12.Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда
бағалануы М.Х.Дулати
.
Белгілі ғалым Немат Келімбетовтың пайымдауынша жанрлық тұрғыдан
келгенде«Тарих-и Рашидиді» ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың
шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды
деуге болады:
1.«Тарих-и Рашиди — көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек,
үнді тілдерінде жазылған, есімдері әлемге мәшһүр Шығыс пен Батыс
ғұламаларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми
еңбек.
2.Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,
ауызша айтылып келген тарихи деректерді, аңыз-әфсаналарды, хандар мен
сұлтандардың генеалогиясын (ататегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре
кітап деуге болады.
3.Қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем
туынды ретінде таныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған
шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып,
бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға
айналдырып жіберетін болған.
Бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап. «Тарих – и Рашиди»
негізінде жүз жыл ішінде (1450–1546) болған оқиғаны суреттейді. Бұл кез
бұрынғы Алтын орда мен Шағатай ұлысының әбден ыдырап, оның орнына
жеке хандықтар құрыла бастаған кез. Мұ- хаммед Хайдар «Тарих– и
Рашиди» кітабында осы Шағатай ұлысы мен Алтын орданың қалай азып-
тозғанын суреттеп, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси
тіршілігін баяндайды.
М.Х. Дулати қазақ қауымының ең алғаш ұйымдасуы туралы былай деп
жазады: «Әбілқайыр хан Дешті–Қыпшаққа түгелдей билігін орнатқан кезде
Жошы әулетінен шыққан кейбір тіміскішіл сұлтандар одан келер бір пәленің
исін сезіп қалып, оны орнынан тайдырмақ болды. Керей хан, Жәнібек сұлтан
сияқты кейбір сұлтандар мен басқалар аз ғана топпен Әбілқайыр ханнан
қашып, Моғолстанға келеді. Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі
Есенбұға ханға жеткен еді.Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға
Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс
тапты. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты.Әбілқайыр хан дүние салғаннан
кейін өзбектердің ұлысында алауыздық пайда болды. Әркім мүмкіндіктеріне
қарай қауіпсіз һәм дұрыс өмір сүру үшін Керей хан мен Жәнібек ханды
паналады, олар осылай күшін нығайтты. Басында өстіп елден қашып,
олардан бөлініп жырылып қалып, біраз уақыт тарығып әрі сергелдеңде
болғандықтан, оларды «қазақ» деп атады. Бұл лақап ат қазақтарға осылай
таңылды.
«Тарих-и Рашидиде» қазақтың алғашқы хандарының көрші елдермен қарым-
қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы —
Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы — Қасым хан, т.б. туралы құнды
деректер бар: «Керей хан қайтыс болғаннан кейін хандық таққа оның ұлы
Бұрындық хан отырды... Қасым хан Жәнібек ханның баласы болатын әрі
әкесі сияқты барлық іс жағынан Бұрындық ханды тыңдап, соған бағынатын
еді. Керей ханның Бұрындық ханнан басқа да көптеген ұлдары болған.
Жәнібек ханның да Қасым ханнан басқа балалары бар-ды. Соның бірі Әдік
сұлтан-тын. Жүніс ханның төртінші қызы Сұлтан Нигар ханымды Мырза
Сұлтан Махмұд бин Сұлтан Әбу Саид мырза қайтыс болған соң, Әдік
сұлтанға берді. Ташкент ойрандалған кезде Әдік сұлтан Шаһибек ханның
әскерінен қашып шығып, қазақтарға кірді. Сұлтан Нигар ханым да оның
соңынан ілесті. Әдік сұлтан көп ұзамай дүние салды. Содан Сұлтан Нигар
ханымды Қасым хан некелеп алды. Әдік сұлтаннан кейін Қасым хан билікке
қол жеткізді. Сөйтіп, Бұрындық ханға хандықтың атынан басқа ештеме
қалған жоқ. Ең ақырында Қасым хан Бұрындық ханды қуып жібереді.
Сонымен, Бұрындық Самарқанға кетіп, жат өлкеде өлді.
«Тарих-и Рашидиде» ой бөлетін нәрсенің бірі — Қасым хан дәуіріндегі
(1443–1520) қазақ халқының әлеуметтік шаруашылық күйі. Бұл мәселені
Мұхаммед Хайдар көбінесе Қасым хан атымен байланыстыра айтады.
Өйткені ол қазақ халқының өсіп-өнуіне үлкен қамқорлық еткен адамдардың
бірі болды. Бұл жөнінде Хайдар Дулати былай дейді: «Саид хан да Ахсиге
оралды әрі Фергана уәлаятының қамалдарын бекемдеп, қазақтарға қарай бет
алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Мен
ол сапардан сырқаттануыма байланысты қалып қойдым.Хан жолға шығып,
Моғолстанның мәшһүр жері — Шуға (Жудке) келіп жетті. Қасым ханның сол
уақытта жасы алпыстан асып, жетпіске таяп қалған кезі. Ал ханның
қылшылдаған шағы болатын — жасы отызға жете қойған жоқ еді. Әзірше
талай қажет деген жерге жаяу жүріп жететін. Қасым хан жасының ұлғаюына
байланысты ханды қарсы ала алмайтынына кешірім өтініп, Жошы әулетінен
тараған кейбіреулерінің жасы елу мен алпысты алқымдап қалған отыз-қырық
сұлтанды, солардың ішінде Жаныш хан, Таныш хан, Мамаш хан, Жан
Хайдар сұлтан, Қарыш сұлтан және тағы басқаларға тізе бүгіп құрметпен
қарсы алсын деп бұйырды. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас
жағынан [Саид] ханнан көп үлкен болатын. Олар тізе бүккен кезде хан
орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі де тізе бүккен уақытта хан өз
орнына отырып, сәлемін қабылдады. Қасым хан Сайд хан алдына келгенде
жылы жүздесіп құрметтегені сондай, хан өмірінің соңғы сәтіне шейін оның
кішіпейілділігін ұмытқан емес. Әрқашан сырласа қалғанда хан оны еске
алып, «Алланың нұры жаусын оған»: Қасым хан асқан мәрт адам болған деп
отыратын және онымен қалай танысқанын баян ететін-ді.Мұхаммед Хайдар
Қасым ханның тәрбие беретін кемеңгерлік ісін суреттеумен бірге, оның
саясатқа жүйрік адам болғанын да баяндайды: «Қасым хан Дешті–Қыпшақты
түгелдей өзіне қаратып алғаны соншалықты Жошы ханнан кейін ешкім де ол
сияқты мұндай билікке қол жеткізген емес. Мысалы, әскерінің саны мың-
мыңнан (миллион) асатын еді».Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Қасым
ханнан кейін қазақ қауымы зор апатқа ұшырайды. Бұларды, бір жағынан
өзбектер мен Рашид ханның бірлескен күші әлсіретсе, екінші жағынан —
халық бұқарасы Тайыр мен Мамаш сияқты тоғышар хандардың
басшылығына разы болмай, тоз-тоз бола бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |