1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау


Класс объектілер жиынтығының абстракциясы түрінде беріледі.Мұндағы объектілердің бірдей қасиеттері бар және бірдей қызмет атқарады. Объект



бет10/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Ақпараттық ЖүйелерНегіздерінен Әдістемелік Нұсқаулық

Класс объектілер жиынтығының абстракциясы түрінде беріледі.Мұндағы объектілердің бірдей қасиеттері бар және бірдей қызмет атқарады.
Объект- объектіге-бағытталған программалауда класс экземпляры ретінде қарастырылады. Бірдей қасиеттері немесе бірдей функциялары жоқ болмаса, объектілер бір классқа жатпайды.
Жобалауда графиктік нотация қарастырылады:
1.”Мән-мағына байланыс” диаграммасы " (Entity-Relationship Diagrams, ERD)
2.”Функционалды модельдеу” диаграммасы (Structured Analysis and Design Technique, SADT)
3.”Деректер ағашының’ диаграммасы (Data Flow Diagrams, DFD).
5-дәріс. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы мен оның құрылымының негізгі үрдістері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының моделі. Каскад және спираль модельдері.
Ақпараттық жүйелерді құру қажеттілігі қасіпорынның қызметтерінің түбегейлі өзгеруіне, болмаса ағымдағы ақпараттық процесстерді модернизациялауға байланысты.
Ақпараттық жүйелерді құрудың алдында төмендегілерді ескерген жөн:

  1. Қандай мақсатқа жету үшін жүйені тұрғызу қажеттігін анықтау.

  2. Қандай мерзімге дайын болатынын көрсету.

  3. Жүйені жобалауды жүзеге асыруда қажетті шығындарды есептеу.

Ақпараттық жүйені жобалау көлемді, ұзақ уақытты алатын динамикалық процесс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жобау техникасын сатылап тұрғызуға негізделген.
Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы дегеніміз жүйені тұрғызу жөніндегі шешімдерді қабылдау мезетінен жүйе қызметін тоқтатқанға дейінгі стадиялар мен этаптар жиынтығы.
Ақпараттық жүйелерді тұрғызудың өмірлік айналымы мен мағыналық мәні әр түрлі ыңғайда бірдей және келесі стадиялардан тұрады.

  1. Талаптарды жоспарлау және талдау. Ағымдағы ақпараттық жүйелерді зерттеу және талдау, тұрғызылатын ақпараттық жүйелерге талаптарды анықтау, техникалық-экономикалық сипаттамаларды және техникалық тапсырманы рәсімдеу орындалады.

2. Жобалау. Бұл стадияға жабдықтаушы ішкі жүйелердің құрамын анықтау (модельдеу), ақпараттық жүйелердің техникалық жобасын рәсімдеу функциялары жатады.
3. Жүзеге асыру. Бұл стадияға программаларды құру, деректер қорын құру, қызметкерлер үшін жұмыс нұсқауын жасау, жұмыстық жобаны рәсімдеу функциялары жатады.
4. Ендіру. Қызметкерлерді оқыту, ақпараттық жүйелерді сатылап ендіру, қабылдау, өткізуді сынау жөніндегі актілерді рәсімдеу функциялары жатады.
5. Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі жайлы статистикалық мәліметтерді және жарнамаларды жинау, қателерді түзету, ақпараттық жүйелерді модернизациялауға талаптарды рәсімдеу функциялары.
Екінші және үшінші этапты көбінесе бір стадияға біріктіреді. Оны техникалық жұмыстық жобалау немесе жүйелік синтез деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет