1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Құбылтудың көркем шығармада қолданылуы



бет10/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
6.Құбылтудың көркем шығармада қолданылуы.
Құбылту. «Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп (грекшеиін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту,ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.»/1/
Құбылтудың түрлері: метафора, кейіптеу, астарлау, метонимия, синекдоха, кекесін, ұлғайту, кішірейту, әсірелеу, т.б.
«Әдеби тілдегі басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яки метафора (гр.-көшіру) - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту.
Әйнегі – күн, шатыры – аспан, Гималай – көктің кіндігі,
Кең дала … Төсі толқыған егін. Гималай – жердің түндігі.
Көлдері көкке, күмістер шашқан, (І.Жансүгіров)
Қазақстан - Республикам менің !
(Д.Әбілов)
Бірінші мысалдағы метафора Гималайды бірлесе көктің кіндігіне , бірлесе жердің түндігіне балап, әншейін бір жер атын қолма-қол заттандырып,тауға көл-көсір мағына берсе,екіншіде жер мен көктен, күн мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның республикаға деген махаббатына, мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген.
«Әуе дауылы толұындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен жартасқа лақтырды, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып,тозаңдай тоздырады».Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырылады.
Құбылтудың бұл түрі – кейіптеу. Мысалы, Абайдың «Қыс» өлеңінде қысқы табиғат құбылысын жанжы адам бейнесінде суреттеп көрсетеді:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
«Әсірелеу (грекше –күшейту) бейнелі сөз, өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі.
Мысалы:
Астындағы бурылдың
Астыңғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...
(«Қобыланды батыр»)
Әсірелеу ұлғайту (гипербола) түрінде де оған қарама-қарсы азайтып көрсету, кішірейту (литота) түрінде де кездесе береді.Ол кейде теңеу, метафора тәсілдерімен жымдасып та кете береді. Мысалы:
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты,-
деген жлдың алдыңғысы әсірелей теңеу де, соңғысы кішірейту. Сол сияқты:
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,-
дегенде де бас жағы әсірелей теңеу болып, одан әрі ұлғайту түріндегі әсірелеу қолданылады.»/2/
«Балаларға арналған халық поэзиясында әсірелеу көбіне өтірік өлеңдер мен күлдіргі өлеңдерде мол болады. Мұндағы өлең әңгімесінің мазмұны шындықтан аулағырақ тұрады. Балалардың ой сезіміне, қиялына әсер ету үшін қолданылады.
Бөденемен қайырдым бөлтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.
Өзгесі өтірік болса да осыным шын,
Бір шалды шыбын теуіп өлтіріпті.»/3/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет