бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау
және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма
жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары
"Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды.
"Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған
Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек
тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев
қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған.
"Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция)
қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген.
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ
заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды
патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек.
Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға
қосылған.
Достарыңызбен бөлісу: