1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет49/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
 
 
 


34. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тыл қызметкерлерінің көрсеткен 
еңбегі. 
Ұлы Отан Соғысы майдарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіке жетуіне 
елде қалған еңбекшілер тобы өте үлкен сөмек көрсетті. Соғыстың алғашқы 
айларынан бастап Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеу, 
материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізіліп жатты. 
Сонымен қатар Республикамызға неміс фашистері әскерлері басып алған 
жерлерден кәсіпорындар көшіріліп алып келіне басталды. Бір ғана 1941 
жылдың екінші жартысында барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп алып келінді. 
Алматыға 34 кәсіпорын әкелінді, фабрика мен цехтардың жабдықтары 
орналастырылды. . Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды 
орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр мата өндіріс аудандары 
босатылып берілді. Кәсіппорындармен бірге көшіріліп алып келген 
жұмысшыларды да қазақ еңбекшілері кең пейілмен күтіп алды. Оларды өз 
туған бауырындай қара, қолдау білдіріп, керек кезінде көмек беріп отырды. 
Жұмысшыларды үймен қамтамасыз етіп, басқа да қажетті затармен 
қамтамасыз етуге ат салысып отырды. Республикаға бас аяғы 1.1 млн-нан 
астам адам көшіріліп әкелінді. Өнеркәсіп ошақтарында 1940 ж. 158 мың адам 
жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың адам жұмыс істейді. Олар соғыс 
жылдарындағы қиын сәттерде қиындықтардың барлығын елемей, ел үшін, 
жер үшін, жеңіс үшін аянбады. Соның арқасында Қазақстан мавйданның ең 
сенімді тірегіне айналды. Қазақстанда 1943 ж. қорғаныстық маңызы бар 
ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан жұмыс жасап тұрған 
кәсіпорындар өнім өндіруді одан ары арттыра түсті.
Қазақстанның қолхозшы шарулары соғыстың жеңіспен аяқталуына көп үлес 
қосты. Село еңбекшілерінің көмекшілері қала тұрғындары болды, 
Республика колхоз-совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы 
еңбек етеді. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар да өз 
еңбектерін көрсетті. Солардың бірі әйгілі тракторшы Паша Ангелинаның 
бригадасы. Оның бұл бастамасы ауыл механизаторлар тобынан үлкен 
қолдауға ие болды. Ол Батыс Қазақстан облысы, Теректідегі МТС-те жұмыс 
істеген Украина азаматшасы еді. Тағы бір сондай Украинаның даңқты 
қызылшасысы М.С.Демченко Жамбыл облысы, Талас өңірінде қант 
қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске шынайы шеберлігін көрсетті.
Ал енді өз еліміздің еңбекшілеріне тоқталатын болсақ. Тары өсірудің шебері-
Шығанақ Берсиев, атақты күішшілер-Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам 
сияқты үздіктерді, Астық өндірудің майталмандары-Мунира Сатыбалдинаны, 
Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды атап өтсек болады. Атақты тары 
«майталманы» Шығанақ Берсиев тарының қуаңшылыққа төзімді, жоғары 
өнімді әрі жергілікті ауа райына төзімді түрін ойлап табады. Ол 1942 жылы 


әрбір гектардан 175 ц өнім алса, 1943 ж бұл көрсеткіш 202 ц-ге жетеді. 
Қызылордалық күріш өндіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы әр гектардан 192 
ц дейін өнім алып, әлемдік рекордтық нәтижеге қол жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет