1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет6/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

6.Характер. «Характер (әдеби характер) – көркем шығармадағы кейіпкерлердің мінез-бітімі, ой-сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері. әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттпрдың қосындысы деп санамай, олардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн.реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп -өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды және осыған қоса оның өз ішкі диалектикасы болатынын да ескеру қажет.
Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез-құлқы, оның әрқилы кезеңдерде, әсіресе, адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой-өрісіне, сана-сезіміне байланысты.
Осыған орай әдеби шығармада характер күрес-тартыс үстінде, кейіпкердің іс-әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып, анық танылады. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі.әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін суреттеу арқылы, психологиясы, жан-дүниесі тікелей бейнеленуі, яғни мінез арқылы айқындалып, сондай-ақ, сырт-сымбатын, бой-тұлғасын, бет-әлпетін, сөйлеу ерекшелігін көрсету, яғни жанама мінездеу арқылы жан-жақты ашыла түседі.
4.Әдеби теориялық ұғым. Шығарма жанры
Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай. Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы
Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет