1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Ресейдің I-II Мемлекеттік Думасының қызметіне қазақтардың



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
6. Ресейдің I-II Мемлекеттік Думасының қызметіне қазақтардың 
араласуы. 
Ресейдің Мемлекеттік Думасына қазақтардың қатысуы, біздің саяси сана – 
сезіміміздің біршама өсіп, алға басқанын көрсетеді. 
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. 
Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі 
демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі 
революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері 
саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік 
Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ 
халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының 
өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты 
мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді. 
1905 жылы тамыз айында II Николай патша Ресейде болған революциялық 
күштердің қысымының әсерінен империяның заң шығарушы және өкілетті 
органы болғандықтан Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойған 
болатын. 


Алайды, ол манифестте Мемлекеттік Думаға Ресейдегі бірқатар халық, оның 
ішінде Орта Азия халықтары сайлауға қатыса алмады және сайлай да 
алмады. 
Сайлау басталатын уақыттан бастап, қазақ халқын «бұратана, қаңғыбас 
халық» деп танып, жергілікті органдар сайлауға мүлде қатыстырмайды. 
Бұл шешім қазақсардың арасында ашу-ыза тудырады. Сондықтан да, 
өздерінің өкілдерін сайлауға қатыстыруды батыл түрде талап етеді. Бұл 
қарсылық өлкенің бүкіл аймағына таралып, қатты шу болған соң, патша 
үкіметі халықты тыңдап, құлақ асуға мәжбүр болады. Нәтижесінде, қазақтар 
Думаға сайланатын болып шешіледі. 
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға: 
Торғай облысы
– Ахмет Бірімжанов; 
Уфа
– Сәлімгерей Жантөре; 
Орал облысынан
— Алпысбай Қалменұлы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет