1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Түрік қағанатының қалыптасуы, құрылымы және саяси тарихы



бет10/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

8.Түрік қағанатының қалыптасуы, құрылымы және саяси тарихы.
Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. 542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

Б.з. VI ғасырларынан бастап Қазақстан территориясында «Түркі кезеңі» басталады. Алайда, түріктердің Қазақстан мен Орта Азияда пайда болуы бұдан да ертерек екені сөзсіз.


Ең алдымен «түрік» терминінің шығу барысын, мәнін ашуымыз керек. Бұл атаудың шығуы жөнінде бірнеше пікірлер бар. Кейбір авторлар бұл атауға «батыл, ұлы», ал Шакәрім Құдайбердіұлы бұл атауды «бас киім» деп түсіндіреді. Мағынасы жағынан түркі термині тілдік және этникалық, мәдени жағынан бір-біріне ұқсас көптеген этникалық топтардың бірлігі деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып түркі халықтары тілдік жағынан туыстас, тамырлас, сонымен қатар фонетикалық жағынан бір – бірінен айырмашылығы бар этностар екендігін атай аламыз.
I ғасырлардың басында түріктер анторпологиялық және этникалық жағынан жақын болғанғандығын аңғаруға болады. Ішкі Еуразиядағы ұлы қоныс аудару барысында көптеген түркі халықтары бір бірінен айырмашылығы ерекшелене бастады. II мыңжылдықтың бас кезінен бастап тілдік бірлік қалыптаса бастады. Қазақстан территориясындағы түркі дәуірі айтарлықтай уақыт аралығын қамтыды яғни VI ғасырдан басап –XII ғасырлар аралығын қамтыды. Осы уақыт аралығында Қазақстан территориясында қазақ халқының қалыптасуына және басқа да аймақтарда халықтардың қалыптасуына әсер еткен негізгі тайпалар түркі тайпалары.
Алғашқы түрік мемлекеті ол «Түрік қағанаты» (551-630 ж.ж.). 551 жылы Бумын қаған титулын алады. Муқан, Естеми қағандар тұсындағы соғытар кезінде 558 жылы түріктер Еділден Хангар тауларына дейінгі террриторияны өздеріне қаратып алды. Түріктер өздерінің географиялық және стратегиялық жағынан Иран және Византия сияқты елдермен одақтаса отырып, Еуразиядағы дамыған, ірі мемлекеттерге қарай ұмтылды.
582 -583 жылдардан бастап Қытайдағы билік етіп отырған династиялық биліктің алмасуы, өзара қырқыстар, жұтқа байланысты қағанат құлдырай бастады. Ал 603 жылы қағанат екі бөлікке бөлініп кетті. Батыс және Шығыс қағанат болып бөлінді.
Б.з. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. Олар: 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет