"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 09.02.2015 жылғы заңы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы
56. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 09.02.2015 жылғы заңы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасындағы "мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңды талдау ҚР "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңы өзгерістер мен толықтырулармен 2015 жылғы 9 ақпанда жарияланды. Заң 5 тараудан, 31 баптан тұрады.
1-тарау: Жалпы ережелер 4 баптан тұрады:
1) негізгі ұғымдар – жас маман, жас отбасы, Жастар, жастарға арналған инфрақұрылым, қызметтегі жастар, Қазақстан жастары, мемлекеттік жастар саясаты, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, жастар форумы. Жалпыланған түрде бұл тарау кіріспе ретінде қарастырылады.
2) Жастар саясаты саласындағы заңнамалар – нормативтік-құқықтық актілермен мен Конституцияға негізделген жастар саясаты Заңынан тұрады;
3) Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттарын құрайды. Мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
4)Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары – 1)қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту; 2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру; 3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау; 4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау; 5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; 6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу; 7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу; 9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
2-тарау:Mемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясаты саласындағы құзыреті. 2-тарау 5-19 дейінгі баптарды құрайды. Бұл тарауда қажеттілікті іске асыруға керек болатын құзыреттіліктері сипатталып жазылған.