын сонау Алтын Орда заманынан іздеушілердің көш басында Құрбанғали Халид тұр. Ол көшпелілерлі үш жүзге бөлген Жәнібек хан екенін айтады.
Қазіргі таңда өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің маңызы туралы қозғалып жүрген сөз көп. Қалыптасқан ұлт болмаса, ұлтжандылықтың керегі қанша? Ал ұлтты қалыптастыру үшін халықтың тарихи жадын сақтаудың орны бөлек. Ұлт дегеніміз – қазақ, қазақ дегеніміз – үш жүз ғой. Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен және этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайына орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп қазақ жүздерінің тарихын зерттеудің ұлттық маңызын ашып берген болатын.  
«Қазақ жүздері» – өте ауқымды тақырып. Оның аясында анықтауды қажет ететін мәселелер де баршылық. Соның ішінде біз бүгін қазақ жүздерінің пайда болу уақытын анықтауға талпынбақпыз. Ол үшін отандық тарихнамада орын алатын тұжырымдарды тізгіннен өткіземіз. «Қазақ жүздерінің» пайда болу уақытын анықтауға ат салысқан зерттеушілердің негізгі тұжырымдарын бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: жүздердің пайда болуын тарихта ертеректе Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттердің үшке бөліну тәжірибесіне сүйеніп ерте мерзіммен белгілейтіндер; қазақтардың үшке бөлінуін Хақназар ханның атымен байланыстыратындар; жүздердің пайда болуын Алтын орда мерзіміне жатқызатындар және нақты дерек мәліметтеріне сүйеніп жүздердің пайда болу мерзімін Қазақ хандығының қалыптасуынан кейін орын алған құбылыс деп тұжырымдайтындар. Олай болса біз жүздердің пайда болу уақытына байланысты ой түйген зерттеушілердің пікірлерін жүйелілік және мерзімдемелік принциптерді ұстана отырып талдау жасап көрейік.
Тақырыбымызға қатысты айтылған пікірлердің ішінен алдымен қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын ең ерте датамен белгілейтіндерден бастауды дұрыс көріп отырмыз. Олардың қатарында құрметті орын алатын - Х. М. Адильгереев. 1951 жылы жарияланған «История оброзования казахского народа» атты мақаласында, автор қазақ халқының қалыптасу процесі қазақ жүздерінің қалыптасуынан басталатындығын айта келіп, ең алғаш үйсін одағының негізінде б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүз қалыптасты дейді. Сонымен бірге Масудидің оғыздар Х ғасырда үшке, яғни үлкен, орта және кіші ордаларға бөлінді деген мәліметін алға тартып, оны В. Радловтың «гуз» сөзі «юз», «жуз» деген мағына білдіреді деген пікірімен дәлелдеуге тырысады да: «Таким образом, государство ІХ-ХІІ веков со сталицей в г. Саганаке на Сыр-Дарье состояло из трех главных частей или племенных союзов, называвшихся старшим, средним и младшим жузами. Поэтому мы имеем основание сделать вывод, что три жуза, из которых сложилась казахская народность, существовали уже в ХІІ в.» деп өз ойын қорытындылайды [2.85]. Автордың мұндағы Ұлы жүз б.з.б. ІІ ғасырда қалыптасты деген пікірімен келісетіндер де жоқ емес. Мысалға, Н. Мыңжан б.з.б. ІІІ ғасырда һұндардың батыс жағында өмір сүрген Ұлы Йозыларды қазақтың ұлы жүзіне теңейді: «жазба жылнамаларда олардың аты «ұлы йосі», «ұлы йозі», «ұлы жүз» түрінде кездеседі. Кейін келе бұлар «ұлы йозі» және «кіші йозі» деп екіге бөлінген. Ежелгі хансу тілінде жазылған бұл ұлыстардың атын «ұлы иұз», «кіші иұз» (ұлы жүз, кіші жүз) деп оқуға да болады» [3.58], У. Шәлекенов та өзінің «Қазақтың жүзге бөлінуі» атты мақаласында қытай деректеріндегі «ұлы және кіші йозілерге» сүйеніп қазақтардың ұлы жүзі мен кіші жүзі антикалық заманда өмір сүрген деген тоқтамға келеді. С.А. Аманжолов қазақ жүздерінің шығуын VІІ-ХІ ғасырлар еншісіне жатқызып, олардың осы аймақта тайпалық одақ құрып, өздерін-өздері қорғаған деген тұжырымға келген. Жоғарыда келтірілген пікірлер мен болжамдарға қарағанда, С.А. Аманжолов жүздердің шығу төркінін әріден бастағанын және олардың бөлінулеріне табиғи-географиялық жағдайдың үлкен әсер еткеніне тоқталған. Заманауи тарих беттерінде мұндай болжамдар, яғни жүздердің этникалық бастауларын сақтардың, ғұндардың, түріктердің дәуірінен іздейтін гипотизалар көп кездеседі. Зерттеушілер қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрген ерте тайпалық бірлестіктер мен мемлекеттердің әкімшілік жүйесінде үшке бөліну фактісін анықтап, қазақ жүздері сол ғасырда құрылған немесе сол дәуірден бастау алатынын айтады. Қазақтың жүздік құрылымын сонау Сақ дәуірінен бастап қарастыратын пікірдің иесі Заур Гасанов. Ол Геродоттың төртінші кітабындағы мына оқиғаны: «Тарғытайдың Липоксаис, Арпоксаис, Колаксаис атты үш ұлы бар екен. Олар билеп тұрған кезде Сақ жеріне аспаннан алтын соқа, кісен, саптаяқ және айбалта түседі. Ұлдардың үлкені оны алғаш көріп жетіп барса, әлгі заттар шаң-тозаң болып ұшып кетіпті. Ортаншы ұлына да сөйткен... Алтын заттар кішісінің қолына түсіп Колаксаис Сақ еліне хан болыпты... сақтардың жері кең болғандықтан Колаксаис елін үш ұлына бөліп беріп, алтын сақтаған бөліміне аталық жолын беріпті» негізге алып, осы үштікті қазақтың жүздік жүйесінің бастауы деп есептейді.
Қазақ жүздерінің пайда болуын сонау Алтын Орда заманынан іздеушілердің көш басында Құрбанғали Халид тұр. Ол көшпелілерлі үш жүзге бөлген Жәнібек хан екенін айтады. Қазақ жүздерінің пайда болуына байланысты осы кезеңді қолдайтын Ш. Уәлиханов пен М. Тынышпаевтың да ойлары бір жерден шығады. Ш.Уәлиханов жүздердің шығуын Алтын Ордадағы «аласапыран» кезеңімен байланыстырады. Ал М. Тынышпаев бұл гипотизаны тереңдете түседі. Ол өзінің «Материалы к истории киргиз-казахского народа» атты зерттеуінде ел ауызында тараған қазақ халқы үш жүзге Хақназар ханның тұсында бөлісті деген әңгімесіне, дәлелдің болмауына байланысты сене алмайтындығын айтады. Өйткені қоңырат пен найман рулары қазақ хандығына тек Есім ханның тұсында қосылғанын алға тартып, қазақ жүздері әлдеқайда ерте, Бату ханның тұсында қалыптасты дейді. Оның үлкен ұлы Орда Еженнің Ақ ордасының негізінде қазақтың Ұлы жүзі құрылса: «По Лен-Пулю-Стенли, поминальной главой улуса Джочи считался старший сын Джочи Орда-Ежен занимавшая восточную часть Улуса: это – старшая линия. В нее входили джалаиры, канлы, другие более мелкие роды – это Старшая Орда», Жошының кенжесі Тоқай Темірдің жерінде Кіші жүз: «Самому младшему сыну Джочи Токай-Темиру достались Кавказ и Крым, откуда собственно и вышли первые казаки или ногаи, главную массу которых составляли алчины. Местность еще западнее Крыма принадлежала Моголу... Таким образом, на западе утвердилась младшая линия – это Младшая Орда», ал осы екі ұлыстың арасындағы территорияда Батый мен Шейбактың ортаңғы ұлдарының иелігінің орнында Орта жүз құрылған: «в промежутке между владениями Орда-Ежена и Токай-Темира находились владения средних сыновей – Батыя и Шейбака, а по смерти последнего батыевца остался дом только Шейбака. На этом пространстве кочевали кыпчаки, конраты, мангыты, ширины, барины – Это Средняя Орда» деген өзінің тұжырымын алға тартады. Бүгінгі таңда қолымызда бар деректерге сүйеніп, біз алдымыздағы ақпаратқа күмән келтіреміз, себебі ешбір дәлел де жоқ, алайда бұл мағлұмат мәселенің тарихнамасында белгілі орын алмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет