1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет12/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

2. Тармақ. Өлең шумақтары тармақтардан тұрады. Әрине, бастауыш сыныптарда өлеңнің тармағы емес, өлең қатары деп сөйлейміз.
Көп аузынан түспейтін, 1-тармақ
Отан деген немене? 2-тармақ
Оның тұлға, түс кейпін, 3-тармақ
Достым, білгің келе ме? 4-тармақ
Өлеңнің әр тармағы төрт тармақты, жалпы толық өлеңде он алты тармақ бар.
Қазіргі қазақ өлеңдеріндегі шумақ пен тармақ түрлерінің кейбір түрлері төмендегіше болып келеді.
Бір бунақты тармақ:
Сылдырмақ/
Сылдырап,/
Бесікте /
Тұрады.//
Бөпешім/
Былдырлап,/
Сылдырмақ ұрады. //
(Ж.Смақов.)
Екі бунақты тармақ:
/ Жер дегдіді // көгерді ,/
/Жасыл барқыт // жамылып.//
/Бәйшешегі // түрленді,/
/Иіс майын // жағынып./ /
(Қ.Мұқышев.)
Үш бунақты тармақ:
/Таулардан // өзен ағар // сарқыраған,/
/Айнадай // сәуле беріп // жарқыраған.//
/Жел соқса, // ыстық соқса // бір қалыпта/
/Аралап // тау мен тасты // арқыраған. //
(Ы.Алтынсарин.)
З.Қабдолов:«Өлең туралы ілімдегі шумақ жайлы ұғымдардың бәрі шартты: өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудың керегі жоқ, ырғағына қарау керек», дей келіп, «Қазақ өлеңі – силлабикалық, яғни буынға негізделген өлең. Олай болса, буын мәселесі қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе», - депті [2, 267]
3. Бунақ. Бунақта - өлеңді оқу барысында дауыс құйылысы арқылы белгілі бір кідіріспен (паузамен) оқылатын жеке сөз, сөз тіркестері.
/ Көп аузынан // түспейтін,/ 2 бунақ
/ Отан деген // немене? / / 2 бунақ
/Оның тұлға,// түс кейпін, / 2 бунақ
/ Достым, білгің // келе ме? / / 2 бунақ
(Б.Ысқақаов)
/ Жазғұтыры// қалмайды // қыстың сызы,/ 3 бунақ
/ Масатыдай// құлпырар // жердің жүзі./ / 3 бунақ
/ Жан-жануар,// адамзат //анталаса,/ 3 бунақ
/ Ата-анадай //елжірер //күннің көзі.// 3 бунақ
(Абай.)
Өлеңнің әр тармағы екі бунақтан тұр.Жалпы өлең екі бунақты.Бунақтары әр түрлі (3 бунақты, 1 бунақты да ) өлеңдер де кездеседі.
4. Буын .Әрбір тармақтағы бунақ құрап тұрған сөздер мен сөз тіркестері буындардан құралады.
Балалар поэзиясына көбіне силлабикалық поэзияның әрбір жолы көбіне 3-4-8 буыннан артпайды. Ал санамақ сияқты өлеңдердің әр жолы екі-үш буыннан да құрала береді. Баланы эстетикалық тәрбиеге баулудың нақтылығы халық өлеңдеріндегі осындай ерекшеліктерге байланысты туады. Мұның өзі баланы әдемілік дүниесіне баулып, өмірді тереңірек түсінуге, адамдар санасындағы асыл мұраттарды нақтылы дамытуға көмектеседі.
Әрбір тармақтағы бунақ құрып тұрған сөздер мен сөз тіркестері буындардан құралады.
Көп ау-зы-нан түс-пей-тін, 7 буын
О-тан де-ген не-ме-не? 7 буын
О-ның тұл-ға, түс кей-пін, 7 буын
Дос-тым, біл-гің ке-ле ме? 7 буын
Өлеңнің әр тармағы жеті буыннан тұр. Жалпы өлеңнің әр тармағы жеті буынды.
Өлең сөздің өзіне тән ерекшелігі әрбір тармағындағы сөздердің буын санының бірдей болуында. Сонымен қатар буындардың қазақ тілінде көбіне бірыңғай жуан буынды не бірыңғай жіңішке буынды болып келіп үйлесім табатынында.
Қо – зы-лар-ды кө-ген-де, 7
Кө -ген-де де тү-ген-де! 7
Ы- ғын шы-ғын жоқ па (е) –кен? 8 (7)
Бү-йір-ле-рі тоқ па е-кен? 8 (7)
Өлең тармақтары 7 – 8 буыннан тұр. Соңғы екі тармақ 8 буынды. Кейде өлең тармағында бір буын өлшемнен артық кездесетіні болады. «Жоқ па (е) -кен», «тоқ па (е) - кен» деген жолдағы екі дауысты дыбыстың қатар келуі орфоэпияның заңдылығына сәйкес алдыңғы дауысты дыбыс айтылуда көмескіленеді.
Қазақ өлеңдері әр түрлі буынды болып келеді. Мысалы:
Он бір буынды өлең түрлері:
3 4 4
а) 4 – 3 – 4 = 11 /Ұқсайды // бар тыныштық // жер бетінде,/= 11 4 3 4
ә) 3 – 4 – 4 = 11 /Ұйқыдағы // сәбидің // келбетіне./ = 11
3 4 3
б) 4 – 3 – 4 = 11 /Ояту // былай тұрсын //рұқсат жоқ/ = 10
4 3 4
в) 4 – 4 – 3 = 11 /Ұйықтап жатқан // ұлымды // тербетуге./ = 11
(М.Мақатаев. )
Он буынды өлең:
а) 2 – 5 – 3 = 10
ә) 5 – 5 = 10


Тоғыз буынды өлең:
3 – 3 – 3 = 9


Сегіз буынды өлең: 5 3
а) 5 – 3 = 8 /Ертеңгі күннің // газетін/ = 8
5 3
ә) 4 – 4 = 8 /Көремін елден // бұрын мен./ = 8
5 3
/Күндегі осы // әдетім./ = 8
5 3
/Оқимын қызыл // іңірден./ = 8
(М.Әлімбаев)
Жеті буынды өлең: 4 3
а) 4 – 3 =7 /Ұшан-теңіз // қалың қар/ = 7
4 3
ә) 2 – 5 = 7 /Жерді басып // жабады/ = 7
4 3
б) 3 – 4 = 7 /Шұнақ аяз // жалаңдап/ = 7
4 3
в) 4 – 3= 7 /Екі санын // сабады/ = 7
(С.Сейфуллин)
Алты буынды өлең:
3 3
3 – 3 =6 /Көк бұйра // бір бұлақ/ = 6
3 3
3 -3= 6 /Тіл қатар // былдырап/ = 6
3 3
3 – 3 = 6 /Тастарды // ұрғылап/ = 6
3 3
3 – 3 = 6 /Ағады // құлдырап/ = 6
(Жаңылтпаш)


Ұйқас. « Ұйқас - өлең тармағындағы соңғы бунағының буын санының бірдей болып үйлесім табуы, ол үйлесімнің буын саны да бірдей болып, бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі.Өлең сөздің ұйқасы толымды, толымсыз ұйқас болып бөлінеді. Өзара қиыстырылған сөздердегі сәйкес дыбыстардың, әсіресе дауысты дыбыстардың бірдей немесе ұйқас болып келуі – ұйқастың жасалу шарты. Ұйқас тек қана дыбыс үндестігі емес, ол – сонымен қатар, бір немесе бірнеше буынның өзара үндестігі де. өлең ұйқасы бірімен - бірі қиыстырылған сөздердегі бір не бірнеше өзара сәйкес буынның дыбыс үндестігінен туады. Ұйқастың қанша буыннан құралатыны, буын ішінде қандай дыбыстардың өзара үйлесетіні қазақ өлең құрылысының аса маңызды ерекшелігі»./4/
Өлең ұйқасы балалар фольклорында ең тұрақты, ең басты роль атқарады. Ұйқас балалар өлеңінде жас өспірімдерге эмоциялық, эстетикалық, әсер алу үшін қызмет атқарады. Сөз нәрін, сөз асылын, оның терең тербелісін, даналық ойын бейнелі түрмен түсіндіруге көмектеседі. Сонымен қатар өлеңнің мелодиялық негізін құрады. Мелодиялық негіз ән сазын, әуен сазын тудырады. Сөйтіп, ана тіліміздің барша әуезін, әріп, нәзік белгілерін жан-жақты терең түсінуге, жақсы білуге талаптандырады.
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз балам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.
Жеті буынды осы өлеңдегі бастапқы екі жол өз алдына, соңғы екі жол өз алдына ұйқасып тұрғанмен, жалпы мақсаты бір-ақ нәрсені меңзейді. Онда әдемі ұйқас та, нәрестенің жанына нәзік сезіміне эстетикалық әсер ететін әдемі әуен сазы да, оған қойылатын талап та, тілек те қамтылған. Мұндай егіз ұйқасты өлеңдер баланы ойната, сергіте жүріп айтылады.
Қаз, қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай, құлын боп шаба ғой, -
дегендегі «тұр, жүр, шап, ал» деген негізгі етістіктерге «ғой» деген шылауды тіркестіру арқылы сөз күші, әуен күші баланы қимыл, әрекетке, қозғалысқа, талпынуға баулып тұр. Бұйыру жоқ, тілек бар. Балалар поэзиясындағы ұйқастар әуезділігі жағынан көбіне толық ұйқасты болып келеді. Ұйқас өлең тармағындағы соңғы буынның буын санының бірдей болып үйлесім табуы, ол үйлесімнің буын саны да бірдей болып, бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет