1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


№36 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан



Pdf көрінісі
бет51/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
№36 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан 
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, Қазақ еңбекшілері бейбіт 
құрылысқа қайта оралды.Соғыс Қазақстан экономикасына үлкен зардабын 
тигізді.Өнеркәсіп өнімдері, әсіресе қарапайым халыққа қажет тауарларды 
өндіру төмендеді.Еңбек ресурстарынының проблемасы туындады.Ауыл 
шаруашылығының материалдық- техникалық базасы әлсіреді.1946 жылы 18 
наурызда қабылданған төртінші бесжылдық жоспар бойынша аудандарды 
қалпына келтіру, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын соғыстан бұрынғы 
нәтижеден де асыруға, экономиканың өрге басуына үлкен көңіл 
бөлінді.Республикада ауыр индустрияны, сонымен бірге жеңіл өнеркәсіптіі 
тоқыма өнеркәсібін дамыту алға қойылды.Төртінші бесжылдықта бүкіл елде 
өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өседі деп 
белгіленсе, Республикада 2,2 есе өседі деп болжанды.Төртінші бесжылдықта 
әсіресе қара металлургия, түсті металлургия ойдағыдай 
дамыды.Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауыты, Ақтөбе 
ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі қосылды.Өскеменде қорғасын-
мырыш комбинаты өз жұмысын жалғастырды.Ол 1947 жылы алғаш реет 
мырыш берді.Сонымен бірге Жезқазғаш мыс балқыту комбинаты, Текелі 
қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент,Риддер қорғасын зауыттары жұмыс 
жасап жатты.Көлік пен теміржол қатынастары одан әрі күшейді.Теміржол 
құрылысына көп қаржы бөлінді.1950 жылы 438 шақырымы Мойынты-шу 
теміржолының құрылысы одан әрі жүргізілді.Халық шаруашылығы үшін 
маңызы зор Ақмола-Павлодар теміржолының құрылысы жүргізілді.Темір 
жолмен жүк тасу 1945 жылмен салыстырғанда 1950 жылы екі есеге 
өсті.Республикада пошт жүйесі дамыды. Барлық аудандар телефонмен 
қамтамасыздандырылды.1949 жылы Алматыда АТС іске қосылды. Астана 
Одақтың 56 қаласымен байланыс орнатты. Радиоқабылдағыш пен радио 
нүктелерінің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе артқан болатын.Ауыл 
шаруашылығынынң материалдық базасы нығайтылды. 1950 жылға қарай 
шаруашылықтарда 50мыңнан астам трактор, 16 мыңнан астам комбайн, 
ондаған мың автомашиналар, шөп шабатын машиналар жұмыс 
жасады.Халық шаруашылығын қалпына келтіру еңбекшілердің тұрмыс 
дәрежесі өсуіне біраз көмегін тигізді. Сонымен қатар 1947 жылы эелтоқсанда 
ақша реформасы жүргізіліп, карточкалық жүйе жойылды.Қорытындылай 
келе, соғыстың Қазақстанға келтірген шығындары мен зардабы үлкен болды. 
Дегенмен қазақ шаруалары мен кеңес үкіметі арқасында аздаған уақыттың 
ішінде көп нәрсе қалыпқа келді.Соғысқа дейінгі жылдарданда халық жағдайы 
жақсы болды десем артық емес. 


Ауыл шаруашылығы арқылы күн көріп отырған халыққа соғыс жылдары 
техникалар ауадай қажет болды.Ол техникаларға 1950 жылдары қол 
жетті.Бірақ та бқлар техниканың басым көбі пайданылған, тозған ескірген 
техника болды.Сонымен бірге көптеген аудандар электр тогымен 
қамтамасыздандырылды.Селолық электр станцияларының қуаты төртінші 
бесжылдық аяғына қарай 2,8 есе өсті.Соғыстан кейінгі жылдарда біраз қазақ 
шаруаларының жағдайы жақсарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет